Исламдағы ораза Рамазан — (араб.: — رمضانрамадан, ислам күнтізбесінің 9-шыайы) — Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күнбатқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады.
Рамадан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды
күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.
Құрбан айт (Араб тілі: ‘ عيد األضحىĪd ul-’Aḍḥā, Урду тілі: – (بقرعيد
мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70
күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі
Қадір түні (араб. | — لَ ْيلَ ِة ْالقَ ْد ِرЛәйләт-ул-Қадір) — қасиетті
түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл
түн туралы Құран Кәрімнің “Қадір сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады.
Мәулид мейрамы (араб.: ِ ( — َم ْو ِلد ُ آلنَ ِبي) пайғамбарымыз Мұхаммед тұған күнін тойлау рәсімі.Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады. Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні
түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл
сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады.
Зул-Хиджа айының алғашқы 9 күнінде ораза ұстауға болады. Бұл туралы мына хадистен табуға болады: «Зул-хиджаның алғашқы күндерінде ораза ұстау бір жыл ораза ұстаумен тең».
Мұхаррам айы – осы тыйым салынған айда ораза ұстау сүннет болып саналады. Өйткені, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі былай деген: «Рамазаннан кейін, ораза ұстауға ең жақсы ай Аллаһтың айы – Мұхаррам».
Шаабан айы – ораза ұстауға қолайлы тағы бір ай болса, бұл шаабан айы болмақ. Ай күнтізбесі бойынша ол Рамазанның алдында болады. Бұхари хадисінде Аллаһ Елшісі бірнеше күндерді қоспағанда, Шаабан айында ораза ұстауға қатты көңіл бөлген деген ескерту бар.
Шәууәл айының 6 күнінде де ораза ұстаған жөн. Шәууәл қасиетті Рамазан айынан кейінгі ай. «Егер біреу Рамазан айында ораза ұстап, және Шәууәл айында тағы алты күн ораза ұстаса, онда ол бір жыл бойы ораза ұстағандай марапатқа ие болады» деген хадис бар.
Дәуіт Пайғамбардың оразасы. Имам әл-Бұхари мен Имам Муслим риуаят еткендей: «Аллаһ үшін ең сүйікті ораза да – Дәуіт Пайғамбардың оразасы. Ол түннің жартысын ұйықтап, үштен бір бөлігінде намаз оқып, алтыдан бір бөлігінде тағы ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, бір күн аузын ашып жүретін».
Ислам (араб.: إسلام) —әлемдік монотеисттік
авраамдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед.
Ислам діні ең маңызды жолдама ретінде бейбітшілік пен бағынуды өзінің ұраны ретінде таңдаған. Сондықтан Ислам алдымен өзінің атымен жолдама жасауда.
Ислам Алланың заңдарына мойынсыну, бағыну дегенді білдіреді. Әрқандай бір нәсіл, ұлт және топқа тән болсын немесе болмасын қалағаны бойынша өз дініне сене алады. Алла жаратқан адамның рахат өмір сүруі, бақытты болуы және аман-есен жүруі және осы дүние мен ақыретте тек Алланың бұйрығы бойынша жүзеге асуы мүмкін.
Ислам--Алланың адамдарға жол сілтеудің аты болып табылады. Жаратушы Алла Тағала Құранның құдайшыл адамдар үшін, яғни өмірін Алланың бұйрығы бойынша кешіргісі келгендер үшін жол көрсетуші кітап екенін баяндайды.Алла тарих бойынша әлемнің әр жеріне және түрлі қауымдарға жөн сілтеу үшін көптеген пайғамбар жіберген. Ислам ғұламаларының көзқарасы бойынша пайғамбарлардың адам баласына әкелген негізгі діннің аты Ислам. Бір аятта «Дінді дұрыс ұста және бөле-жарушылық болмасын деп Нұх пайғамбарға бұйырғанын, саған өсиет еткенін Ибрахимге, Мұсаға және Исаға бұйырғанын сізге де дін қыл» деп бұйырып, барлық пайғамбарлардың әкелген дінінің Ислам болғанын білдірген.
Өзгеше аттармен аталса да Алланың пайғамбарға тапсырған діні Ислам болып табылады және жолдамалары бірдей. Әзірет Адамнан пайғамбарымызға дейін адамдарға берілген басты насихат Алланың күші мен құдіретіне бағыну.Жаратушы иеміз Алла Тағала ең соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы жер бетіне ең соңғы, кәміл дін Исламды жіберді. Бұл ақиқатты Ұлы Алла қасиетті Құранында былай деп баян етеді: «Алланың құзырындағы дін, шүбәсіз, Ислам». Ислам діні тұп-тура Алла құзырынан түскен күйінше, бұзылмай, бүлінбей, сол қалпында бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұдан кейін де осы ерекшелігі сақталады. Ендеше, Ислам--Алланың құзырында қабыл болатын жалғыз дін.
Ислам адамның ағаш бесіктен жер бесікке дейінгі барлық өмірін қамтиды.Ислам Алла тарапынан тамамдалған кемелді бір жүйе. Ырым-жырым сынды көне әдеттерді әсте қабылдамайды.
Жаратушы иеміз Алла Тағала Ислам дінін кемелді еткен. Сенім, ғибадат, әлеуметтік өмір, экономика, құқық және тағы басқа адаммен байланысты әр салаға тән мәселелерді Құранда түсіндірген.
Құран Кәрімде осы жөнінде «Саған осы кітапта барлық нәрсені түсіндірген және мұсылмандарға жол көрсетуші, рақымдылық және сүйінші ретінде жібердім» деп бұйырады.Мұсылмандар Құран Кәрімнің Алла тарапынан Мұхаммед пайғамбарға түсірілген ақырғы қасиетті кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды мұқиятты етіп оқу, оны тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаға жақындататын, жүрегін тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді.Ислам адамның жүрегін, ой-санасын және арманын нұрландырып, адамға осы әлемде және ақыретте жақсылық әкелуді нысаналауда.Ислам--Алла Тағаланың алдында қабыл болған жалғыз ғана дін. Алла Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.
Ислам-барлық хабарларымен, үкімдерімен берік жəне мықты болған тура дін.
Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды.
1.Иман
2.Ислам
3.Ихсан
1.Иман Иман (араб.: اإليمان — (мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді: • Аллаға иман келтіру • Періштелерге иман келтіру • Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру • Пайғамбарларға иман келтіру • Ақырет күніне иман келтіру • Тағдыр мен қазаға иман келтіру Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (арабша: «آمن («етістігінен шыққан түбір сөз болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин» (арабша: «مؤمن («"деп аталады.
2.Ислам Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді: 1. Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту 2. Бес уақыт парыз намазды орындау 3. Рамазан айында ораза тұту 4. Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру 5. Өмірінде бір рет қажылыққа бару
3.Ихсан Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (арабша: اإلحسان. (Ихсанда бір негіз бар: • Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу, ал егер олай істей алмасаң, Алла сені көріп тұрғандай құлшылық қылу. • Сонымен бірге, ихсан исламның моральдықэтикалық, аскеттік нормаларын қамтиды.
Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген.
• Ораза айт - Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні. Ораза айт (арабша: الفطر عيد — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.
• Құрбан айт (арабша: األضحى عيد — 'ид әл-адха) Зул-Хиджа айының оныншы жұлдызы. Қажылықтың аяқталуына байланысты мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбандық шалатын күн. Бұл күні ораза ұстауға болмайды.
• Мәуліт (арабша: مولد – (араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді. Мәуліт кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі.
• Сонымен қатар, исламда Исра-Миғраж, Рағайып, Бараат, Қадыр, Ашура сияқты қасиетті күндер мен түндер бар.
Құлшылық орындары мен қасиетті мекендері
Мешіт (арабша: مسجد — (араб тілінен «сәжде қылатын жер», «құлшылық қылатын жер» деген мағына береді. Ең бірінші салынған мешіт ғимараты болып Медине қаласына жақын жерде Мұхаммед пайғамбар صلى الله عليه وسلم қалаған Құба (арабша: قباء( мешіті саналады. «Мешіт» деп тек қана арнайы салынған ғимараттарды атамайды, сондай-ақ кез келген намаз оқып, Аллағаа құлшылық қылатын жер «мешіт» аталады. Исламның сакралды мекендері:
• Мекке қаласы. Онда мұсылмандар үшін қасиетті саналатын «Әл-Харам» мешіті, «Қағба», «Қара тас», «Ибраһим мақамы», «Замзам» құдығы, «Арафат» тауы, «Мина» жазығы, «Хира» үңгірі т.б орналасқан.
• Мәдина қаласы. «Пайғамбар мешіті», Пайғамбар, Әбу Бәкір, Омар кесенелері, сахабалар жерленген «әл-Бақиғ» мазары т. Б орналасқан.
• Иерусалим қаласы. «Әл-Ақса» мешіті, Сүлеймен пайғамбардың жындарға салдырыған мешіт орны, Умәилер мешіті бар.