Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет15/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   237
Байланысты:
Имани гүл
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), улжан (копия), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2
«Раббың бал арасына:
«Таулардан, ағаштардан және адамдардың салған 
күркелерінен ұя жасап ал. Сосын әр түрлі жемістерден 
же де, Раббыңның саған оңтайластырған жолымен 
жүр», – деп уахи етті. Араның қарнынан адамға шипа-
лы түрлі-түсті бал шығады. Әлбетте, мұнда ойланған 
қауым үшін ғибрат бар».
(
«Нахл»
/ 68-69).
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал 
жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компас-
сыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Ке-
ремет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық 
пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықта-
рын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш 
немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің 
есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда 
ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал 
БАЛ АРАСЫ
БАЛ АРАСЫ


32
ИМАНИ ГҮЛ
сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары ара-
лар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы 
аралардың қолданған тәсілі өте таң қаларлық. Аралар бал 
ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден 
бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден 
бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды со-
сын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, 
сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың 
бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске 
асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем 
байқалмайды.
Ал енді осы ақылсыз араға қай гүлдерде бал бар 
екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет 
есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды кім үйретті? 
Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас 
араларды қоректендіру істері жүйелі түрде іске асады. 
Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату 
үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан-
жағынан көлегейлеп жылытады. Кез келген бір бал арасы 
бал жасауға жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы 
басқа араларға өздері ғана түсінетін кейбір іс-әрекеттері 
арқылы хабар береді. Бал арасы мұның бәрін қайдан
кімнен үйренді? Бал арасы улы денесінен құрамында мың 
бір түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы балды 
жасауды кімнен үйреніп, қай зертханада жасады. Балдың 
формуласын қайдан алды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет