Ісік антигендерінің қалыптасуының болжамды тетіктеріне жатады



бет3/4
Дата10.05.2020
өлшемі17,38 Kb.
#66949
1   2   3   4
Байланысты:
60 жастағы науқас әйел дәрігерге мынадай шағымдармен келді

2 Ситуациялық есеп

Науқас ми ісігі диагнозымен нейрохирургиялық бөлімшеге түсті. Науқасқа шұғыл операция жасалды.Операция барысында оң жақ жарты шардан ісік түйіні табылды,көптеген қан құйылулармен. Ісік ішінара жойылды, Ісікті микроскопиялық зерттеу кезіндеәр түрлі көлемдегі және формадағы жасушалар, алып жасушалар, жасушалардың цитоплазмасы ашық. Некроз және қан құйылу ошақтары анықталды.



1)ісік жасушасындағы иммунитеттің тежелу маңызын айтыныз

Жасуша бөлiну және оны реттеуге қатысатын iсiк тежеушi гендер, протоонкогендер және тағы басқа топты гендер әр жасушада кездеседi. Қатерлi iсiкке әкелетiн мутация жиi жағдайда тұқым қуалайды немесе канцерогендермен әсерленедi. Онкогендi вирустар табиғатта өте кең тараған, сондықтан жасушалардың қатерлi iсiкке айналуы  өте жиi кездесетiн жағдай. Iсiктiң клиникалық анықталу жиiлiгi мен оның аурудағы иммунды жүйенiң байланысын зерттегенде, онда қалыпты жағдайдағы иммунды жүйенiң жұмыс iстеуi көп жағдайда өзгерiп отырады. Клиникалық түрде iсiктiң бiлiнуi иммунды жетiспеушiлiк жағдайға тәуелдi, әсiресе жасушалық жүйенiң жетiспеушiлiгiне. Қалыпты жұмыс iстейтiн иммунды жүйе қатерлi iсiктердiң көбiсiн iсiк жасушалар белгiлi бiр мөлшерден аспаса (108 -109 ) жоя алатындығы дәлелденген. Егер қатерлi iсiктiң алғашқы даму сатысында иммунды жүйе қандайда бiр себептермен басылып тежелсе, немесе iсiк жасушаларының өсу жылдамдығы жоғары болып, iсiк мөлшерден тыс асып кетсе, онда ол иммунды жүйенiң қабiлеттiлiгiн басып озып, iсiктiң дамуын шақырады. Иммунды тежегiштiк әсердi көптеген канцерогендер мен онкогендi вирустар көрсетедi. Iсiк дамуының мөлшерiне қарай иммунды жетiспеушiлiк одан әрi тереңдей бередi. Iсiкке қарсы иммунды жауаптың әлсiздiгiнiң келесi бiр себебi бар  iсiк жасушаларының өсiндiсiнде: әлсiз iсiкерекшелi антигендерi бар 165 жасушалар қалады да, сонымен қаттар, күштi антигендi жасушалар өзiне қарсы қарқынды иммунды жауап шақырады. Иммунды тежегiштiк жағдайда әлсiз iсiкерекшелi антигендер супрессорлы төзiмдiлiк шақырады, сол себептен iсiк жасушаларына қарсы иммунды жүйенiң әсерлiгi төмендейдi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет