89
ИМАНИ ГҮЛ
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры –
хақтығына дәлел
Белгілі бір мектепте мұғалім немесе бір мекеме-
де бастықсыз. Оқушылардың, яки қарамағыңыздағы
адамдардың жүректеріне жол тауып, ойыңыздағы асқақ
пікірді, терең тәлім-тәрбиені бергіңіз келді делік. Бұл
мақсатыңызға жету жолында кез келген қиыншылыққа,
әр түрлі рухани және заттық зиян, қауіп-қатерге, өте ауыр
қорлайтын сөздер мен іс-әрекеттерге шыдайтыныңызды
ойлап, тіпті бұл жолда жаныңызды да пида етемін деген
ниеттесіз. Ал, енді төменде көрсетілген пайғамбарымыз-
дың басына келген қиын да шытырман жағдайлар кез-
дескен сәтте, қандай күйде боласыз? Жолыңызды еш
өзгертпестен, пайғамбарша сабырмен жалғастыра білесіз
бе? Жалпы өзіңізге, жүрегіңіз бен сезімдеріңізге бір көз
салып, құлақ түріңіз... Сізге бұлар не дейді?
Достарыңызбен бөлісу: