Исламдағы ораза, Ислам түсінігі,Нәпсі түсінігі,Ислам шарттары



бет3/4
Дата06.03.2023
өлшемі74,41 Kb.
#171291
1   2   3   4
Байланысты:
Құдайберген Назерке Жфи 13

Ислами әдеп деп шариғаттан бастау алатын жақсы іс саналатын амалдар мен сөздер жиынтығын атайды. Мысалға: «әс-сәләму ғалейкум» деп амандасу, оған «уә ғалейкум әс-сәләм» деп жауа қайту, ас ішуді «бисми-Лләһпен» бастау, тамақты оң қолмен ішу, тамақтан кейін «әл-хамду ли-Лләһ» деу, ер балаларды сүндетке отырғызу, қажетілікті өтегеннен кейін тазалану, адам қайтыс болғандағы рәсімдер, оған жаназасын оқу; бұған әртүрлі дұғалар да жатады: үйден шыққандағы дұға, мешітке кіргендегі дұға, әжетханаға кіргендегі дұға; сонымен қатар басқалардың әуретіне қарамау да әдепке жатады.

Адам баласының жақсылыққа да, жамандыққа да бейім екендігі белгілі. Пенде бойындағы адамшылықтың шыңына бастар асыл қасиеттердің жиынтығы «ар-ождан» деп аталса, керісінше, кері тартып, кісіліктен бездіретін күшті – нәпсі дейміз. Ар-ұят, адалдық, әдептілік, жанашырлық секілді адамгершілік қасиеттер – ұжданға тиесілі болса, тәкәппарлық, көре алмаушылық, мақтаншақтық, жалқаулық, дүниеқоңыздық сынды жағымсыз мінез-құлықтар – нәпсіге тән. Сол себепті пенде нәпсісін ең жаман қалауларымен күресіп, оны тәрбиелеуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Шәмс» сүресі, 8-10-аяттарында:


«Нәпсіге жамандық қабілеті мен тақуалық қасиетін бергенге серт! Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Ал кім оны кірлетсе, қор болды», – деп айтқан.
Қасиетті Құран аяттарында нәпсінің мынадай түрлері турасында айтылған.
Нәфсул-әммәра (жамандыққа бастаушы нәпсі). Бұл басым көпшілік адамда кездеседі. «Юсуф» сүресінде Жүсіп пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын)
«Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады ...», – деген («Юсуф» сүресі, 53-аят).
Нәфсул-ләууәма (сыншыл нәпсі). Бұл жақсы адамдардың бойынан табылатын нәпсі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Қиямет» сүресі, 2-аятында:«Сөгіс беруші сыншыл (өз-өзін жазғырушы) нәпсіге серт!» – деп айтқан.
Сыншыл нәпсі – шынайы мұсылманның нәпсісі. Түзу жүретін мүмин өзінің әр іс-әрекетіне үнемі сын көзбен қарайды. Әрдайым сөзі мен іс-қимылына өзі есеп береді.
Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын): «Біз мүмин деп – өзінің нәпсісін сынаушы адамды айтатынбыз. Өйткені ол: «Айтқан сөзіммен нені қаладым, жеген тамағыммен нені қаладым?» – деп үнемі өзін сынап отырады. Ал, пасық адам қадам басқан сайын жақсылықтан ауытқи береді, өзін бұл үшін жазғырмайды да», – деген екен.
Ғұлама Мужаһид (Алла оны рақымына алсын) «сыншыл нәпсі» жайлы: «Ол – жамандық істеп қойса, неге істедің? деп жазғырады. Ал, жақсылық амал істесе, неге көбірек істемейсің? деп сөгетін нәпсі», – деген екен
Нәфсул-мұтмаинна (жаны жай тапқан нәпсі). Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресі, 27-аятында:
يَا أَيَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّة
«Уа, жаны жай тауып, (Аллаға иман келтіріп, құлшылық етіп, дұға жасап) көңілі орныққан нәпсі!» – деп айтқан.
Ғалым Журжани (Алла оны рақымына алсын): «Бұл жүректің нұрымен нұрланып кемелденген, жаман сипаттардан арылып, көркем мінезге ие болған нәпсі», – деп анықтама береді. Бұл нәпсі жүректің нұрымен сомдалып, жаман мінез, әдеттерден арылып, көркем ахлақ иесіне айналған рух, жаны жай тауып тыныштанған жан. Имам Раббанидың сөзімен айтсақ: «Нәфсул-мұтмаинна деңгейіне дейінгі құлшылықтардың бәрі де еліктеушілік болып шығады, осы күйге жеткенде ғана құлшылық шынайы түрде, үлкен ықыласпен орындалады».
Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде нәпсіні тәрбиелеудің көптеген жолдары баяндалған. Олардың негізгілері мынадай:
Бірінші: Ықыласпен құлшылық ету
Алла Тағаланың бұйырған құлшылықтарды шынайы ықыласпен орындау арқылы, пенде өзіне жүктелген міндетті орындап қана қоймай, ол арқылы өзінің нәпсісін тазартып, жаман әдеттерден арылуға күш-жігер салады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Анкабут» сүресі, 45-аятында:
«Расында намаз – адам баласын арсыздықтан және жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды», – деп айтқан.
Ғалымдарымыз: «Кімде-кім намаз оқып жүріп, намазы оның жаман істерден тыйылуына себепші болмаса, ол адам намаздағы ықыласын жөндеуі қажет», – деген.
Алла Тағала жағдайы бар адам үшін міндеттеген зекет ғибадаты да сырттай қарағанда өзгеге пайда келтіретін іс болып көрінгенімен, шын мәнінде адам баласы өзгеге жәрдем беру арқылы өз бойындағы сараңдық, дүниеқоңыздық, сынды ішкі дерттерден тазарады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 103-аятында:

خُذۡ مِنۡ أَمۡوَٰلِهِمۡ صَدَقَةٗ تُطَهِّرُهُمۡ وَتُزَكِّيهِم بِهَا


«Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт (берекеге ұластыр)», – деп айтқан.
Міне осы сынды шынайы ықыласпен орындалған парыз, уәжіп, нәпіл және т.б. ізгі амалдардың барлығы нәпсімізді тазартып, жаман әдеттерімізден арылуымызға себеп болады.
Сәһл ибн Абдуллаһ әт-Тустуриден (Алла оны рақымына алсын): «Нәпсіге ең ауыр не?» деп сұрағанда, ол кісі: «ықылас, өйткені ода нәпсінің үлесі жоқ», – деп жауап қатқан екен».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет