Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Уаллаһи, егер менің оң қолыма күнді, сол



Pdf көрінісі
бет47/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   237
Байланысты:
имани гүл

«Уаллаһи, егер менің оң қолыма күнді, сол 
қолыма айды ұстатса да мен бұл дінімді уағыздаудан 
бас тартпаймын», 
– деп жауап берді. Ал, енді 
Пайғамбарымыз жалған пайғамбар болған болса, аспан-
нан іздегені жерден табылған мына ұсыныстардың ал-
дында жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?
Құранда жалпы пайғамбарлардың есімдері ша-
мамен 500-ге жуық рет аталса, Пайғамбарымыздың 
«Мұхаммед»
есімі төрт-ақ рет аталады. Ал енді бәзбіреулер 
айтқандай, Алла елшісі (с.а.у.) Құранды өзі құрастырып, 
пайғамбарлығы арқылы атақ-абырой іздеген болса, онда 
ондай адамның кітапта өзін осылай көрсетуі мүмкін бе?
Алла елшісі мұсылмандардың арасында ең қадірлі 
адам бола тұра үнемі қиыншылықтардың бел ортасында 
жүрді. Үш күн бойы нәр татпастан аш жүрген күндері жиі 
кездеседі. Тіпті кейде аштықтың ауыртпалығы соншалық 
– оны аз да болса жеңілдету үшін ішіне тас байлады. 
Денесі әлсірегені соншалық – намаздарын отырып оқуға 
мәжбүр болатын.
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Алла 
елшісін мешітте көрдім. Намазын отырып оқуда екен. 
«Пайғамбарым, сырқаттанып қалдыңыз ба?»
– деп 
сұрадым. 
«Жоқ, Әбу Һурайра, ашпын. Аштықтан 
түрегеліп оқитын дәрменім қалмады»,
– деді. Мен жы-
лай бастадым. Ол сонда мені жұбатып: 
«Жылама, мах-
шарда есеп қиыншылығы аш болғандарға тимейді»,
– 
деді.
Тағы да бір күні Хақ Пайғамбар, хазіреті Әбу Бәкір 
және Омармен түн ортасында Мәдинаның бір бұрышында 
ойламаған жерден кездесіп қалып, бір-бірінен сұрады: 
«Түн жарымында сыртқа неге шықтыңыз?».
Үшеуінің 


88
ИМАНИ ГҮЛ
де жауабы бір жерден шықты. 
«Аштық...».
Иә, үшеуі де 
Алла үшін барын беріп, енді азық боларлық бір тілім нан 
таба алмағандықтан дөңбекшіп, ұйықтай алмай, сыртқа 
шыққан беттері еді.
Ислам шартарапқа қанатын жайып мұсылмандар 
күшейіп, 
жағдайлары 
жақсарғаннан 
кейін 
де 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның Әбу Бәкір, Омар секілді 
хас шәкірттері де өте қарапайым, жұпыны өмір сүрді.
Бір күні Пайғамбарымыздың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет