92
ИМАНИ ГҮЛ
лар қоғамға айналдырды. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли
секілді жұлдыздай жарық та биік сансыз тұлғаларды
жетілдіріп ғаламға кәміл адамның үлгісін көрсетті.
Тайпа-тайпаға жіктеліп, бір-бірімен қырық пышақ бо-
лып қырқысып, бітпейтін
қан дауына бой алдырған
бұл қоғамда нағыз бауырмашылдық пен ағайындықтың
бейбіт туы желбіреді. Бір-бірінің мал-мүлкін талан-
таражға салған бұл қоғам Оның (с.а.у.) арқасында бір-
біріне «Бауырым! Сен аш жүргенде, менің бұл жүрісім
қалай?» – деп мал-мүлкінің жартысын шын көңілімен
бөліп берді. Тіпті өзі аш болса да, үйіндегі аз
ғана
тамақпен басқаны тойдыру үшін шамды байқамай
өшіріп алған болып, өзі табақтағы тамақтан қасығына
еш нәрсе ілместен аузына алып-келіп,
қайта табаққа
апарып, ішіп-жеп отырғандай көрінген періште тәріздес
сахабаларға айналды. Қоғамның денесіне бойлап,
қанына сіңген адамгершілікке жат әдет-ғұрыптардың
тамырына балта шауып, қамырдан қыл суырғандай жоқ
етті. Пайғамбарымыз (с.а.у.), міне,
осындай тәрбиеші,
осындай ұстаз еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға ешбір істі зорлап-
зомбылап істетпеген. Айналасына жиналған нұр жүзді
сахабалар Оның аузынан шыққан әрбір сөзді жан-
жүректерімен қабылдап, жүзеге асыру үшін керек болса,
жандарын да пида етуге дайын тұратын. Әрбір сөзі мен
іс-әрекеті жанындағы адамдар тарапынан ереже-қағида
тұтылған бұл тұлға пайғамбар болмаса кім еді?
Оның ұстаздығына тәнті болған Муғауия ибн Хакам
атты сахаба:
Достарыңызбен бөлісу: