263
ИМАНИ ГҮЛ
болды. Адам пайғамбардың
ұрпақтары хақ жолында
жүрген сайын оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті.
Пұт атаулыны күл-талқан етіп, жер жаһанға Хақты жаяр
соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келгенде, сірә
шайтан қатты ашуланып, терісіне сыймаған болар.
Міне,
осылайша тұла бойын ашу билеп, ішін
қызғаныш өрті шалған Ібіліс айықпас тәкаппарлық
ауруына шалдықты.
Алланың рақымынан қуылып,
болмысындағы тәубеге деген барлық жолдарды бітеді.
Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай
қайтуы да мүмкін емес-ті.
Үнемі адамдарды қойша бауыздап қырып жүретін
қатігез адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің мүлдем
өшетіні секілді шайтанның да бойындағы тәубе етуге,
Хаққа бет бұруға деген қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор-
нын тек ыза мен кек қана басқан.
Шыдамы таусылған момын адамның ашу үстінде
ешқандай үгіт-насихатты
тыңдамай, өршелене түсіп,
алдындағы адамның кім екенін де ажыратып жатпай небір
сорақы іс-әрекеттерге баратыны секілді шайтан да мәңгі-
лік ашу үстінде. Адам ұрпағының әрбір жетістігі оны ашуға
булықтырып, қызғаныштың қызыл отына көмгендіктен
ол өзінің кінәсын мойындап, тәубе етуді
бір сәт болсын
ойламақ емес. Өйткені, оның болмысындағы игілікке,
ізгілікке деген барлық жақсы
сезімдер мен қасиеттер
өшіп, өзі қызғаныш пен тәкаппарлықтың айықпас дертіне
шалдыққан. Адам ұрпақтарының әрбір жетістіктерін
көрген
сайын ашуға булығып, ал керісінше адасулары-
нан ләззат алып, жаны жай табады. Міне, шайтан осын-
дай кеселге ұрынғандықтан оның жүрегі мөрленіп, көзі
перделенген.
Бойын ашу кернеп, Хақтың рақымынан
алшақтаған сайын алшақтай түсуде.