Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет157/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
тұрып, өмір бойы оны қас дұшпаны санап өткен жандар
рухани жетіліп, кемелдене түседі. Сөйтіп, жәннатқа лайық 
дәрежеге жетеді. Ал, керісінше, шайтанның арбауына 
көніп, әр түрлі азғыруларына қуана келісіп, оның шабуы-
лына ақ туды көтеріп, еш қарсылықсыз беріліп, жаманшы-
лық атаулыны шімірікпей жасап, күнәларға белшесінен 
батқан пенде, бара-бара өзі де адам бейнесіндегі шайтанға 
айналып, тозаққа тән кейіпке енеді. Міне, шайтан адамның 
рухани жетілуіне, жәннатқа лайық жаратылыс дәрежесіне 
көтерілуіне яки күнә істеп, тозақтық болуына себеп 
болғандықтан, оны бостан-босқа хикметсіз жаратылған, 
не болмаса оның жаратылуы мүлдем қажетсіз дей алмай-
мыз. 
Мысалы, пышақты түрлі пайдалы іс үшін қолдануға 
болатыны секілді, онымен адам өлтіріп күнәға батуға да 
болады. Сол себепті, пышақтың өзін жаман, керексіз дей 
алмаймыз. Ендеше, шайтанның да жаратылуы жамандық 
емес. Алла Тағаланың құлдарына еш жаманшылық 
қаламасы хақ. 
Ал енді шайтанның Алла Тағаланы біле тұра істеген 
күнәсін мойындап, тәубеге келмеуіне тоқталайық. 
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шайтан Адам ата жара-
тылмас бұрын ерекше дәреже-абыройға ие дара жара-
тылыс еді. Оның есімі әрдайым періштелердің жанында 
қатар аталатын. Алла Тағала періштелердің өзі сәжде 
ететініндей дәрежеге ие ардақты 
«Адам»
делінген жара-
тылыс жаратты. Алайда шайтан мұны қатты қызғанды. 
Өйткені, ол өзін жаратылғандардың ішіндегі ең ардақтысы 
деп білетін. Енді міне, Ұлы Жаратушының көптеген 
сипаттарының көрсеткіші іспетті өзінен де артық зат жа-
ратылып отыр. Шайтан мұны көре алмай, қызғанды. Ішін 
өрт шалған шайтан үшін осы 
«Адам»
алдында сәжде жа-
сау өте қиын еді. Бүгінгі күні де өзінен асып бара жатқан 


260
ИМАНИ ГҮЛ
өзгелерді көре алмай, аяқтан шалушылықтар осы бір 
шайтани мінездің адамдағы айқын көрінісі. 
Еврейлер мен христиандар арабтарды өздерінен 
төмен санайтын. Сол себепті, олар соңғы пайғамбардың 
араб ұлтынан келуін мүлде елестете алмайтын. Алай-
да, соңғы пайғамбар араб ұлтынан келген сәтте олар 
мұны көре алмады. Қызғанды. Сондықтан олар араб 
ұлтынан шыққан Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) 
бойындағы барлық ерекшеліктерді қасиетті кітаптарында 
білдірілген сипаттамаларға дәл келсе де,
 «бұл біз күткен 
пайғамбар емес»
деп тайқып шыға келді. Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет