Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет156/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
Шайтан не үшін жаратылған? Елді
адастыратын ондай азғырушының керегі 
не? Өзінің тозаққа баратынын біле тұра ол 
неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді?
Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма-
са жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан әу баста 
шайтан болып жаратылмаған. Ол – періштелердің арасын-
да ғұмыр кешкен жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың 
алғашқы сынағынан-ақ сүрінді. Сүрінгенде жай сүріну 
емес, омақасып оңбай құлады. Оған берілген сынақ, 
Алла Тағаланың 
«Адамға сәжде ет!»
деген бұйрығы еді. 
Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне 
қырсығып, тәкаппарлана түсті. Паңданып, Алланың 
бұйрығына қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының 
шексіз рақымынан қуылды. Мұның бәрін ол өзінің дер-
бес қалауымен жасады. Яғни, ол өз қалауымен шай-
тан болды. Шайтан алғашында періштелердің ара-
сында жүріп, Алла Тағалаға құлшылық жасады. Бірақ 
шайтанның періштелердің қатарында жүруі – оның 
өзіндік іс-әрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің 
нәтижесі емес еді. Бәлкім, бұл Алла Тағаланың арнайы 
шарапаты әрі оның шынайы дәрежесін анықтайтын
сынаққа түспеуінің арқасында болған-ды. Сондықтан бо-
лар, ол Жаратқанның алғашқы сынағында-ақ өзінің кім 
екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен-
деше, шайтанның әу баста періштелермен бірге болуы 
– оның абыройлылығына ешқандай да дәлел бола алма-
сы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған 
құлшылығына келер болсақ, оның осы құлшылығы 
шынымен-ақ Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ әлде та-


258
ИМАНИ ГҮЛ
ғы да өзіне ұнамды болғандығы үшін бе? О жағы бізге 
белгісіз. Бірақ алғашқы сынақта көрсеткен қылығы 
– оның Аллаға емес, өз нәпсісінің құлы болғандығын 
білдіретіндей. 
Шайтан жәннаттан, Ұлы Жаратушының рақымынан 
Адам үшін қуылғандықтан, ол әрқашан адам ұрпақтарына 
қас дұшпан. Сондықтан адам баласы әрқашан өзінің осы 
қас дұшпанына сақ болып, негізгі жаратылу мақсатына 
сай ғұмыр кешуге тырысқан уақытта ғана өзінің ішкі 
дүниесіндегі күнәға қарсы барлық қорғаныс механизмдері 
күшейе түседі. Бейне бір белгілі бір вирусқа сан рет душар 
болған жанның денесіндегі ішкі қорғаныс механизмінің 
іске қосылып, иммунитетінің қуаттанып, автоматты түрде 
қорғанысқа түсуі секілді. 
Шайтанның сан түрлі азғыруына сақ жүрген жанның 
бойындағы 
«парасаттылық», «қырағылық»
секілді сипат-
тары артса, оның сан алуан айлаларына көнбей, көкірегін 
керіп, қарсы тұрған жанның бойындағы
«сабырлылық», 
«төзімділік», «қайсарлылық»
секілді қасиеттері дамып, 
шыңдала түседі. Олай болса, шайтан адам баласының 
мына дүниеде өте сақ боп ғұмыр кешуіне, бойындағы 
қорғаныс жүйесінің жетілуіне, табиғатындағы ашылмаған 
көптеген асыл қасиеттерінің кемелденуіне басты себепші 
екеннін де есте ұстауымыз керек.
Бұл дүние – адам баласының сынаққа түсер ұлы май-
даны. Алла Тағала адамдарды әр түрлі себептермен сынға 
салуда. Сөзсіз, шайтан да сол себептердің ең бастысы. 
Шайтан арқылы адамдар арасындағы жақсысы мен жама-
ны, осалы мен қайсары, жәннат пен тозаққа лайықтысы 
ажыратылуда. 
Әр түрлі химикалық тазарулардан өткеннен кейін 
асыл тастың алтынға айналатыны секілді шайтанның 
да азғыруына құлақ аспай, сан-алуан айлаларына қарсы 


259


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет