73
ИМАНИ ГҮЛ
де кірмейді. Егер
адамзатқа тура жолды көрсетіп,
әрбір істерінде шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген
пайғамбарлар да күнә істейтін
болса олардың артынан
ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне, сондықтан
барлық пайғамбарлар күнә атаулыдан Ұлы Жаратушы та-
рапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ.
«Туралық»
деген мағынаны білдіреді. Бар-
лық пайғамбарлар сөйлеген әрбір сөздері мен істеген әрбір
ісінде туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды
бұрмалап айтпайды. Қандай жағдай болса да,
ешқашан
жалған сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін
пайғамбардың жалған сөйлеп,
халық алдындағы
сенімділіктерін аяққа таптауы, осылайша өз міндеттеріне
ақау келтіруі мүмкін емес.
3. Аманат.
«Сенімділік»
деген мағынаны білдіреді.
Әрбір пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға.
Ешкімді алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да
қиянат жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне
сенімділікті орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын
үлгісі.
4. Фәтәнат.
«Тек қана пайғамбарларға тән зеректік,
ерекше зейінділік»
деген мағынаны білдіреді. Алла
Тағаланың дінін жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға
ғана тән ерекше зейінге, асқан зеректікке ие. Себебі,
пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Қоғамдағы өте зерек, әрі
оқыған білгір ғалымдарға, түрлі қабілетке ие тұлғаларға
Алланың баянын жеткізіп, сұрақтарына қанағаттанарлық
жауап беру үшін еш күмәнсіз бұл міндетпен жүктелген
пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие болуы
ләзім.
5. Тәблиғ.
«Жеткізу»
деген мағынаны білдіреді.
Барлық пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп-
бұрмаламастан қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда