Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


ИМАНИ ГҮЛ қалағанының абыройын айрандай төгіп, төмен түсіреді.  Құранның тілімен айтқанда:  «Ей, барлық мүліктің шы-



Pdf көрінісі
бет33/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
қалағанының абыройын айрандай төгіп, төмен түсіреді. 
Құранның тілімен айтқанда: 
«Ей, барлық мүліктің шы-
найы иесі – Алла Тағалам! Сен мүлікті қалағаныңа 
беріп, қалағаныңнан қайта аласың. Қалағаныңның 
мәртебесін көтеріп, қалағаныңды төмен түсіріп 
қорлайсың. Күллі ізгілік пен қайырлы істер тек 
қана Сенің қолыңда. Әлбетте, сенің барлық нәрсеге 
құдіретің толық жетеді»
11

– деп айт.
6. Құдірет.
Бұл сипат 
«күш-қуат» 
деген мағынаны білдіреді. 
Ұлы Жаратушымыз – шексіз және мәңгі құдірет иесі. 
Қаласа күллі әлемді бір мезетте бар етіп, бір сәтте жоқ 
етеді. Оның құдіреті кейіннен пайда болмаған, яғни, 
бастауы жоқ әрі мәңгі. Оның шексіз құдіреті үшін 
кішкентай атомды жаратуымен сансыз галактикаларды, 
ондағы сансыз жұлдыздарды жарату оңайлық жағынан 
бірдей. Сондықтан көк жүзіндегі Күн, Ай, басқа да 
ұшы-қиыры жоқ жұлдыздар, жердегі жалпы жаратылыс 
– Оның құдіретіне бас иіп, еш ақау-кемшіліксіз мына 
таңғажайып үйлесімді жүйені бұзбай әрекет етуде.
Алла Тағаланың шексіз құдіретін қабылдаған иман-
ды адам Оның еш теңдессіз ұлылығының алдында бас 
иіп, тағзым етері сөзсіз. Құдіретіне тамсана таң қалып
рухы шат-шадыман болады. Оның қасиетті бұйрықтарын 
орындап, тыйымдарынан алыс болуға тырысып бағады. 
Бұл істерімен тек Оның ризалығын алуды мақсат етеді. 
Себебі бұндай түсінікке, иманға ие болған асыл жандар 
Раббыларының ризашылығына бөленген жағдайда, өзінің 
барлық арман-мұраттарына жететінін біледі. Себебі, тек 
Оның шексіз құдіреті ғана барлық тілектерін орындай 
алады.
11
Әли Ғимран сүресі/26.


65
ИМАНИ ГҮЛ
7. Кәлам.
Бұл сипат 
«сөйлеу»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы 
жаратушымыз Алла Тағала сөйлеу сипатына ежелден ие. 
Иә, Оның кәлам сипаты кейіннен пайда болмаған және әр 
түрлі әріп, дыбыстарға мұқтаж емес. Алла Тағала сөзін 
Өзінің ұлылығына лайық түрде періштелеріне естіртіп 
жеткізеді. Ұлы Жаратушымыздан түскен бүкіл кітаптар 
мен уахилер осы сипаттың дәлелі әрі жердегі көрінісі.
8. Тәкуин.
Бұл сипат жоқты бар етіп яки бар нәрседен екінші 
бір нәрсені жарату деген мағынаны білдіреді. Алла 
Тағала барлық әлемді және қалаған нәрсесін кемшіліксіз 
хикметіне орай бар етіп жаратуы тікелей осы сипатқа бай-
ланысты. Әлемдегі сансыз әрі сан алуан жаратылыс – осы 
сипаттың айқын дәлелі. Алланың 
«кун!»
яғни 
«бол!»
де-
ген бұйрығы арқылы кез келген нәрсе әпсәтте бар болады. 
Жүсіп Баласағұн Ұлы Жаратушының бұл сипатын мына 
бір жыр жолымен тамаша жеткізген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет