№33 мектеп-лицейінің іс-тәжірибеден өтушісі Молдрахым Іңкәр
27. 09. 2022жыл
Сыныбы: 7 «Б»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстаз болу жүректің ұлылығы. (Қазан айының бірінші жексенбісі- Мұғалімдер мерекесі)
Сабақтың мақсаты:
Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру:
Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу;
Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер.
Әдісі:сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, топтық жұмыс сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Кіріктірілген модульдер: АКТ, СТО, Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері, қөшбасшылық пен басқарушылық.
Күтілетін нәтиже:
Оқушымен мұғалім арасындағы байланыс нығая түседі;
Оқушылардың белсенділіктері мен қабілеттері артады;
жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың барысы:
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім- тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушылардың іс -әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушыларды мақал-мәтел бойынша екі топқа бөлу. Топқа бөлуге 5 минут уақыт беріледі.
І топ. Шәкіртсіз ұстаз-тұл.
ІІ топ. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
|
Оқушылар сурет қиындыларымен екі топқа бөлінеді. Сурет қиындысының артында берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Қызығушылығын ояту
|
Оқушыларға үйге өлең жолдары жаттауға берілген. «Ұстаз» туралы өлең жолдарын сұрау.
|
Оқушылар өлең жолдарын оқиды.
|
Іскерлік ойын – «ситуациалық сұрақтар»
|
Интербелсенді тақтадан екі топқа ситуациялық сұрақтар беріледі
І топ:
1.Ұстазың «мен үшін барлық оқушылар бірдей» деп айтқанмен, сен оның досыңа саған қарағанда көп көңіл бөлетінін, оны үнемі көтермелейтінін байқайсың.Сенің әрекетің?
2.Мұғалім сыныпта қоғамдық жұмыстар тапсырған сайын тек сен тағы 4-5 оқушы ғана жұмыстанады, ал қалғандары әдеттегідей бос жүреді. Бұған сенің ызаң келеді. Бұл жағдайда не істейсің.
ІІ топ:
1.Сіздің сыныпқа жаңа сынып жетекші тағайындалды.Сенің ол сынып жетекшіге деген қатынасың қандай болады? Ал бұрыңғы сынып жетекшіңе ше?
2.Сенің жақсы көретін мұғаліміннің сабағы болуы керек, бірақ мұғалім кешігіп жатыр. Сыныптағы оқушылар сабақтан кетіп қалайық дейді.
Бұл жағдайда сен не істер едің.
|
Оқушылар берілген ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
|
Автор орындығы
|
Екі топқа да «Ұстаз- ұлы есім» тақырыбында эссе жаздыру жұмыстарын беремін. Жазған эссені топта талқылап, бір-бірімен пікір бөліседі.
|
Топтарда автор шығып, ортада тұрған автор орындығына отырып, жазған эссені оқиды.
|
«кластер құрастыру» әдісі
|
Мұғалім сөзіне кластер құрастыру
|
Оқушылар кластер құрастырады.
|
«Мақалды жалғастыр» ойыны
|
1-топ:
1. Шәкірті зейінді келеді,
Ұстазы бейілді болса.
2. Өмірдің өзі- ұлы ұстаз.
3. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
4. Атпаз көрген- ат таныр,
Ұстаз көрген- хат таныр.
5. Баланың бас ұстазы- ата-ана.
2-топ:
1. Ұстаз болу- жүректің асылдығы.
2. Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
3.Ұққаның жақсы болса-жақының көбейеді,
Ұстазың жақсы болса-ақылың көбейеді.
4. Халық- нағыз ұстаз.
5. Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
|
Екі топқа бес мақалдан дайындалған. Оқушылар тез арада мақалдың жалғасын табуы қажет.
|
Қорытынды
|
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.
|
Рефлексия
|
«екі жұлдыз, бір тілек» стикерлерді толтырып жеміс ағашына жапсыру
|
Оқушылар стикерлерді толтырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |