4. Басар
.
Бұл сипат
«көру»
деген мағынаны білдіреді.
Алла Тағала өзінің ұлылығына әрі шексіздігіне лайық
дәрежеде көру сипатымен сипатталады. Ұлы Алла
Тағала әр нәрсені кемел түрде еш нәрсенің көмегінсіз,
ешбір құрал-жабдықсыз біліп, еститіні секілді әр нәрсені
еш кемшіліксіз, еш нәрсенің көмегінсіз көреді. Оның
63
ИМАНИ ГҮЛ
ілімі және естуі шексіз болғаны секілді көруі де шексіз.
Оның бір нәрсені көруі басқа нәрселерді көруіне бөгет
емес. Оның көруінен ең кішкентай атом да, басқа да тыс
қалмайды. Оның назарында жасырын мен құпия, жарық
пен қараңғы, алыс пен жақын, үлкен мен кішінің арасын-
да ешбір айырмашылық жоқ. Құранда:
«Еш күмәнсіз
Алла көктегі және жердегі ғайыпты (көмес нәрселердің
бәрін) біледі. (бұларды білген Алла) Әлбетте, сендердің
барлық істеп жатқан істеріңді көруде»,
10
- делінеді.
5. Ирадә.
Бұл сипат
«қалау»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы
Алланың қалауы әзәли және еш бөгетсіз. Қалағаны еш
күмәнсіз орындалады. Қаламаған нәрсесін күллі әлем
жиналып іске асырмақ болса да, жүзеге аспайды. Оның
қалауына ешкім тосқауыл бола алмайды.
Жоқтықтан тіршілік әлеміне шығарылған сан-
сыз жаратылыстың миллиондаған түр-тұрпат, түстерге
бөлініп, әр түрдің өзіне тән ерекшеліктерге ие болуы –
Оның еш бөгетсіз қалауының дәлелі. Мысалы, сансыз
ағаштардың, миллиондаған гүлдердің, түрлі жеміс-жидек,
жалпы өсімдіктердің бір су, бір топырақ, бір ауамен, бір
күннің жарық-жылуымен қоректенгендеріне қарамастан
әр түрлі болып, сан алуан реңге боялуы, неше түрлі
хош иіс, дәммен безенуі – Оның әзәли қалауының белгі-
нышаны.
Жаппар Иеміз хикметіне орай қалағанын қалаған
түрде, қалаған уақытында жаратады. Сондай-ақ
қалағанын қалаған уақытта өзгертіп, қалаған уақытта жоқ
етеді. Қалағанына байлық беріп, қалағанына кедейлік
шапанын кигізеді. Қалағанының дәрежесін көтеріп,
10
Хужурат сүресі/18.
|