Ислам: Білемін шаңырақты сағындыңдар



Дата19.01.2023
өлшемі14,83 Kb.
#165904
түріСценарий
Байланысты:
Сценарий-WPS Office


Сценарий
Ислам:
Білемін шаңырақты сағындыңдар
Сергелденге түсіпте сабылдыңдар
Ендеше іні менен қарындастан
Көз алдыңда оралмайтын сағым жылдар!
Армысыздар, киелі шаңырақтың түлектері Іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжіміздің 100жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Сағым жылдар» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.
Аяна: Егер өмір алтын болса, зергері мұғалім
Егер өмір теңіз болса, гаухары мұғалім
Егер өмір жүзік болса, көзі мұғалім
Егер өмір ақын болса, сөзі мұғалім демекші, ұстаз алдынан дәріс алмаған, ұстаз еңбегіне бас имейтін пенде жоқ деседе болады. Мектеп-білім қазынасы, мұғалім-өмірдің арнасы десе, шәкірт өміріндегі ұстаздың орны ерекше. Ол дәрім үйретуші ғана емес, өмірге жетелеуші адам.
Ислам: Дұрыс айтасың Аяна қандай ұлы тұлға болсада, атағы жер жарып тұрған адам болсада, бәрібір ұлағатты ұстаздың алдында бас иеді.
Аяна:осындай ұлы шаңырақтың қуанышынан қалмай алтын уақыттарын бөліп алыстан ат терлетіп келген түлектердің ұстазға, шаңыраққа сонымен қатар ізбасарларға деген құрметі емеспе?
Ислам:Иә ендеше сол құрметке ізет білдіре отырып өз өнерлерімізді паш етейік
Аяна: келісемін Ислам
Бар өнері шығатын ойдағыдан
Сымбаттылық байқалған бойларынан
Кереметті байқайсыздар басынан
Бәйшешектей жайқалып жайнауынан
Дей келе отырып ортаға биыл ғана артымыздан ізімізді басып келе жатқан қтә 9-22 тобынын орындауында би тамашалаңыздар
Ислам: осынау киелі Қарқаралы дан бастау алған
Аяна мен кейде уақыт деген дүниеге ерекше таң қаламын.
Аяна: Неге, өтіп жатқан уақыт қой, қазіргі 21-ғасырда ештеңеге таң қала алмайсың
Ислам: Жоқ, мен оны айтып отырған жоқпын
Аяна: Енді нені айтып жатырсың?
Ислам: Ойлашы, бүгінгі келіп отырған қонақтар кеше ғана біз секілді балмұздақ студент болғаны айтпаса да түсінікті.
Аяна: Бірақ, ия дұрыс айтасың. Олардың студенттік өмірлері маған өте қызық болып тұр.
Ислам: Ендеше өздерінен сұрайық.
1сұрақ: Бұл колледжге ең алғаш келген сәттеріңізде қандай әсерде болдыңыздар?
2-сұрақ: Колледж ішіндегі ең қызықты, есте қалған сәттеріңіз.
3-сұрақ:Колледж табалдырығын аттанғанда өзіңізге жақын тартқан ұстазыңыз туралы айта кетсеңіз.
4-сұрақ: 1-курстың ең алғашқы сессиядан қиналған сәттеріңіз болдыма?
5-сұрақ: 4-курсты аяқтаған сәтте колледжді, ұстаздарды қимай, жылаған сәттеріңіз болды ма?
6-сұрақ: 1-курста оқып жүргенде, өз тобыңызда ұнатқан қызыңыз, жігітіңіз болды ма? Болса оны өзіне айттыңызба немесе іште сақтап қалдыңызба?
Ислам:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет