248
ИМАНИ ГҮЛ
Ғаламдағы әрбір жаратылыста мөрленген Алла
Тағаланың ғажайып нақыштарын мәнсіздікке балап,
көзді тарс жұмып оларды көрмеу – Хақ Тағаланың
«теңдессіз жаратушы», «ғажайып шебер», «толассыз
рызық беруші», «шексіз ілім иесі»
тәрізді сансыз ұлы си-
паттарын мәнсіздікке теңеу, тіпті оларды жоққа шығару
болғандықтан күнәсі де ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бұл күнә
жай ғана бір адамның құқығына емес,
Алла Тағаланың
өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда.
Иә, адам баласының Ұлы иесін танымай, Оның тегін
берген сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында-
май мына дүниеден өтуі – өзіне жүктелген негізгі міндетін,
адамдығына сай асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады.
Өзін ерекше ақыл-ой, әр түрлі үстем қабілеттермен
безендіре жаратқан Ұлы Иесін танымай,
«мұның бәрін
табиғат жасады»
деп, опасыздық жасаған құл Ұлы
Иесінің ақыретте дайындаған сый-сияпатына лайық
па? Әрине, жоқ. Бірақ,
Ұлы Жаратушыға сенбеген
барлық пенделердің ақыреттегі жазалары бірдей бол-
майды. Олардың мына дүниеде істеген күнәлары мен
жақсылықтарының тозақтағы жазаларына да өзіндік әсері
болары сөзсіз.