220
ИМАНИ ГҮЛ
адамның рухын, қуану, қайғыру
сезімдерін және ақыл-
ойын, әлемдегі тартылыс, гравитация күшін көзімізбен
көре алмағанымызбен бұлардың бар екендігіне ешкім кү-
мән келтірмейді. Өйткені, біз нәтижесіне қарап бұлардың
бар екендігіне көз жеткіземіз. Айталық, жүзіміздің реңіне,
даусымыздың шығу ырғағына, бет-жүзіміздің құбылуына
қарап адамның қуанғанын яки қайғырғанын білеміз. Бірақ
қуаныш пен қайғы сезімдерін көзімізбен көре алмаймыз.
Көзбен көру үшін көрінетін
заттың қарсы алдыңда
тұруы және оның материалдық нәрсе болуы шарт. Де-
мек, көзіміздің көруі осы тәрізді бірқатар заңдылықтарға
тәуелді. Ал Алла Тағала шектеулі әрі материалды
болмағандықтан, Оның тек қарсы алдымызда яки басқа
белгілі бір мекенде болуы да мүмкін емес. Себебі, барлық
мекен атаулы кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала сол
жаратылған мекендер жоқ кезде де бар еді. Міне, гәп
осында.
Олай болса,
көру аясы тар, көру қабілеті кейбір
заңдылықтарға тәуелді әлсіз көзімізбен Алла Тағаланы
мына дүниеде көруіміз мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату-
шыны көре алмауымыз – Оның жоқтығының белгісі емес,
керісінше, көз көре алмайтындай
Оның ұлылығы мен
шексіздігінің, сондай-ақ біздегі көздің тым әлсіздігінің
белгісі.
Алла Тағала Құран Кәрімде:
Достарыңызбен бөлісу: