Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет160/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
«Раббымыз, біз 
өзімізге зұлымдық жасаушыларданбыз. Егер сен бізді 
рақымыңа бөлеп, күнәмізді жарылқамасаң, сөзсіз, біз 
ұтылғандардан боламыз»
140
 
деп кешірім тілеп, тәубе етті. 
Тәубелері қабыл болды. Шайтан одан әрі ызалана түсті. 
Шайтан енді Адаммен қоса оның ұрпақтарын азғырумен 
139
Ағраф сүресі, 12-17 аяттар.
140
Ағраф сүресі, 23-аят.


263
ИМАНИ ГҮЛ
болды. Адам пайғамбардың ұрпақтары хақ жолында 
жүрген сайын оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті. 
Пұт атаулыны күл-талқан етіп, жер жаһанға Хақты жаяр 
соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келгенде, сірә 
шайтан қатты ашуланып, терісіне сыймаған болар. 
Міне, осылайша тұла бойын ашу билеп, ішін 
қызғаныш өрті шалған Ібіліс айықпас тәкаппарлық 
ауруына шалдықты. Алланың рақымынан қуылып
болмысындағы тәубеге деген барлық жолдарды бітеді. 
Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай 
қайтуы да мүмкін емес-ті. 
Үнемі адамдарды қойша бауыздап қырып жүретін
қатігез адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің мүлдем 
өшетіні секілді шайтанның да бойындағы тәубе етуге, 
Хаққа бет бұруға деген қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор-
нын тек ыза мен кек қана басқан. 
Шыдамы таусылған момын адамның ашу үстінде 
ешқандай үгіт-насихатты тыңдамай, өршелене түсіп, 
алдындағы адамның кім екенін де ажыратып жатпай небір 
сорақы іс-әрекеттерге баратыны секілді шайтан да мәңгі-
лік ашу үстінде. Адам ұрпағының әрбір жетістігі оны ашуға 
булықтырып, қызғаныштың қызыл отына көмгендіктен 
ол өзінің кінәсын мойындап, тәубе етуді бір сәт болсын 
ойламақ емес. Өйткені, оның болмысындағы игілікке, 
ізгілікке деген барлық жақсы сезімдер мен қасиеттер 
өшіп, өзі қызғаныш пен тәкаппарлықтың айықпас дертіне 
шалдыққан. Адам ұрпақтарының әрбір жетістіктерін 
көрген сайын ашуға булығып, ал керісінше адасулары-
нан ләззат алып, жаны жай табады. Міне, шайтан осын-
дай кеселге ұрынғандықтан оның жүрегі мөрленіп, көзі 
перделенген. Бойын ашу кернеп, Хақтың рақымынан 
алшақтаған сайын алшақтай түсуде.


264
ИМАНИ ГҮЛ
Дұрысын Алла біледі. Ұлы Жаратқан бізді шайтанның 
кесірінен сақтап, әрдайым тәубешіл құлдарынан болуды 
нәсіп етсін!


265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет