351
ИМАНИ ГҮЛ
аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ,
тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты
екенін аңғарамыз.
Себебі, кез-келген
музыка аспабының жақсы-
жаман әркелкі тартылуына, бұған қоса, айтылатын ән
мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға
тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне,
сондықтан
харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай
қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы, сіріңкені бейкүнә біреудің үйін өртеу
тәрізді қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру
сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады.
Адам
табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті-
еріксіз көптеген нәрселерді қалайды. Мысалы, көркем
табиғат көріністерін тамашалағанда
бойы сергіп рахат-
танады. Өзеннің сылдырап аққан үні өне бойына ерек-
ше әсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы, ормандағы
тоты, бұлбұл секілді жыршы
құстардың сайрап ән са-
луы да жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады.
Сондықтан адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым
көркем табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауы-
сын естіп, құстар салған әсем әндерді естуге құмартып
тұрады. Ислам діні адам баласын өз табиғатындағы осын-
дай сезімдеріне тұсау салып я болмаса тамырына балта
шауып мүлдем жоқ ету үшін келген жоқ. Керісінше, олар-
ды реттеп, орта жолға бағыттау үшін келді
211
.
Ендеше
музыка – егер адам баласының уақытын босқа өткізіп
ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін қоздырып, ойына
харам нәрселерді салып, жаман пиғылдарға жетелейтін
болса, даңғырығының қаттылығынан мидағы клеткалар-
ды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда
211
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.