332
Әйел мен еркек тең бе?
«Әйел теңдігі»
мәселесін
қанша даурықтырғанмен,
шындап келгенде, жаратылыс
тұрғысынан әйел мен ер-
кек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерек-
шеленеді. Егер бір-бірінен
ешбір айырмашылығы жоқ
өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел
етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жа-
ратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән
ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ
«Екі жарты бір бүтін»
деген. Әйел мен еркек минус пен
плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса,
еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл
жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары
яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес.
Екеуі
өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін
жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары яки
төмен деу,
жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес.
Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар. Әрбірі соны
дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады.
Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:
Әйел көктен түскен жоқ,
Ол – еркектің баласы.
Еркек жерден шыққан жоқ,
Әйел – оның анасы,- дегеніндей, екі жыныс өкілінің
де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен
асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мыса-