Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет164/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
ИМАНИ ГҮЛ
қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы бар дүниесін 
мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне тиесілі жиһад 
міндетін атқара білді. Исламнан бұрын Меккенің аса 
ірі байларының санатына жататын Хадиша анамыз бар 
байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған 
кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де табылмаған еді. 
Сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір өз үйінде Құран 
оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде емес, ел
жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде оқитын. 
Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу Бәкірдің тебіреніп 
оқыған Құранынан әсерлене бастады. Әбу Бәкір арқылы 
Құранмен табысқан көптеген адамдар мұсылмандықты 
қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір 
ғана Құран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді.
Мүшріктердің жан шыдатпас ауыр азаптары күн 
санап артып жатты. Осындан кейін мұсылмандар 
ғибадаттарын емін-еркін атқарып, жаңа діннің қанат жа-
юын қамтамасыз ету үшін Меккедегі туған жерлерін, бар 
дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мәдина қаласына
хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мәдинада екі 
жылдай ғұмыр кешті. Мекке мүшріктері олардың Мек-
кеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға салып, 
өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін 
үлкен керуендермен Шамға, Сирияға сатуға жіберді. 
Мұсылмандар бұлардың бәрінен хабардар еді. Енді 
олар Мәдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан 
мүшріктердің керуенінен өздерінің мал-мүліктерін 
қайтарып алуды ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік 
мүшріктер мұсылмандарға қарсы үлкен әскер жіберді. 
Яғни мұсылмандардың ниеттері соғыс емес, өздерінің 
талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын. 
Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осы-
дан кейін ғана мұсылдандардың рухын көтеріп, әлсіздер 


270
ИМАНИ ГҮЛ
мен қорғансыздарға қорған болу мақсатында күн санап 
қиянат жасауда шектен шыққан кәпірлердің шамасын 
көздеріне көрсету үшін соғысқа алғашқы рет мына аят 
арқылы рұқсат берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет