Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет16/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

Жарқанат
Бәрімізге белгілі, жарқанаттың көзі көрмейді, 
яғни көр. Ол дыбыс толқындарын жіберу арқылы жан-
жағындағы нәрселерге қақтығыспайды. Тіпті, қорегін 
осы арқылы аулайды. Адам баласы радарды жарқанатқа 


33
ИМАНИ ГҮЛ
қарап тапты. Радардың кереметтігінің алдында таң қалып, 
шапалақ ұрған біздер жарқанатқа осы дыбыс толқынын 
жіберу қабілетін, өнерін үйреткен Ұлы Жаратушының 
құдіретіне неліктен таң қалып, бас имейміз?
Ауаның құрамы
Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын 
ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78% 
азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның 
құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек 
болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар сал-
дарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал 
аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің 
аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып 
кетер едік.
Біздер ауадағы оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын 
бөліп шығарамыз. Ал өсімдік әлемі болса, керісінше, 
көмірқышқыл газын жұтып, оттегі бөліп шығарады. Осы-
лайша ауа үздіксіз алма-кезек табиғи жолмен тазаланып, 
адамның игілігіне айналады. Өсімдіктер де біз сияқты 
оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөлер болса, ауа-
мызды қалай тазалар едік? Әр нәрседе өзінің құдіретін 
сездірген Ұлы Жаратушы қандай ұлық!
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай 
үнемі өсуін кездейсоқтық деп қабылдасақ, неліктен 
шаш тектес қастарымыз бен кірпіктеріміз өспестен 
бір қалыпты тұр? Ал бұлар да шаш тәрізді ұдайы өсіп 
отырса, жағдайымыз қалай қиынға соғар еді. Бұған 
қоса кірпігіміздегі эстетикаға, нәзіктікке, сұлулыққа 
қараңызшы, олар да кездейсоқ емес, басқа бір тылсым 


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет