Туған өлке туралы білсек



Дата25.08.2017
өлшемі146,62 Kb.
#26768
Туған өлке туралы білсек

Урашева Г.А.

Садыкова Ж.Ж.

ЖББ Абай орта мектебінің география –биология пәндері мұғалімі

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен туған өлкеміздің құпиялы,қызықты жерлерін ашуға ұмтылу, ойлау қабілетін, ұжымдық бірлікті қалыптастыру мақсатында оқушылардың шығармашылық жұмыстануымен өткен сабақ

Өткел


І топ

  1. \Ауылымыз қай жылы Абай совхозы болып құрылды?(1957ж) 2.Ауылымыздан шыккан әлем чемпионы Асқар Шайхиевтың туған жері (Қызылтаң)

3.Сырым ауданының орталығы (Жымпиты)

4.Сырым ауданының жер көлемі (11,9 км2)

5.Аудандық газет (Қайнар)

ІІ топ


  1. Ауылымыздың жер көлемі қанша? (98578 га.)

  2. Мектебіміз қай жылы құрылған? (1957ж.)

  3. Ауылымыз қай жылы жеке серіктестіктермен қожалықтарға бөлінді? (1997 ж.)

  4. Ауылымыз қандай елді мекендермен шектеседі? (Қособа, Жетікөл, Бұлдырты, Өлеңті, Қаратөбе)

  5. Ауылымыздағы байдың атымен аталатын жер? (Мұқтар)

Белес

  1. Жымпиты ауылынан батысқа қарай созылған тоғай. ХХ- ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл алқап жан-жануарлар, құс мекендейтін табиғи қорық етінде ұсталды. Кейін бұл жер кеңшар орталығына айналған соң күтім болмағандықтан, ағаш талдар азайып, бұлақтар семіп қалды. (Бұлан)

Қосымша көмек: (Кеңес одағы кезінде бұл тоғаймен аттас пионер лагері болды.)

  1. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің , Евразия менеджерлік институтының құрметті профессоры «Жымпитыға 100 жыл», «Сырым тағдыры – ел тағдыры», «Сырым батыр Датұлы» т.б. кітаптардың авторы Жайсаң Ақбай қай жерде дүниеге келген? (Сырым ауданы, Шағырлыой ауылында дүниеге келген)

Қосымша көмек: (Ол жер 1927 жылы ауыл болған, қазірде ауыл емес те аты айтылып жүр.)

  1. Ұзындығы 195 км, су жиналатын алабы 4660 км2, жалпы ұзындығы 258 км болатын 8 саласы бар, 0,85 млн м3 болатын 6 тоған салынған Жайық алабындағы өзен? (Бұлдырты)

Қосымша көмек: (Басты салалары Шилі, Тамды, Жымпиты. Жылдық орташа ағыны Абай ауылы тұсында 1м3/с)

  1. Көрнекті қайраткер, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі саясаткер. Тегі – Байұлына жататын Тана руының Қарақұнан бөлімінен таралған Жанша Досмұқанбетов Сырым ауданындағы бір өзеннің бойында дүниеге келген. Ол қай өзен? (Тамды)

Қосымша көмек: (Бұл ауданымыздағы үлкен өзеннің бір саласы және сол өзен атында елді мекен бар.)

Бекет


І топ

  1. Сырым ауданындағы ауыл, аудан орталығынан солтүстік батысында 55 км жерде орналасқан. 3,6 мың халқы бар, бір орта мектебі бар үлкен елді мекендердің бірі. (Алғабас)

  1. Жымпиты ауылынан оңтүстік батысқа қарай 25 км жерде, Өлеңті өзенінің сол жағалық жазығында сортаңды қоңыр топырақты шөлейт белдеуде орналасқан, жан-жағынан 40 –қа жақын кішігірім көлдермен қоршалған, 0,5 мың халқы бар елді мекен. (Қособа)

Асу

І топ


Бұлдырты

Сырым ауданы жерінде Жайықтың сол аңғарындағы Бұлдырты өзенінің сағасында теңіз деңгейінен 9 км жоғары орналасқан. Аумағы 10,3 км2, ұзындығы 5,1 км. Ені 2,3 көл бар. Суы тұзды, көктемде мал ішуге жарамды. Бұл қай көл? (Жалтыркөл)

Қосымша көмек: (Кезінде Айдар, Жанғабылсор, Есентемір көлдерімен тұтас болған.)

Талдыбұлақ

Жайық алабындағы өзен. Сырым ауданы жерімен ағады. Талдыбұлақ ауылы тұсынан бастау алатын өзеннің ұзындығы 127 км, су жинайтын алабы 2520 км2. Суын халық жер суарға және суландыруға пайдаланады. (Есенаңқаты)

Қосымша көмек: (Негізінен қар суымен молаятын өзен, Шалқар көліне құяды)

Абай

Бұлдырты, Жымпиты өзендері алабындағы теңіз деңгейінен 28,4 м қандай көл? (Батпақкөл)

Қосымша көмек: (Ол Коминтерн ауылынан оңт. Шығ қарай 11км жерде орналасқан.)

ІІ топ


Жетікөл

Бұлдырты өзені сағасындағы аумағы 2,5 км2 , ұзындығы 2,1 км көл.Қар, жауын-шашын, Бұлдырты өзенімен толығады. Суы ащы, жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен, Жетікөл ауылынан 15 км оңт. Батысқа қарай орналасқан. Бұл қай көл? (Айдар)

Қосымша көмек: (Жағалаулы жайылым ретінде пайдаланылады, адамдар ол көлді емдік қасиетке де қолданады.)

Қособа

Сырым ауданы Қособа ауылы аумағындағы ұз. 39,5 км, Өлеңті көлтабаны суландыру жүйесіндегі канал. Ол канал Қособа аумағындағы 21мың га жерді суландырады. (Сарой канлы.)

Қосымша көмек: (Оны сіздер білулерініз керек, өйткені сол канал аттас Сырым ауданыда ауылдық округ бар.)

Тоғанас

Шолақаңқаты ауылдық округі аумағындағы, Тоғанас ауылының шығысында 12 км қашықтықта орналасқан дөң. Төңірегі жазықтық, ашық күндері оның үстіне шығып 10-15 км жерді көруге болады.Бұл дөң қалай аталады? (сырым шыққан төбе.)

Қосымша көмек: (Қазір бұл жер мемлекет қамқорлығына алынып ескерткіш қойылған.)

Жерұйық


Абай ауылының оңтүстігіне қарай 10-12 км жерде орналасқан Сырым Датұлы көтерілісі кезіндегі атақты батырларының бірі болған юай атымен аттас жер? (Тіленші)

Тақырыбы: «Сырым ауданының тарихы»

Өткел

І топ


  1. Жымпитыдан оңтүстік батысқа қарай 27 км дерде орналасқан ауыл. (Жырақұдық)

  2. Қайнар газеті қай жылдан бастап шыға бастады? (1930)

  3. Сырым батыр бастаған ұлт азаттық көтеріліс қай жылы болды? (1783-1797)

  4. Сырым ауданы жерінің аумағы. (11,9 мың км2)

  5. Қай жылы аудан орталығы Жымпитының іргетасы қаланды? (1881-1896)

ІІ топ

  1. Жымпитыдан солтүстік батысқа қарай 55 км жердегі Есенаңқаты өзенінің бойында орналасқан ауыл. (Алғабас)

  2. Жымпитыдан 600 орындық 1989 жылы салынған ғимарат. (Сырым аудандық мадениет үйі.)

  3. Ауданымызға Сырым Датұлы есімі қай жылы берілді? (1992ж.)

  4. Ауданымыздың ең биік жері? (Былқылдақ ауылынан солтүстік батысқа қарай 196 м.)

  5. Қайыпқали Ешімов бастаған көтеріліс қай жылы болды? (1818)

Белес

І топ


  1. Сырым ауданындағы өзен. Шаруашылық орталығынан 25 км қашықтықтағы бұлақ суы. Бастауын қарғалы жерінен алып, Қарғалыаяқ жерінен құмға сіңіп жоғалады да, 15 км жерден қайта шығады. Бұлақ суын Нармағамбет сұлтан тау тастарымен бітеген. Қыста қатпайды. Бұлдырты өзеніне құяды. Бұл қай өзен?

  2. Сырым ауданындағы байырғы білім ошақтарының бірі. Ол 1923-1924 ж. «Каммуна» мектебі атанған. Мектепті ашуға сол облыстың төрағасы Ахметов көп еңбек сіңірген. Мектеп 1935-1936 ж. орталау, 1937-1938 жылдары орта мектеп болып қайта құрылды. Осы кезге дейін бітіргендер арасында Ахметов, Мусин, Хабиев сынды елге танымал азаматтар бар. Бұл қай мектеп? (Бұлдырты орта мектебі.)

  1. 1964-1967 ж. Өлеңті өзенінің аңғарынан ашылған су көздері. Жымпитыдан батысқа қарай 2-4 км жерде. Аудан орталығын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Апшерон қабаты неоген төрттік дәуірінің бөлігінде жатыр.Атмосфера жауын-шашын инфильтрациасымен молығады. Бұл су көздері қалай аталады? (Жымпиты бұлақтары)

  2. Сырым ауданы Жетікөл ауылында туылған, күйші, қобызшы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1975 жылы Алматы Мемлекеттік консерваториясының қобыз, домбыра бөлімін бітірген. Құрманғазы атындағы мемлекеттік аспаптар академиясының ұлт-аспаптар оркестірінде қобызшы және домбырашы болып еңбек еткен. Бұл кісінің аты-жөні кім? (Әжімұратов Қуаныш.)

Бекет

І топ


  1. Сырым ауданындағы ауыл. Шолақаңқаты әкімшілік округінің рталығы. Жымпитыдан солтүстік батысқа қарай 78 км жерде. Шолақаңқаты өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл қай ауыл? (Тоғанас)

ІІ топ

  1. Сырым ауданындағы ауыл. Елтай округінің орталығы. Жымпитыдан солтүстікке қарай 67 км жерде орналасқан. Сол ауылға қарасты Алатау, Батпақты, Тінәлі ауылдарында серіктестік және 22 шаруа қожалығы құрылған. Бұл қай ауыл? (Тасқұдық)

  2. Асу

  1. (Жетікөл) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында салынған қорым. Сырым ауданындағы Ақкөл ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан . Молалардың көпшілігі саз балшықтардан соқпа тәсілмен салынған. Солардың біреуінен 1848 жылы оймыш тәсілмен істелген құлпытас сақталған. Бұл бейітке Сырым батырдың немере інісі жерленген. Қорымның аты соған байланысты айтылған болуы мүмкін. Бұл қай қорым? (Сәт бейіттері)

  2. (Бұлдырты) Бұлдырты өзені бойында орналасқан көлдете суару жүйесі. 1974 жылы іске қосылған жүйе арқылы Сырым ауданындағы Бұлдырты мен Абай ауылдарының 4,5 км жері суарылады. Бұл қандай суландыру жүйесі? (Бұлдырты суландыру жүйесі)

  3. (Жымпиты) Отаршылдық кезеңнің архитектуралық ескерткіші болған. Ғимарат орыс сәулеткерлік мкетебінің псковновогородтық дәстүрлері, сондай-ақ ХІХ ғ. соңы, ХХғ. басындағы «кірпішті стилі» қасбеттерді өңдеу жобасы кезінде салынған. Ғимарат жобасы тікбұрышты күйдірілген кірпіштен салынған. Бұл қандай ғимарат? (Жымпиты шіркеуі)

  4. (Қособа) Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Композитор, термеші. Құрманғазы атындағы музыкалық уч-шені бітірген. «Ақ жайық», «Айлы түн», «Махаббат» атты әндерімен жұртшылыққа белгілі. Қазір БҚО-ң филормониясының директоры, әрі көркемдік жетекшісі. Бұл әншінің аты кім? (Донеділ Қажымов)

  5. (Коминтерн) Батпақкөл – Сырым ауданының Коминтерн ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 28,4 м биіктікте, аумағы 7,36 км2, ұзындығы 5,7 км, ені 2,7 км екенін білеміз. Бұл өзенге Бұлдырты және Жымпиты өзендері алабындағы қай өзен келіп құяды? (Шұбаршық)

  6. (Бұлан) Сырым ауданындағы өзен. Өлеңті алабында. Ұзындығы 114 км. Су жинайтын алабы 1440 км2. Тасқұдық ауылының Қарабас елді мекенінің бұлақтарынан бастау алып, Өлеңтіге құяды. Аңғары кең, арнасы бұралаң, жағасы тік жарлы, жерасты жаңбыр суларымен қоректенеді. Бұл қай өзен? (Шідерті)

Жерұйық

Сырым Датұлы (Шын аты Шынтемір) әйгілі қолбасшы, би шешен 1783-1797 ж.ж. Кіші жүз руының орыс отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі, дәстүрлі ел басқару жүйесіне өзгеріс енгізген реформатордың жан серігі кім? Ол кіші жүз ханы Есімнің қолына түсіп, өлім жазасына кесілген. (Мыңбай)

Пайдаланған әдебиеттер.


  1. БҚО –ның энциклопедиясы

  2. «Сырым елінің сыршылдары» кітабы.

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы, Шағырлой ауылы

Әлемді география арқылы таны.

Садыкова Ж.Ж.

ЖББ Абайорта мектебінің

География- биология пәнінің І санатты мұғалімі

Оқушылардыдың география пәніне қызығушылығы белсенділігін дамыта отырып ,жаңа технология әдістерін пайдалану арқылы тез ойлап ,тез шешім қабылдауға,белсенділік көрсетіп логикалық ойын арттыру әрбір мұғалімнің мақсаты. Осы мақсатта өткңзген 10 сыныптағы «Қоныстану түрлері.Урбандалу» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Қоныстану түрлері, урбандалу туралы білім беру; «қоныстану» ұғымымен, қоныстану түрлерімен, «субурбандалу», «урбандалу» ұғымдарымен таныстырып, урбандалудың аймақтық айырмашылықтары, урбандалу көрсеткіштері, урбандалудың деңгейі, урбандалудың даму кезеңдері мен қалалардың даму шоғырлануы, қоршаған ортаға әсер етуші факторлар туралы білік-дағдыны қалыптастыру.



Көрнекті құралдар.

Дүние жүзі халықтарының картасы.

Урбандалу кезеңі сызбанұсқасы.

Жеке аймақтардағы урбандалу деңгейі мен ауқымы диограммасы

Жарты шарлар картасы

Нені білу керек? Сызбасы



Сабақтың жоспары:

  1. Диагностика сәті.

  2. Қоныстану түрлері.

  3. СТО. Белгі қойып оқыту.

  4. Урбандалудың аймақтық айырмашылықтары. Ізденіс тенденциясы сәті.

  5. Урбандалудың даму кезеңдері.

  6. Еліміздің халқының өсуі мен қоныстануы.

  7. Шығармашылық жұмыс. Болашаққа болжау.

  8. Қорытындылау тесті.

  9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.

Жер бетіндегі халықтың белгілі бір аумақта таралып орналасуын және елді мекендер жүйесінің қалыптасуын қоныстану деп атаймыз.

І. Оқушылардың тақырып төнірегінде не білетіндегі немесе білмейтіндігін білу.


  1. Урбандалу деген не?

  2. Урбандалу дегеніміз – қалалар мен қала халқының көбеюі, қалалардың ролінің артуы.

  3. Жеке елдердің урбандалу деңгейіне қандай факторлар себепші болады.

  4. Урбандалу деңгейіне қарап, елдің даму дәрежесін бағалауға бола ма?

  5. Батыс жарты шар мен Шығыс жарты шарда және солтүстік ендік пен оңтүстік ендікте халық салыстырмалы түрде қалай орналасқан?

  6. Миграция – адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы.

  7. Эмиграция – өзге елден тұрақты тұруға келу.

  8. Иммиграция – басқа елден келіп қоныстануы.

  9. Механикалық қозғалыс – басқа елден көшіп келушілер есебінен халық санының өзгеруі.

ІІ. Жер бетінде алғашқы адамдар саны 1 млн болған. Жер бетінде халық әркелкі таралған. Жер бетіндегі халықтың орташа тығыздығы 1км2-30 адам

Еуропа мен азияда 100 адамнан

Аустралия мен мұхиттық аралдарда 10 есе аз

Халықтың ең көп шоғырланған аумақтары:



  1. Шығыс Азия, Қытай, Жапония, ҚХДР, Корея Республикасы /1млрд астам/

  2. Оңтүстік Азия, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістан /1 млрд/

  3. Оңтүстік Шығыс Азия, Индонезия, Тайланд, Филиппин, Малайзия /1 млрд/

  4. Еуропа

  5. Атлантикалық аймақ: АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігі

ІІІ. Белгі қойып оқыту

Тақырыптың 2 обзацын 129 бетті оқып шығып оқушы белгі қойып отырып толтырады.



Бұрыннан білемін

Білмеймін

Жанадан білдім

Түсінбедім

+

-

+

?

IV. Урбандалудың аймақтық айырмашылықтары

Қоғамның дамуына орай қоныстанудың жаңа түрлері пайда болды.

Қала халқы және ауыл халқы

Көбіне қоныстану түрін анықтағанда тұрғындар саны есептеледі, бірақ бұл көрсеткіш барлық елдерде бірдей емес.

Солтүстік Кавказ бен Венгрия жеріндегі тұрғындар саны 10-12 мыңнан асатын ірі елді мекендерде халықтың ауыл шаруашылығында жұмыс істеуіне байланысты қала дәрежесі берілмеген елді мекендердің барлығы ауылдық қоныстар деп аталады.

Ауыл халқының саны жөнінен І орын Қытай /838 млн адам/

ІІ орын Үндістан /720 млн адам/

ІІІ орын Индонезия /127 млн адам/

Жер шарының 51% ауылда тұрады, дегенмен индустриялық қоғамда қалалық қоныстану қарқынды өсуде. Болашақта ара салмағының өзгеруі де мүмкін.

Қазіргі уақытта урбандалу мынадай жалпы белгілермен сипатталады:



  1. Қала халқының тез өсімі

  2. Ірі қалаларда халықтың басым шоғырлануы

  3. Қалалардың «жойылып кетуі» және олардың территориясының кеңеюі.

  4. Агломерациялардың құрылуы

  5. Мегаполистардың құрылуы

Ізденіс тенденциясы сәті

Анықтау. Салыстыру. Не байқадың?

Өз беттерімен оқулық мәтінін пайдаланып және 30 сызбанұсқамен жеке аймақтардың урбандалу деңгейі мен ауқымына әсер ететін факторларды анықтайды.

V. Урбандалу кезеңдері



  1. Кемелденген урбандалу

Сипаты: субурбандалу, урбандалу, қазіргі заманғы урбандалу

Қала халқының үлесі 75%-дан жоғары



  1. Дамыған урбандалу

Сипаты: қала агломерациялары мен мегаполистер, миллионер қалалардың жедел өсуі.

Қала халқының үлесі 50-75%



  1. Қалыптасып жатқан урбандалу

Сипаты: қала санының артуы, ірі қалалардың өсуі

Қала халқының үлесі 50%-ға дейін

VI. Қазақстан 15 млн халқымен дүние жүзі бойынша 50 орын. ТМД елдері арасында 4 орында. Халық ең тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы, 4 млн астам тысқары жерде 54 мемлекетте тұрады. Халықтың ең сирек қоныстанған жері Маңғыстау, Атырау облысы. Қала халқы саны 57%, ауыл халқы саны 43%, 130 ұлт өкілдері тұрады. 2008 жылы дүние жүзінде 422 миллионер қала болса, біреуі Алматы қаласы.

Атақты демограф М.Тәтімов біздің халқымыздың өсуіне әрбір шаңырақтың 4-ші перзенті ғана жағдай жасай алады дейді. Оны былай түсіндіреді. Бірінші бала болса әкесінің орнын, қыз болса анасының орнын, үшіншісі халықта болып жатқан әр түрлі шығындарды толықтырса, яғни үшінші баладан халық саны өспейді, не өшпейді, ал төртіншісі ғана халықтың өсіміне бір ақ сан қоса алады екен.

VII. Шығармашылық жұмыс. Болашаққа болжау.

Болашақта 2025 жылы дүние жүзі халқының саны 8 млрд болады деп күтілуде. «Дүние жүзі халқы өсуі мен қоныстануы жөнінде менің жобам» тақырыбында оқушылар ойын білу тапсырмасы.

VIII. Тест. 10 сынып


  1. Жоғары урбандалған елдер

а/ азия, еуропа

в/ америка, еуропа

с/ африка, аустралия


  1. Халық тығыз қоныстанған аймақ

а/ Солтүстік Америка

в/ Еуропа

с/ Оңтүстік Азия


  1. Халық санының тез өскен кезеңі:

а/ ХХІ ғасырдың басы

в/ ХХ ғасырдың екінші жартысы

с/ ХІХ ғасырдың соңы


  1. Қала рөлінің басымдылығы мен қала санының артуы

а/ урбандалу

в/миграция

с/рурбандалу


  1. Қала халқы саны басқа елден келіп келушілер есебінен өзгеруі не деп аталады?

а/ көшіп-қону

в/ табиғи қозғалыс

с/ механикалық қозғалыс


  1. Демографиялық саясат – бұл:

а/ білім беруді жақсарту

в/ халық санының өсуін реттеу

с/ қоршаған ортаны жақсарту


  1. Жер шарындағы халық санын анықтау:

а/ халық санағы арқылы

в/ сауалнама жүргізу арқылы

с/вакцина егу арқылы


  1. Урбандалу дегеніміз:

а/ ауылдан қалаға қоныс аудару миграциясы

в/ сыртқы миграция

с/қала халқының өсу процесі


  1. Урбандалудың жоғары деңгейі:

а/ агломерация

в/ экономикалық аудан

с/ мегаполис


  1. Халықтың өсу заңдылықтары туралы ғылым:

а/ этнография

в/ биография

с/ демография

ІХ. Үйге тапсырма



29 параграфты оқу, сөздіктермен жұмыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет