Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Жаратушы  жаратқанын білмейді ме?»



Pdf көрінісі
бет36/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«Жаратушы 
жаратқанын білмейді ме?»
13
.
• Егер пайғамбарлар келмегенде Ұлы Жаратушы-
ны толық, кемел сипаттарымен қатесіз тану мүмкін бол-
мас еді. Жаратушы деп түкке тұрмайтын нәрселерге 
құлшылық жасап, табынуы әбден мүмкін. Пайғамбарға 
сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен 
жасаған пұттарға, Ай, Күн, жұлдыздарға сыйынғандары, 
міне, осы тұсты айқындай түседі.
• Адамның ақылы 
«Дүниеге не үшін келдім? Міндетім, 
мақсатым не? Жаратушым менен нені талап етеді?»
деген сұрақтардың жауабына жете бермейді. Адам 
«өзін 
мақсатсыз, басым бос»
деп пайымдайды. Жақсы-жаман, 
адал-арам деп талғамай, қалағанын істейді. Сондықтан 
адамға жаратылуындағы мақсатын, адамдығына сай 
міндетін түсіндіріп, Ұлы Жаратушысының бұйрықтары 
мен тыйымдарын жеткізетін пайғамбарлар керек.
13
Тәбарак сүресі/14


71
ИМАНИ ГҮЛ
• Адам баласына өлімінен кейінгі құбылыстар мүлде 
беймәлім. Сондықтан пайғамбарлар адамға өлгеннен 
кейін қайта тірілетіндігін, дүниеде істеген әрбір ісінен 
сұрақ алынып, жәннатпен марапатталып яки тозақпен жа-
заланатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген.
• Пайғамбарлардың жіберілу мақсатының бірі – 
үмбеттеріне қайталанбас үлгі-өнеге көрсету. Алла Тағала 
Құран Кәрімде: 
«Міне, солар (пайғамбарлар) нағыз 
Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де 
олардың тура жолына ілес!»
14
 
– делінсе, басқа бір аят-
та:
«Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен 
үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін 
Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар»,
- делінеді
15

Пайғамбарлар – біз үшін жолбасшы әрі имам. На-
мазда имамға ұйығанымыздай, өмірдің әр қадамында 
Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы-
найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның 
алғашқы дәуірін көргендер Алла елшісінің (с.а.у.) қас-
қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан 
үлгі-өнеге алып отырған.
• Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін 
құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам 
баласы өмір жолының астамдығы мен нұқсандығынан 
құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл – поптар мен мо-
нахтардай дүниені тәрк етіп, монастырларға қамалып, 
елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы 
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай-
рылмай, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай 
тепе-теңдік сақтай ғұмыр кешу. Бұл – уахидың (Алла-
дан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге 
болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым 
14
Әнғам сүресі 90-аят.
15
Ахзап сүресі 21- аят.


72
ИМАНИ ГҮЛ
жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте 
мүмкін емес. Құран Кәрім осы тепе-теңдік жайында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет