Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


ИМАНИ ГҮЛ Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)



Pdf көрінісі
бет50/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікке жетіп, сол салада білік-
ті маман болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса 
да түсінікті. Кез келген бір ғана салада кәсіби мамандық-
қа қол жеткізу үшін ондаған жыл уақыт кетіреміз. Тіпті 
сол салада ғұмыр бойы жұмыс істейміз. Иә, тек бір са-
лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы құрал-
жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі 
бір уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның әр салада 
жетістікке жетіп, барлық салада бесаспап маман болуы 
мүмкін емес. Мысалы, бір адам жоғары дәрежеде тәрбие-
ші, психолог, һәм тамаша бір қолбасшы және аса білгір 
медицина ғалымы, әрі физик және т.б. ғылымдарды игеруі 
ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ осындай 
мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз, 
әр түрлі қым-қиғаш қиын жағдайлардың бел ортасында 
жүріп жүзеге асырған жалғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.). 
Өйткені Ол жай адам емес, адамзатқа әр нәрседе үлгі бо-
луы үшін жер бетіне жіберілген Алла Тағаланың арнайы 
елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз әр саланың асқар 
шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін, тозбай-
тын жаңалықтар әкеліп, ереже-қағида қойды.
• Иә, Пайғамбарымыз – керемет ұстаз, тама-
ша тәрбиеші. Оның (с.а.у.) теңдессіз ұстаздығы 
мен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді. 
Пайғамбарымызға дейін араб түбегінің жағдайы 
қалай еді? Айтуға ауыз бармайтын жаман әдеттер 
мен іс-қылықтардың, зұлымдық пен тағылықтың 
қараңғылығында тұншығып жатпап па еді? Міне, 
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамды бар-жоғы жиыр-
ма үш жыл ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі бо-


92
ИМАНИ ГҮЛ
лар қоғамға айналдырды. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли 
секілді жұлдыздай жарық та биік сансыз тұлғаларды 
жетілдіріп ғаламға кәміл адамның үлгісін көрсетті. 
Тайпа-тайпаға жіктеліп, бір-бірімен қырық пышақ бо-
лып қырқысып, бітпейтін қан дауына бой алдырған 
бұл қоғамда нағыз бауырмашылдық пен ағайындықтың 
бейбіт туы желбіреді. Бір-бірінің мал-мүлкін талан-
таражға салған бұл қоғам Оның (с.а.у.) арқасында бір-
біріне «Бауырым! Сен аш жүргенде, менің бұл жүрісім 
қалай?» – деп мал-мүлкінің жартысын шын көңілімен 
бөліп берді. Тіпті өзі аш болса да, үйіндегі аз ғана 
тамақпен басқаны тойдыру үшін шамды байқамай 
өшіріп алған болып, өзі табақтағы тамақтан қасығына 
еш нәрсе ілместен аузына алып-келіп, қайта табаққа 
апарып, ішіп-жеп отырғандай көрінген періште тәріздес 
сахабаларға айналды. Қоғамның денесіне бойлап, 
қанына сіңген адамгершілікке жат әдет-ғұрыптардың 
тамырына балта шауып, қамырдан қыл суырғандай жоқ 
етті. Пайғамбарымыз (с.а.у.), міне, осындай тәрбиеші, 
осындай ұстаз еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға ешбір істі зорлап-
зомбылап істетпеген. Айналасына жиналған нұр жүзді 
сахабалар Оның аузынан шыққан әрбір сөзді жан-
жүректерімен қабылдап, жүзеге асыру үшін керек болса, 
жандарын да пида етуге дайын тұратын. Әрбір сөзі мен 
іс-әрекеті жанындағы адамдар тарапынан ереже-қағида 
тұтылған бұл тұлға пайғамбар болмаса кім еді?
Оның ұстаздығына тәнті болған Муғауия ибн Хакам 
атты сахаба: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет