Өртеңде ұшқан көбелек



Дата13.08.2017
өлшемі124,42 Kb.
#23313
Өртеңде ұшқан көбелек.
\Сағат туралы айтылмаған сыр\

Жан жылуының жып – жылы лебі жүрегіңде қалғанмен де, тіршілігінде шеріңді тарқата сырласа алмаған рухтар болды. Тағдыр талайыңды таразылығанда, шешуші кезеңдерде, күйінген – сүйінген тұстарында демімен демеген сол бір жандардың бейнесі көз алдыңда елестегенде:

Жан сүйер сөз саулықта,

Айтыла бермейді екен ғой.

Жандарыңды жай уақта,

Азырақ ұққан ғой,-

деген Тайыр ақынның жалғанмен қоштасар сәттегі соңғы өкініші еске түседі. Ол адаммен тіршілік те араларыңызда араздық болған да жоқ, бір – біріне немқұрайлы да қарай алмайтынсың, көңілінен ұмытылған да емес, бірақ көк етің сөгіліп сырласқанда емессің. Тек өлімі ғана ойға қалдырып, көкрегіндегі өксіктің орыны жаныңа бата сыздататы. Мен үшін сондай аяулы да қаяулы тұлғаның бірі – Сағат, Сағат Әшімбаев. Неге екенін қайдам, мүмкіндігім бола тұра, көк бауырдай болып жабыса да алмадым, жанына жатпауыр жан да болып кете алады. Өмірінің соңғы төрт бес жылында сәлемімді жүре алып, тілдесіп: “Сенімен оңаша, кеінен сойлесемін” – деп бәрін кейінге қалдырып, асыға басып кетіп бара жатқан тұстарда да көңілімізді ақ сәулелі жүбі үзілген жоқ еді. Ол мен қатарлылардың бәрімен оған “сен” деп еркін сөйлесіп, еркелеп жүрді. Ал мен болсам оның жүрегіне тура бастап апаратын жолдың ең соңғы баспалдағын дәтім жетіп аттай алмадым. Өз ішімді өртеген сезімдермен арпалысып, үнемі ол тұрған жерден сытылып кетіп жүрдім. Ол да жарқылдап келіп, бәрін кешкен кейіппен, кешіріммен бауырына баса қойған жоқ. Бірақ мені ұйатқа қалдырған сол бір оқиғаны ол жұртқа жаймады, сыртына шығармады. Рымғали Нұрғалиевке таң атпай телефон шалып, “Өртеңнен басы жаңа қылтиып келе жатқанда қиылып кетер. Шырғалаңнан арашалап алайық. Кейін ел – жұрт бетіне басып жүрер. Азаматтың сағы сымбасын”, - деп мен үшін шыр – пыр болыпты сөйтіп жүріп Рымғали аға, Жәнібек, Несіпбек төртеуі мені шырмауықтан шығарам деп жүріп автомобиль апатына ұшырап еді. Олар аман қалды. Мен шытырманнан құтылдым. Сол оқиғадан соң мен бетіме шіркеу түскендей именіп, азаматтықтарына рахмет те айтпай, олардың мен үшін қатерге ұрынғанын есіме алған сайын төбе – құйқам шамарлап, өзімді - өзім жек көрдім. Тым құрыса рахмет айтуға жарамадым. Олар менің есіме қайтып ол оқиғаны салған жоқ. Жасыратын несі бар. “Жүрегінің ерте күіп кетуіне сол оқиғаның да себепші болуы мүмкін ғой” деген сезіктен серги алмай келемін. Иә, ол да мүмкін. Мүмкін емес, дәл солай да. Ал дәл сондай арашаға тек жалғыз мен үшін ғана түсті деймісің. Ондай оқиға апталап болмаса да ай сайын кездесіп отырғаны кәміл еді.

Оның жүрегі ашыл деген сезіктен серги алмай келемін. Иә, ол да мүмкін. Мүмкін емес, дәл солай да. Ал дәл сондай арашаға тек жалғыз мен үшін ғана түсті деймісің. Ондай оқиға апталап болмаса да ай сайын кездесіп отырғаны кәміл еді. Оның жүрегі ашылған жапырақ сияқты ешқашан жабылмайтын. Жапырақ жүрегі үлкен кішіге бірдей ашық еді. Алғасыз ашылған жүрекке біз кейде тұз, кейде бұрыш сеуіп жіберіп жүрдік. Тіпті, қабірінің басындағы ескерткіштерде де оның жүрегін ұстап тұруы – сол бір тұздықтардың жүрегін жиі ашыта бергендігінде болар. Неге екенін өзім де түсінбеймін. Кеңсайдағы бейіттегі Жәнібектің тұғыртасында отырып, біресе Сағаттың, біресе Оралханның ескерткішіне қарағанда: көз алдыма үнемі ертең де ұшып жүрген көбелек елестейді. Бәлкім тамыры күген, дінін от шалған күнгейінен күйіп иесі кеткен, жаңа ғана бас көтеріп, жасылданып келе жатқан “көк ескінге” \М.Әуезов\ су себелеп, күннің сәулесін қанатымен көлеңкелеп, қайсысына қорған боларын білмей тынымсыз ұшып жүрген көбелек - өмір де тура сондай күй кешкен Сағаттың рухы шығар. Солай еді деп күштеп сендіре алмаймын. Бірақ, қанаты күйген көбелек рухтар қаншама? Соның бірі – Сағат, бірақ соңғысыемес шығар.



Бірақ, “жансүйер сөзді саулыққа” естімейкеткен өртеңде ұшқан көбелектің соңғысы да Сағат бола қалмас.

Оның әдебиеттегі жолы өте жеңіл болды. Салған жерден қасқайып алдыңғы қатарға шыға келді. Уайым да аз, көңілі жаз, мәз болды дейтіндер дебар. Бұл сөзді қатарластарыжиі айтатын. Рас, бір екі көйлекті бұрын тоздырғанымен, өлең – мақалаларымыз жарыса жарияланғандықтан ба, ол тез есейіп, тез өсіп, ілгері толқынмен тез араласып, тұрғыластарынан ерте қара үзіп кеткендей көрінетін. Оралхан мен Сағат екеуі қарама қарсы отырып алып, өздерінің қалай өлең жазғандарын күле айтып, ішіне тарта сөйлейтін шақтар кейін сиреп кетті. “Сағынып салмақтарын, таяққа тіреп тұрып” – де,ймісің. Қалай табасыңдар. Біздің оймызға келмейтін сөздер” – деп өзіңді асықтай үйіріп әкететін кездерді сағынатын болдық. Ол қызыметке аралақаннан кейін бар жоғы екі жыл өткен соң Ғабеңдермен \Ғабит Мүсірепов\ сырласып, жазушылар одағының бас баяндамасын жасайтын төреші дәрежесіне көтерілді. Арадағы жас айырмашылығына бедел айырмашылығы қосылды. Бара – бара Сағаттың мысы әлі шикіөкпеліктен арылмаған ббізің иығымызға шығып алып, басты да тұрды. Бұған шамкес таланттар шала бүлініп, шамданып, намысына тиді. Өз басыма содан кейін ізет бітіп, қайтып қатарлас ретінде онымен қатар жүргемін жоқ. Жетеледі, жетекке тартты, қатарластырғысы келді. Бірақ сіңісе алмады. Ол әдебиеттін өз перзенті, төл таланты еді де мен кірме сияқты едім. Содан бері отыз жылға тарта уақыт өтіп, өз сөзіме өзім жауап бере алатындай деңгейге келсемде, әлі де сол бір кенжелік сезімнен арылғамын жоқ. Өйткені, әдебиет әлемінде емін-еркін жүзу-Сағат сияқты санаулы саңлақтардың ғана қолынан келетін және ол заңды да еді. Сағат өзімен өзі жұмыс істей білетін, өзінің рухын тәрбиелей алатын. Орынын да нақты анықтайтын. Мүмкін бүған оның сыниылық қасиеті ықпал жасаған шығар. Бірақ өзге сыншылар да дәл осы Сағаттай ілгері толқынға сіңіп, араласып кете алған жоқ кейде өзінің ересек орта мұны орталық партия комитеті мен қауіпсіздік комитетіне жеткізіп, “жас алашрдашыларға” (Маған – Т.Ж.) шара қолданып, партиядан, жұмыстан шығарудыталап етіпті. “Білім және еңбек” журналының бас редакторы Әбділхамит Мархабаев: “Ол партияда жоқ. Ал журналистің қайда мақала жазса да еркі өзінде. Сол мақаланы басқан газеттің өзіне талап қойыңыз” – депті. Ал ашығын айтайын, Сейдахмет Бердіқұлов мені суқаны сүймеуші еді. Салмақ Сағатқа түсті. Ақыры орталық комитет пен қауіпсіздік комитетінің ортасында түсініктеме жазумен біраз уақыты кетті. Сөгіс алып тынды. Бұл оның қызымет бабындағы алғашқы сөгісі болса керек – ті. Соғыспен құтылып келіп тұрып, маған: “Осының бәрін біліп тұрып неге айтпадың. Әдейі мені арандатқың келді ме? Сөгіске емес, соға қатты ренжіп отырмын” – деді. Уәжімді әуелде тыңдағысы келмеді. Ертеңіне сенікі де дұрыс екен деді. Бар шындықты басында айтпаған себебім: Сағат өте ақкөңіл, білгенін ішіне жасырмайтын, сыр бүкпейтін ақжарма азамат еді. Оның бұл мінезі қызымет бабында да сақталып қалды. Егер де мен Ақлия апайдың және өмірін айтсам, ол мақалаға: “Иә, біле тұрып қол қойдым” – деуден тайынбайтын. Ал, біліп қол қоюмен, білмей қол қоюдың арасында және оған қолданылатын жазаның түрінде де айырмашылық болатыны анық еді. Онда жалаң сөгіспен құтла алмайтын.

Міне, мен осыдан кейін қайиып Сағатқа мақала бергемін жоқ, қолжазбаларымды да қарап шығуды ұсынбадым. Ол бұған кәдімгідей өкпелеп жүрді. “Мақалаң, өлеңің, әңгімең шығыпты. Қолжазбасын көрсеткеннен кейін әдейі оқыдым” – дейтін. Оқуы – оқыды ғой, дегенмен де… Ал мен екінші рет оның басын сынға салғым келмеді. Имандай шыным, жастығым білмеймін, Сағат мені жек көріп кетсе екен. Сонда “С.К”. мен “Л.Ж”.- ның бас редакторлары оған сенер еді – ау – деген мысық тілеім де болды. А. мұның шикілік екенін екі үш жылдан кейін ұқтым. Сағат мен үшін сөгіс алғанын ешкімге тіс жарып айтқан емес. Өзгелер болса… кәдімгідей міндетсір еді – ау.

Ол ақлия мен “Алашорда” туралы мақаланы шығарғанына емес, мені бар шындықты айтпағаныма, соны өзі де білмегеніне ренжіді. Алғаш рет оның көңілін осылай қалдырдым. Сол жылы “С.Қ.”- ның әлгі бас редакторы Семейден депутаттыққа сайлануға барғанда Абайдың мұражайындағы Тұрағұлдың суретін алдырып тастапты . Қызыметкерлер ол кеткен соң суретті қайтадан орнына қойыпты. Осыны айтқанымда Сағат: “Жә, болды, Ешкімге айтпа. Әйтпесе, тағыда алдырып тастар” – деп күліп қойды.

Мұны тілге тиек еткенім, ұлттық идея Сағаттың жан түкпірінен терең орын алған еді. Бірақ соны ашып айтудан көрі асырып жіберуге бейім тұрады. Ондай идеяларды газетке шығарып жіберіп барып, талқыға түскенді жақтайтын. Сағат бұл әдетін “Парыз бен қарыз” телехабарын ұйымдастырған тұсында да сәтті пайдаланады.

Сын жанры – нәзік те уытты жанр. Үнемі ұстараның жүзінде жүресің. Әр сөзін дәлелдеді, нақты және ешқандай несиесіз көңілмен, таза пейілмен айтылғаны ойыңның ұшығынан, талдауынан, тіпті тақырыбының өзінен білініп тұру тиіс. Шығарманың көркем ойына сенуден көрі сыншының қалыс көңіліне сену қиын. Сағат та пенде болғанымен, пендешілікке барды дегенді не соны қасақана мақсат етті денеді өз басым онша мойындай қоймаймын. Қызбалықпен, қыздырмамен пікір білдірген, кейде сөзге ерген тұстары бар. Өзіне өзі қарсы пікір білдірген кезі де болды. Әсіресе, Мұқағали Мақатаев пен Мағауиннің шығармалары туралы етқызулық байқатқаны да шындық. Сол тұста өзінің шарасынан өзі асып, ойын ретті – ретсіз, салмақтамай желдірмелетіп білдіріп жүрді. Егер мұның барлығын қасақана, есе қайыру не әлдекімнің мысын басу үшін, жақсы атты көріну үшін жасады десе – мен бұған сенбеймін. Ол қиянат. Бірақ мұны айтуға мәжбүр еткен, соған қарай қақпайлап әкелген үлкені – кішілі пікірлестері болды. Олар тура сол жылдары айдарланып шыға келгенімен, келер кезеңдерде шаңға көміліп қалды, өйткені олар салмақты, парасатты көркем ойдың иелері емес еді. Әдебиетке желікпен келді де, желмен бірге кетті. Бірақ Сағатты сан ұрғызып кетті. Бұл Сағат үшін үлкен сабақ болды. Өзі де ылғи өкініп, ақтала сөйлеп, жуып – шаюға тырысып жүрді. Бірақ біреу оның бұл күйін түсінді, біреу түсінбеді. Тіпті соны сылтауратып, әлі де іліп – шалып қалатын тұрғыластары бар. Өзін өзі сынға салып, өзгемен ой жарыстырып көрмеген, қамау тері елуге келсе де алынбаған “әдебиетшінің” пікірін сыйлау да, оның аейілінің ақтығына сену қиын.

Сағаттың құшағы мен жүрегі ылғи ашық жүретін. Сол ашылған күйіжабылмый кетті. Әуелі өмір сүрген қоғамы, содан кейін замандстары мына біз – құшағына кіріп ұстараменбілдірмей шетіп, жүрегіне тұз сеуіп кетіп жүрдік. Сағаттың жүрегінің мезгілінен бұрын жарылуына бәріміз де “өз үлесімізді” қостық. Ол мінезіміз қазір де тиылды деп айта алмайтын. Не дос болып, не ашық жау болып жарытпай, көңірсіп – бықсып жүріп жатырмыз. Тіршіліктің құны мен обал- сауабын ойлайтын кезге жеттік – ау деймін. Өз жүрегімізге де үңілетін үңілетін шақ келді.

Ол ғұламалық деңгейдегі оқымыстының дәрежесіне жетті Егер әдебиетке қатысты кітапты Сағат оқымады дегенге өз басым сенбеймін. Соңғы жылда ол қалыпты әдеби теорияның қисындарын былай қойып, философиялық танымға барынша ден қойды. Зеректігі соншалық, ғұламалардың пікірлерін жатқа айтатын. Ойы да толысты, көзқарасы да кеңейді, пайымы да тереңдеді. Ол кейінгі кезде өзінің бойына жиған аса мол білімін ауырлағандай, оны сыртқа шығарудың жолын таба алмай жүргендей қиналып, көрген жерде не оқыды, соның бәрін саған айтып беруге тырысушы еді. Өкініштісі, сол парасат мәйегін өзінің көркем ойы арқылы толықтай сыртқа шығара алмай кетті. Толысқан, толғағы жеткен, тек түйінді тұжырымды, көркем пікірді ғана күтіп жүрген пайымдаулар Сағаттың санасымен бірге суынып қала берді. Абайға келуі – ззаңдылық болатын. Абай арқылы өзінің де қоғамдық пікірлерін жүйелеп жеткізу үшін ұлы ақын туралы сыни фтлософиялық шығарма жазуды армандап жүретін. Ол ойын жүзеге асыру үшін Абайдың астарлы ойларын арқау еткен жекелеген мақалалар жазды. Бұл – Абайға келудің алдындағы сыни барлау болатын. Ол өзінің ең маңызды еңбегіне дайындалып, енді моны қағазға түсіруге бел буған сәтінде үміт дүниесі үзіліп кетті.

Ол – толассыз қозғалыста, жанына тыныштық бермей, үнемі әрекетүстінде өмір сүрді. Бұл мазасыздық оның түбірлі білім алуына мүмкіндік жасады. Қоғамдық бедел әкелді. Буырқанған қуат көзін әдебиетке де, қызыметке де, адамзаттық парыз – қарызды өтеуге де сондай бір қызуқандылықпен, жомарттықпен жұмсады. Күшін іркіп, бір тұғырға шоғырландырып жүрекке күш түсірмей сыртқа шығаруды, есеппен өмір сүруді үйрене алмай кетті, соған құштар да болған жоқ. Ал Желтоқсан оқиғасынан кейін әлгі ішкі қуат Сағаттың өзіне де бағынбай, алған жұлқып, жанын жанытырып жеберді. Мұндай ырғақ пен тіршілік толқысына бір жүректің шыдауы мүмкін де емес - тін. Ол әңгімесесуді, пікір алысуды, ойын бөлісуді және оны түбегейлеп, түбіне жеткізе айтуды ұнататын. Заңды, сөзінің аяғын айтып үлгермейтін, ойынан бұрын өмірінің үзіліп тынарын іштей сезген сияқты…

Сағттың бойындағы үш қасиеті оны тұлға дәрежесіне көтерді. Бірінші: ол тумысынан көркем ойдың өкілі болатын. Әдебиетке деген шексіз сүйіспеншілік оны басқа өнерге мойын бұрғызбады. Әйтпесе оған ғалымдықтың да, атақ дәреженің де, лауазымның да жолы ашқы еді. Екінші: білімнің тұнығынан қанып ішті және ішкен сайын сусай берді. Ол қалыпты білім деңгейім қанағат тұтатын қарабайыр зиялы емес еді. Үшінші: жаңалыққа жаңа идея, жаңа образ, жаңа кітап т.б.\ керемет құштар еді. Дүниеде ол білмей, көрмей қалатын жаңалық болуға тиісті еместей көрінетін. Сол жаңалықты бойына сіңіргенше, түсінгенше, оқығанша, көргенше тағат таппайтын. Содан ләззат алатын. Бұл оның жанының тазалығын танытса керек. Әсіресе басылмаған көңіл - өмірді шексіз және қалтқысыз сүйген адамға ғана тән. Ол қашанда қысылғанға қол ұшын беруге асығып, жазықсыз жалаға ұрынғандарды қорғауға дайын тұратын. Ақын Өтежан Нұрғалиевке деген құрметін сыншы ретінде де, азамат ретінде де көрсете білді. Желтоқсан оқиғасы тұсындағы азаматтығы да сол адамға деген сүйіспеншілік сезімінің күштілігінен қайнар алғаны анық.

Ол өз замандастарының ішіндегі ең білімді, озық ойлы, белсенді көркем ой иесі болды. Сағаттың пікірімен классиктер де, классиксымақтанғандар да классик боламын дегендер де есептесті. Ойын орынымен айта да білді, айтқанына мойындата да білді. Қазақ сыни ойының даму тарихында алатын Сағаттың өз орыны бар. Жетпісінші – сексенінші жылдардың арасындағы әдеби өмір сөз болғанда оның есімі аталмай қалмайтындай беделге ие болды. Оның сындағы жаналығы – ол өзінің пікірін әдеби – теориялық мәселені көтере отырып, талдауды қалыптастырды. Сол арқылы жекелеген шығарма мен жазушыны ғана сөз етпей, жалпыға ортақ көкейкесті мәсклені саралап, тұжырым жасады. Нақты монаграфиялық зерттеу жазбағанымен де, зерттеу мақалалары және сондағы тың пікірлері арқылы түбірлі түйіндер жасай білді. Сағаттың негізгі еңбектері өзі өмір сүрген кезеңдегі әдеби процеске арналады. Қалай екенін қайдам, әдебиет тарихының проблемалары мен тарихнамалық тақырыптан бойын аулақ тұстары. Таным мен тарих, сана мен саясат тоғысатын талмалы тұстың табалдырығынан аттай алмай – ақ кеті. Неге? Оның себебін енді ешкім де білмейді. Ал оның түйткілді тарихи танымның тамырларын Сағат жақсы білді.

Танымның тамырын тазартып алмасақ – тағылымға жол ашылмайды. Сондықтан да Сағат Әшімбаев туралы айтылып жүрген қилы – қилы пікірлерге де тоқтала өткім келеді. Сағат – ешкімнің жалған жамылғысынсыз – ақ Сағат. Оның өз тұлғасы бар. Заманы мен заңына сай өмір сүрді. Сондықтан да, әсіресе бояу жағып, әшекейлеудің ешқандай қажеті жоқ. Демек, сыншы жәнен қайраткер Сағат Әшімбаевтің өзі өмір сүрген қоғамның идеологиясынан тыс және оған бойсынбай ғұмыр кешті деу – жалған. Ол бунтарь ойшыл, сыншы бунтарь емес. Заманның шинелін киген, бірақ оны қалаған кезінде иығынан ысырып тастаған азамат. Ол өзі таңдап, өзі кесіп – пішкен шапанды ғана киген қайсар ой иесі. Төлен Әбдіковтің: “Сағат пен буржуазияның арасы нашар көрінеді” – деген әзілі де әр нәрседен хабар береді. Алайда Сағат ешқашанда жалаң идеяның соңында кеткен ұстамды зиялы. Және мұндай талдауларды тақырыпқа негіз етіп алып отырған шығармаларға арқа сүйеп отырып жасады. Онсыз пікір қозғау да мүмкін емес болатын. Соның өзінен Сағат исі көркем дүниеге ортақ түйткілді мәселенің түйінін таба білді.

Сағаттың сыншылық мектебі қалыптасты ма? Егерде тағдыр оған тағы бір он жыл ғұмыр бергенде оның өзіндік мектебі қалыптасатыны сөзсіз еді. Өйткені, ойы кемеліне келіп, бойындағы ақыл парасатының барлық мүмкіндігін бір арнаға тоғыстыратын дүлдүл шағына қадам басып еді. Ол мектептің есігін Абаймен ашар еді. Ал азаматтық мектебі қалыптасты. Сағаттың адамгершілігіне сүйінген, сол жолды ұстанған, оның өмірін өзіне үлгі тұтқан бір толқын қауым бар. Қазір, сол Сағатпен қатар жүрген, соңына ілескен, сыннан сытылып кеткен, бірақ өзін сыншы деп мойындатқысы келетін, өзін тым жуас көрсетп, адалсынғансып: “Менің ештеңемен шаруам жоқ. Пәленше туралы түгенше алай дейді? Соның өзі қандай адам. Артып тұрған ештемесі жоқ сияқты. Жазғанын білеміз ғой” – деп мүләйімсіген мүттәйімдер пайда болды. Мұхтар Әуезовті мойындамауға дәрмені жоқ, алайда Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповті оқымағанын, үйінде тіпті кітабы жоқ екендігін мақтанышпен айтатын түлкібай әдебиетшілер бой көрсетті. Бұл – көркем ой емес, бұралқы ой. Пікір емес – мікір . Міне, Сағат Әшімбаевтің азаматтық үні осындайда керек еді. Өзге - өзге, сыни пікірді дәл осындай мүжәздік күйге түсірмейтін еді. Қай тұрғыдан тұжырым жасарын білмеймін, бірақ бей – жай қалмайтыны анық. Егер Сағаттың сыншылық мектебі қалыптасып үлгергенде мұндайға жол берілмес еді.

Үшінші түйткіл: Сағат кезінде белгілі бір топтың ықпалында болды ма? Қаншалықты сеніп, қаншалықты сіңіскенін білмейтін, бірақ қақпайлағандар болды. Қазіргі үлкен кіші әдебиетшілердің арасында топшылдықтан шинелін кимеді деп ант – су ішкен адам болды, онда оның нағыз екіжүзді болғаны. Топ - өмір сүрудің, өзіңе жол ашудан, адам қатарына қосылудың, жұмысқа орналасудың, билікке жетудің, үй алудың қажетті тәсілі болды. Қазір де солай. Қазақтың, оның ішінде әр қайсымыздың ең осал тұсымыз осы. Ол – мектеп! Содан кәртәміс классик те, жасамыс жазғыш та өтті. Ендеше одан Сағат та өтті. Бірақ өзінше өтті. Өзін өзі сақтай алмағанмен, тобырға ңлесіп, соқыр топтың жетегінде кеткен жоқ. Жақсыға жанаса, жастарды жанына тарта жүрді. Бауырына тартқанның бірі – мен болдым. Қайтейік, ілесе алмадық. Сонда да сырттай болса да демеп жүрді. Оған тағы бір дәйек келтірейін.

Өнерде, соның ішінде әдебиетте абсалютті шындық деген болмайды. Екіншіден талғамы бір жерден шығып көрген емес. Оған пендешілік мүдде араласқан кезде жайшылықтағы бейтарап пікірдің өзі шешілмейтін шытырманға айналады. Жетпісінші жылдың аяғы мен сексенінші жылдардың екінші жартысына дейін “Жұлдыз” бен “Қазақ әдебиетінің” арасында іштей арбасқан қырғиқабақ жағдай қалыптасты. Қызыметкерлер бірінен біріне ауып жатса да салқындық сақталып қалды. Соның ішінде сын бөлімдерінің пікірі бір – біріне шәлкем – шалыс келіп жатты. Мен” Жұлдыздың” сын бөлімінде істейтінмін. Сол тұста біраз қауымға жеккөрінішті болған жайым бар еді… Ақыры “лениншіл жас газетінде мен туралы “Шайтанға шарғы кигізген кім?” – деген фелетон шыға келді. Арашалайтын ағайындарым сырт беріп кетті. Сонда алдында ғана мені тәп тәуір сілкілеп алған Сағат Әшімбаев қана жазушылардың пленумында қорғап шықты. Ол пікірі марқұмның көз жұмғаннан кейін жарияланған “Шындыққа сүйіспеншілік” атты кітабындағы “Сыншыл ойдың сыпты немесе сексенінші жылдарға көзқарас” деген мақаласына жарияланыпты. Егерде Сағат Әшімбаевтің әділетсіздікке төзе алмайтын адалдығы болмаса, үнсіз қала беруіне де болатын еді. Адамдықтың ақ жібін аттай алмайтын жанының тазалығы мені осымен екінші рет абройыздықтан құтқарып алды.

Соңғы рет теледидардағы бөлмесінде кезіктім. Сөзін шегелеп тұрып айтып: “Неге алыстап кеттік? Күнделікті аман - сәлеммен шектеліп қалдық. Соның себебін айтшы, топ пен тобырдан шыға алмай жүрсің бе?” – деді. Мен өзімнің неге қысылып жүргенімді, мен үшін автомобиль апатына ұшырап, құдай сақтап аман қалғанын, сол үшін кінәлі санайтынымды айттым. “Ой сенде қайдағыны еске сап”, - деп ойланып қалды да әңгімені басқаға аударып әкетті. Енді міндетті түрде оңаша кездесіп, әңгімелесуге уағдаластық. Әттең, дүние – ай, әңгіменің орынына жоқтау айтылды.

Айтылмаған сөз бір түнге созылатын сыр ма, жоқ, бір ауыз сөз бе? Әйтеуір, маған мынау дүниеде Сағаттың дауысы жетпей тұрғаны анық.



Тұрсын Жұртбай.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет