Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет179/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
«Бізге (сахабаларға) бір хадис 
түсініксіз болса, оны Айшадан сұрап білетін едік»
164
-деп, пайғамбарымыздың пәк жұбайларының исламды 
түсіндірудегі ерекше орнын білдірген. 
Әйел баласына қатысты сан алуан үкімдерді үйретуде 
пайғамбарымыздың ақ некелілері мұсылман әйелдер 
мен пайғамбарымыздың арасында дәнекерлік қызметін 
атқарды. Пайғамбарымыздың әйелдерінің бірнешеу 
болуының арқасында әйел заты өздеріне қатысты ислам 
үкімдерімен оңайырақ танысу мүмкіндігі туды. Ислам 
дініндегі әйелдерге байланысты хайыз, нифас секілді 
кейбір ұятты мәселелерді пайғамбарымыздың әйелдерге 
тікелей түсіндіруі дұрыс емес-ті. Міне, сондықтан 
пайғамбарымыздың ақ некелілерінің әрқайсысы әйел-
дерге осы мәселелерді емін-еркін түсіндіретін.
Алла елшісінің жұбайларының арасында жас, орта 
жастағы және жасы егде тартқан әйелдер бар еді. Себебі,
164
Хадисті имам Тирмизи жеткізді.


292
ИМАНИ ГҮЛ
әр жас мөлшерінің өзіне тән жеке мәселелерінің болаты-
ны да сөзсіз. Міне, осы мәселелер пайғамбарымыздың 
ошағын-да іс жүзінде, Алла елшісінің көз алдында 
болғандықтан, жауабы мен шешімдері де дер кезінде 
беріліп отырды. Пайғамбарымыздың әр жас ерекшелігіне 
тән мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін 
үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында 
жүзеге асты. 
Пайғамбарымыздың 
шаңырақ 
көтерген 
ақ 
некелілері арабтың түрлі руларынан болатын. Тіпті, 
олардың арасында сол аймақтағы еврей сияқты басқа 
да ұлт өкілдері де бар еді. Олар пайғамбарымыздың 
көзі тірісінде әрі бақилық болғаннан кейін де өз рула-
ры мен қауымдарына ислам дінін үйретуге атсалысты. 
Пайғамбарымыздың әр жұбайы өз руларының ортасын-
да ұстаздық қызметін атқарды. Тәпсір, хадис секілді 
білім салаларының тарауында үлкен үлес қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет