Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет190/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
Ал басқа дерек көздеріне сүйенсек, бұл жалған сенім 
Мысырда ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы грек-
терге, осылайша батыс әлеміне жеткен. 
Шығыста тәнасұх сенімінің ең көп тараған жері 
–Үндістан. Ганга және Сент өзендерінің бойында өмір 
сүрген тұрғындар адам өлгеннен кейін жаны құсқа ба-
рып қонады, сол арқылы тіршілігін үзбейді деген пікірге 
иланған. 
Бұл сенім түрлі қоғам мен мәдениеттердің 
ерекшеліктеріне, уақыттың өтуіне қарай әр түрлі си-
пат алып, өзгерістерге ұшырап отырған. Сондықтан 
бұл жалған көзқарас көне Греция, Мысыр, Үндістан, 
Қытай, Иран елдерінде әр түрлі. Айталық, тәнасұх пікірі 
Үндістанда жалпыға ортақ кейіпте болса, Будда мен Брах-
ман діндерінде аңыз ретінде сипатталады. Тіпті мынадай 
ой қалыптасқан: 
«Тазарған күнәсіз рухтар Нирванаға қол 
жеткізеді, ал күнәһар рухтар болса, тазарғанға дейін 
аңдар мен айуандардың денелерінде көшіп жүреді». 
Көне мысырлықтар реенкорнацияны адамнан 
жануарға, жануардан қайтадан адамға өту деп түсінген. 
Иранда болса, тәнасұх мәселесі пәлсападан гөрі 
діни негізде қолға алынған. Бұл пікірді Зороастризм 
мен Мәздақы секілді діни топтар арасынан қолдағандар 
да шыққан. Көнеден келе жатқан бұл жарамсақ пәлсапа 
Иранда Ғұлат секілді кейбір Шиилік ағымдарға да 
араласқан
176
.
Жинақтап айтар болсақ реенкорнацияның негізгі 
басты-басты сенімдері мыналар:
1. Рухтар бір денеден екінші денеге мәңгілік өтіп 
жүре береді. Буддада кемелденген рухтар «Нирванаға» 
жетеді.
176
Меһмет Кыркынжы, Рух недир? 74-бет. Зафер иайынлары, 
Станбул.1993 ж.


309
ИМАНИ ГҮЛ
2. Адам үшін жұмақ пен тозақ ақыретте емес, осы 
дүниеде әр түрлі денелерде болады. Олардың түсінігінше, 
Жұмақ – бұл дүниеге сау-саламат, қуанышты әрі бай болып 
келіп, рахаттанып өмір сүру болса, Тозақ – ауру-сырқау, 
мүгедек, жетім болып келіп, қиналып, бар ауыртпалық-
тарды бастан кешу ғана. Қиямет – кісінің өлімі, қабір – 
ана жатыры, ал өлгеннен кейін қайта тірілу болса, тенасұх 
жолымен қайтадан дүниеге келуді білдіреді. 
3. Жақсы іс істегендер келесі келулерінде әдемі, сұлу 
денелерде, ал жамандық істегендер жағымсыз денелер-
де келеді. Жаман адамдар жазаларын түрлі жан-жануар, 
өсімдік және жансыз нәрселерге көшу арқылы тартады. 
4. Адам және барлық жан-жануарлар – жауапкершілік 
иелері. Яғни, Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті. 
Жан-жануарлармен қоса барлық жан иелеріне пайғамбар 
келген әрі келуде.
Реенкорнация 
сенімінің 
исламдағы 
негізгі 
ұстанымдарға және жалпы қисынға қайшы жақтары 
төмендегідей
1. Ислам діні бойынша әрбір адам жеке өзінің өмірі-
нен, істеген істерінен жауапқа тартылады. Ал мыңдаған 
денеге кіріп шыққан рух – біреуінде жақсы, екіншісінде 
жаман, үшіншісінде тағы жақсы болды делік. Сонда ол 
қай денеде атқарған істері бойынша сұраққа тартылады?
2. Ислам діні және басқа да Құдайылық діндер бой-
ынша, адамдардың барлығы мына дүниеде істеген әрбір 
ісінің қарымын ана дүниеде алады. Ал енді бір денеде 
істеген жаманшылығы мен жақсылығының қарымын 
алу үшін екінші бір денеге кіретін болса, онда тозақ пен 
жәннат кім үшін? Арғы дүниеде адам рухының рахатқа 
бөленіп, байыз табатын Жәннат мекені болмаса денеден-
денеге өтіп рухани тазарудың қандай пайдасы бар?


310


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет