90
ИМАНИ ГҮЛ
жалпы қарым-қатынасты үзіп, бойкот жариялап аш
қалдырса...
Аштықтың ауыртпалығы соншалық айлар бойы нәр
татпаған достарыңыз аштықтан жапырақ жеп кетсе...
Ең жақын туысыңызды өлтіріп, құлағын кесіп, көзін
ойып,
денесін тілгілеп, бауырын суырып алып, шайна-
са....
Жүретін
жолыңызға тікен шашып, бұрыш-бұрышта
қолдарына шоқпар алып сізді аңдыса...
Сүйікті отаныңызды тастап кетуге,
туған-туыстан
айырылысуға мәжбүр етіп, өлтіруге ант ішсе...
Барған жеріңізде де тыныштық бермей әскер
жіберіп, жаныңыздан да жақсы көретін достарыңызды
өлтірсе...Не істер едіңіз?
Оларға қандай жауапта болар
едіңіз? Осылардың бәріне сабыр сақтап, еш мойымастан,
шайқалып-теңселіп, күмәнға бой алдырмастан жолыңыз-
ды жалғастыра білесіз бе? Олардың осы іс-әрекеттеріне
кешіріммен, мейіріммен қарап:
«Раббым, олардың бұл
істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын
білмейді. Оларды сен тура жолға сала гөр!»
-деп олар
үшін ізгі тілек тілеп, жаманшылықтарына жақсылықпен
жауап бере аласыз ба?
Иә, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) олардың барлық зұлымдықтары мен қорлықтар-
ына шыдап, әр түрлі кесірлеріне қарсы сабырды қару етті.
Оларға анадай мейірім құшағын ашып діттеген мақсатына
жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедтің
(с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын дәлелі
болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты-
рып, көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың
шынайы елшісісің» – деп иманыңа нәр тамызасың.