Исламдағы ораза, Ислам түсінігі,Нәпсі түсінігі,Ислам шарттары



бет4/4
Дата06.03.2023
өлшемі74,41 Kb.
#171291
1   2   3   4
Байланысты:
Құдайберген Назерке Жфи 13
Рауза дағдарыс БӨЖ2, пед шебер5 Рауза, 1 лекция (1), прак психол Бөж-1 Рауза, 70, 114-115-116 Рауза Алдаш, Мерей бөж 1
Исламның шарттары
1- Калимаи шаһадат айту
«Әшһәду әллә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ». Мағынасы: «мен шәһәдат (куәлік) етемін: (яғни көргендей білемін және білдіремін) Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед «алейһиссалам» Оның құлы және расулы. «Расуллуллаһқа сену дегеніміз оның білдіргендерін толығымен қабылдау, сену және барлығын ұнату деген сөз.»
2- Намаз оқу
Балиғат жасына толған әрбір мұсылманның күніне бес уақыт намаз оқуы өте маңызды парыз болып табылады. Намаз – діннің тірегі. Намаз оқымау – ең үлкен күнәлардың бірі. Намаз оқымайтын адамның иманды болып өлуі өте қиын. Хадис шәрифте бұйырылған: «Намаз оқыған адам қияметте азаптан құтылады, ал оқымағандар қатты қиналады.»(Табарани)
3- Зекет беру Нисап деп аталатын белгілі мөлшерде, яғни қарыздарын жауып, алатындарын қосып есептегенде қолында (96 гр алтын) құнында ақша немесе саудадағы сатылатын заттың қырықта бір бөлігін беруі парыз. Жеміс-жидек пен егіндіктің оннан бір бөлігін кедейлерге беруі парыз. Бұл зекеттің оннан бір бөлігі Ушр деп аталады. 
«Зекет бермеген адамға Аллаһу та’ала лағнет етеді.» (Нәсаи) 
4- Ораза ұстау.
Рамазан айында бір ай ораза ұстау парыз. Ораза тұтпау үлкен күнә болады.
5- Қажыға бару Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей мал-мүліктен артылған ақшамен барып келе алатын адамның, өмірінде бір рет қағбаны зиярат етуі және Арафат тауында тұруы парыз болып табылады.


Қорытынды
Дін – ақыл-есі дұрыс, өз еркімен иман келтірген адамдарды дүние және ақыретте игілік пен бақытқа жеткізетін иләһи (тәңірлік) заң.
Жер бетіндегі ең алғашқы адам хазірет Адам (алейһиссәләм) – алғашқы пайғамбар. Адамзаттың алғашқы діні – хақ дін. Хазірет Адамнан Исаға дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Алланың бір екендігін баяндаған және қалай ғибадат ету керектігін үйреткен. Бірақ бұл пайғамбарлар жеткізген иман негіздері мен діни қағидалар уақыт өткен сайын бұрмаланып, түпнұсқалары жойылған. Осыған байланысты Алла соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) арқылы бүкіл адамзатқа соңғы әрі ең кемел Ислам дінін жіберген. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі шынайы, ақиқат дін – Ислам діні. Жалған діндердің Алла алдында ешқандай құны жоқ. Алла алдында таңдалған әрі қабыл көретін дін– Ислам.
Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай баяндалады:
Алланың құзырындағы дін күмәнсіз Ислам діні”
Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте қабылданбайды, ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады”
Ислам дінінің көздеген мақсаты – адам баласының бұл дүниеде де, мәңгілік ақыретте де бақытты болуы. Дініміз бұл дүниенің ақырына дейін адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қа-жеттіліктеріне жауап бере алатын талаптар қойып, дүниеде де, ақырет-те де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен. Бұл жөніндегі ислам қағидасының мазмұны мынадай: 
“Еш өлмей-тіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ақырет үшін еңбек ет”.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1."Islam". Encyclopaedia Britannica Online.
2. Encyclopaedia Britannica — Sharïah.
3. «Ислам ғылымхалы»; Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы.
4. Большаков О. Г. История Халифата. — 2-е изд. — М.: Издательская
фирма «Восточная литература» РАН, 2000. — Т. I. Ислам в Аравии.
570—633. — 312 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет