273
ИМАНИ ГҮЛ
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның
ашқан соғысы жиһадқа жатпайды.
Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттермен
Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі
«бейбітшілік, амандық -есендік» деген мағынаға саяды.
Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты
орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне,
сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде
қал -жағдай сұрап емес, «бейбітшілік пен тыныштықты
тілеп амандасады. Мұсылмандардың сәлемдесуде ай-
татын
«әссәламу алейкум»
сөзі
«сендерге Алланың
бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы болсын!»
де-
ген мағынаны білдіреді.
«Ислам», «сәлам», «мұсылман»
сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни, бейбітшілік
пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам
бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы
сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен
сөйлеуінде, өзгелермен қарым -қатынасында, қысқасы,
әрбір іс -әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: