114: Психодиагностика және аралас зерттеу бағыттарын (дифференциалды психология, психометрия, психологиялық бағалау) сипаттап жазыңыз.
Диагностиканың басқа да салалармен байланысы. Қазіргі таңда диагностика әлеуметтік практиканың мынандай салаларында кеңінен қолданылады.
1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық- педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін жақсартуын зерттеуге бағытталған.
2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін зерттеу, некені диагностикалау).
3. Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп диагностикасы). Психологиялық-педагогикалық диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру міндеттерімен тығыз байланысты.
4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық психодиагностика) Бұл соттық психологиялық - психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты.
Сонымен бірге, психологиялық диагностиканың арнайы салаларына тоқталсақ:
1. Жалпы психологиялық диагностика - жалпы, әлеуметтік, дифференциалды психологиямен байланысты. Психологиялық диагностика бұл ғылымдардың ұғымын, заңдылықтарын қолданады. Ал екінші жағынан теориялық шындығын тексереді.
2. Жеке психологиялық диагностика - медициналық, жас ерекшелік, педагогикалық, заңгерлік, спорттық, өндірістік, патопсихологиялық т.б.
Дифференциалды психология – психодиагностиканың екінші қайнар көзі. Оның тамыры Дарвинизм идеясында жатыр. Ол ХІХ ғ атақты Ф.Гальтонның зерттеулерінің негізінде психологияға енді. Экспериментальды психологиялқ әдістерді қолдана отырып, жеке өзгешеліктерге назар аударды. Дифференциалды психологияның негізін қалаушы В. Штерн болып табылады. Ол 1900 ж. психологтар тек қана жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қана қоймай сонымен қатар, индивидуалды өзгешелікті көрсете алады. Дифференциалды психологияның қалыптасуына үлес қосқандардың қатарына А.Бине мен В.Анриды жатқызуға болады.
Дифференциалды психометрия. Дифференциалды психометрия диагностикалық әдістер мен әдістемелерді өңдейтін және зерттелетін субъектінің жеке айырмашылықтарын өлшейтін ғылыми пән болып табылады.
Психометрия (грек, metron- өлшем) - әуел баста: психикалық процестердің уақыттық сипатамаларын өлшеу болып табылады. Қазіргі уақытта психометрия дегенде көбіне психологиядағы өлшеулермен байланысты мәселелердің бүкіл тобы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғымда психометрияға психофизика да қамтылады. Психометриялық процедуралардың аса маңызды белгісі олардың стандартталғандығы, яғни зерттеулердің мүмкіндігінше неғұрылым тұрақты сыртқы жағдайларда жүргізілуі көзделеді. Алынған мәліметтер негізінде идивидумдық қасиеттердің әр түрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір әдістеменің (тест) сенімділігі мен жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады.
Дәлірек айтқанда, дифференциалды психометрия - психикалық ерекшеліктерді өлшейтін психологиялық диагностиканың маңызды тарауы. Дифферециалды психометрия психикалық қасиеттерін сапалық және сандық құрылымын есепке алады, адамдар арасындағы жеке айырмашылықтарды зерттейді. (ес, зейін, ойлау, қабылдау, қабілет, өзін-өзі бағалау, мотивтер т.б.). Дифферециалды психометрия өлшемі психодиагностикалық әдістерінің талаптарына жауап береді; оларды қолданудың жолын іздейді (өңдейді). Өлшем әдістерінің мынандай қасиеттерін көрсетуге болады: объективтік; қайталау және мәліметтерді қайта тексеру мүмкіндігі; сенімділік, жарамдылық және бейімділік т.б.
115: Психологиялық-педагогикалық диагностиканың даму тарихына тоқталыңыз.
Педагогикалық диагностикарың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Педагогикалық диагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында пегогикадан бөлек дами бастады. Ол педагогиканың бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық педагогика. Өйткені педагогикалық диагностика әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды.
Экспериментальды педагогика,психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы «антропометрикаға» ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон «Тест» терминді енгізді, соның атымен педагогикалық диагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да педагогикалық диагностика экспериментальдық дифференциялық педагогиканың әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы педагогикалық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр педагогикалық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм педагогикаға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші педагогикалық диагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Педагогикалық диагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің педагогикалық диагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің педагогикалық диагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының педагогикалық диагностика алғашқы проективтік әдістері пайда болады.
30-шы 40-шы жылдары консультациялық нұсқаулар өзекті бола бастады. 40-шы 60-шы жылдары жеке анкеталар кең таралған болатын. Г.И.Россолиммо (1910) еңбектерінен бастап интелектуалдық дамуының әдістерінің адаптациясымен пайда бола бастағандығына байланысты үлкен жұмыс атқарылды. Критикалық емес мамандардың емес бөгде адамдардың тест нәтижелеріне араласып тез арада дұрыс емес шешім қабылдау арқасында СССР-де педагогикалық диагностиканың барлық зерттеулер таратылған еді. Педагогикалық диагностиканың қайта өрлеуі 60-шы 70-шы жылдарына тура келген.
Педагогикалық диагностика (грек тілінен Diagnostikos-танып білуге қабілетті деген мағынаны білдіреді) жеке тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен оның дамуының ерекшеліктерін айқындайтын әдістерді жасап шығаратын педагогиканың сапасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың даму тарихы шамамен педагогика сапасының даму жолымен сәйкес келеді. Кез келген педагог өзінің кәсіби қызметін жоспарлау барысында өзінің мүмкіндігінің мативациясы мен оның нәтижесін анықтай білуге тырысқан. Мұндай әрекеттер мың жылдықтар барысында әр түрлі әдістер көмегімен жүзеге асырылып отырды.
116: Психологиялық - педагогикалық диагностиканың оқу - тәрбие процесіндегі маңызын талдаңыз.
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың оқу - тәрбие процесіндегі маңызы. Кез келген ғылымды қарастырғанда ең алдымен оның зерттеу объектісін (нысанасын) қарастыру қажет. Объект ретінде әртүрлі сыртқы көріністері, форма, процестер, материалды, материалды емес құбылыстарды, әртүрлі организмдерді (тірі, биологиялық) тануға болады. Әр ғылымның өзіне тән объектісі бар. Объектіде нені зерттеу керек? Мәселен, психологиялық- педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – жеке тұлға (оқушы). Жеке тұлғаның белсендігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның интеллектуалды қабілетін дамытып, өздігінен ізденуге бағыттау болып табылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізі: оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылым мен механизмдерін айрып тану болып табылады. Сонымен бірге, психологиялық - педагогикалық зерттеулер эмперикалық тексеруге келетін фактілерге негізделеді мақсаткерлігімен, жүйелгігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді.
Оқыту диагностикасы - қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие дигностикасы - тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын прцесс ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның моральдық- еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығынының адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдерімен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді танып біледі.
Тәрбие әрқашанда барлық халықтар үшін қоғамның рухани өмірінің құбылысы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасының мәні баланы адам өмірінің ең жоғары құндылығы ретінде қарастыру. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құңдылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалык өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шьнықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Отбасы барлық уақытта өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы–болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |