Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Егер олар  келісөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе) жақындаса



Pdf көрінісі
бет166/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
«Егер олар 
келісөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе) жақындаса
сен де жақында»
146
.
Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда 
ғана рұқсат етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға қарсы 
соғысу. Құранда: 
«Сендермен соғысқандарға қарсы 
сендер де Алла жолында соғысыңдар. Бірақ шек-
тен шықпаңдар. Алла Тағала шектен шыққандарды 
жақсы көрмейді»
147
 
-делінеді.
2. Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған 
дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабу-
ыл жасауға рұқсат етіледі.
3. Жазалау мақсатында.
4. Түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық соғыстарына көз 
жүгіртсек, тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне 
куә боламыз. Ендеше, соғыс – тек Алланың ризалығы 
үшін Оның рұқсат еткен жағдайларда ғана болуға тиіс.
Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да 
Ислам озбырлық әрекеттерге жол бермейді. Айталық, 
соғыста әйелдерді, жас балаларды, соғысқа қатыспаған 
қарт кісілер мен ешкіммен шаруасы жоқ монахтар-
ды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар 
мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты мал-
дарды өлтіруге, әр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын 
қиратуға жол бермеді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін 
тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кесуге де қатаң 
тыйым салды. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара 
жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасады: 
146
Әнфал сүресі, 61-аят.
147
Бақара сүресі, 190 аят.


272
ИМАНИ ГҮЛ
«Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла жолында 
күресіңдер. Соғысатын адамдарыңмен араларыңда 
келісімдер бар болса, оны қадағалаңдар. Шектен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет