84
ИМАНИ ГҮЛ
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазіреті Біләл
Хабаши Шамға барып, Ислам
туын биікте желбіретуге
жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға келді.
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен
Хұсейнді кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.)
бірге өткізген тәтті күндерді еске алды. Әлемдердің Па-
дишасы (с.а.у.) дүниеден озғаннан соң,
Мәдинада азан
шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.а.у.) ақыреттік
болғаннан кейін азан шақыруға тағаты да жетпеді.
Өйткені, азандағы
«Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ»
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік етемін) деген
сөйлемді айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз
жасына булығып, аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың
«менің дүниеде иіскеген екі
райханым»
деген немерелері Хасан мен Хүсәйіннің
өтінішінен кейін, соңғы
рет Мәдинада азан шақыруға
бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүниесімен
азан шақырды. Бүкіл Мәдинада Алла елшісіне (с.а.у.)
деген сағыныш жаңғырды. Ел тегіс көшеге шықты.
Алла Расулының нұрлы өмірін көз алдарына елестетіп,
Пайғамбарымыз қайта тіріліп келіп,
Біләлге азан
шақыртқандай әсерде болды. Сол күні көзіне жас алып
иығы селкілдемеген тірі жан қалмады
22
.
Айналасындағы заңғар
тұлғалардың Оған деген
мұншалық терең сүйіспеншілігі мен махаббаты – Оның көз
бояушылығының емес, тек шынайы пайғамбарлығының
дәлелі болса керек.
• Әрбір нәрсенің шынайысы мен алдамшысы, табиғиы
мен жасандысы ешқашан бірдей болмасы анық. Сауатсыз
адам
ғалымның рөлін, қарапайым адам мемлекет бас-
22
Алау
Әділбаев, Саңлақ сахабалар, 175-бет.
Дәуір баспасы,
Алматы, 2004 ж.