мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mir.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады) шағым қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның - атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
Ескерту. 4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің: www.mir.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
«Шағын көлемді кемелерді және
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
РУКОВОДИТЕЛЬ
______________________________БАСШЫСЫ
(уәкілетті органның атауы)/
(наименование уполномоченного органа)
_____________________________________
(Т.А.Ә. / Ф.И.О.)
кімнен/от ___________________________
(Т.А.Ә. / Ф.И.О.)
мекенжай бойынша тұратын/
проживающего по адресу
_____________________________________
(тұратын жері / место жительства)
Шағын
көлемді кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш Заявление
на государственную регистрацию (перерегистрацию) маломерного
судна
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тиесілі шағын көлемді кемені тіркеуге (қайта тіркеу) қабылдауды
сұраймын /
Прошу принять к регистрации (перерегистрации) маломерное судно,
принадлежащее________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде жеке жасалған кемелер туралы
мәліметтер / Сведения для судов индивидуальной постройки при
первичной государственной регистрации________________________________
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы, заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған
жылы, тіркелген жері, тел. / Название организации, юридический адрес
или Ф.И.О. физического лица, год рождения, место прописки, тел.______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН/БСН ИИН/БИН _____________________________________________________
Кеменің типі / Тип судна_____________________________________________
Кеменің № Судна______________________________________________________
Корпус материалы / Материал корпуса__________________________________
Ұзындығы/ Длина, м_______________ Ені/ Ширина, м ____________________
Борт биіктігі / Высота борта, м______________________________________
Шөгуі / Осадка: бос / порожнем ______________________________________
толық жүкте / в полном грузу ________________________________________
Жасалған жылы мен орны / Год и место постройки ______________________
Жолаушылар сыйымдылығы (адам) / Пассажировместимость (чел.)
________(жүксіз) / (без груза)
Жүк көтерімділігі / Грузоподъемность_________________________________
Құтқару құралдары / Спасательные средства____________________________
Су ағызу құралдары / Водоотливные средства___________________________
Сигналды құралдары / Сигнальные средства_____________________________
Зәкірлік құрылғы / Якорное устройство________________________________
Өртке қарсы мүккәмал /Противопожарный инвентарь _____________________
Қозғалтқыш маркасы / Марка двигателя ________________________________
Қуаты /Мощность______________________ № _____________________________
Жасалған жылы және орны / Год и место постройки _____________________
Қозғаушы / Движитель: род___________ Саны ___________________________
Жүзу ауданы / Район плавания_________________________________________
Кеменің тұрақ орны / Место стоянки судна_____________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін / Согласен на использования
сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в
информационных системах.
«____»__________20__ ж/г
_______________________
(қолы /подпись)
«Шағын көлемді кемелерді және
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Көлік комитетінің
_________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық органының басшысы
________________________________
(Т.А.Ә)
________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған
жылы, үйінің мекенжайы, тел.)
Өтініш
Тиесілі шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден
шығаруды/шағын көлемді кемеге кеме билетінің телнұсқасын беруді
сұраймын _____________
____________________________________________________________________
мынадай себептер бойынша ___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруға немесе кеме
билетінің телнұсқасын беруге жүгінуге себеп болған негізді жазу
қажет)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
ЖСН/БСН _________________________
20__ ж. «____»__________
________________________
(қолы)
«Шағын көлемді кемелерді және
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3)....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә. _______________
Телефон _______________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызмет алушының қолы
20__жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
9-қосымша
«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді,
«өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
кеме куәлiгi және кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама - 7 (жеті) жұмыс күні;
кеме куәлiгiнің телнұсқасы – 2 (екі) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: кеме куәлiгi, кеме куәлiгiнің телнұсқасы және кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық / қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орны көрсетіле отырып, хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Кемелерді тіркеуден шығаруды қоспағанда, мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Өзен кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, кеме куәлiгiнің телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 15 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 7,5 АЕК;
3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін – алымды төлеу күні қолданыстағы 3,75 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесi:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
көрсетілетін мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруге өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмелерінің бірі (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады):
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;
мұраға құқық туралы куәлігі;
соттың заңды күшiне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
3) жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат;
кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
5) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің өтініші;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәлігі;
порталға:
6) ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады):
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері, мұраға құқық туралы куәлігі, сондай-ақ соттың заңды күшiне енген шешімі, кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
7) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
8) жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
9) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
өтініште айтылған фактілерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады).
Егер ұсынылған құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, осыдан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы электрондық өтінімді беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
Достарыңызбен бөлісу: |