Әлемдік әлеуметтік және әлеуметтік–психологиялық әдебиеттердегі көрсетілген сараптамаларда құндылыққа бағдарлануға арналған еңбектер аз емес, тіпті сондай-ақ, олардың түсініктерін және жалпы қабылданған анықтамалардың өзі сондай зерттелмеген. Сананың құндылық бейнесі «құндылыққа бағдарлану» терминімен әдетте біртекті жиі қолданады. Құндылықтық бейне мен құндылыққа бағдарлануды әдетте индивидуальді құндылық ретінде қарастырады, «құндылық» және «құндылыққа бағдарлану» түсініктері, шынайы мәнді құндылықтарға қатысты болады.
Сонымен, Ч. Моррис «құндылыққа бағдарлану» түсінігін қолданбастан саналы және шұғыл (әрекетті) құндылықтарды ажырата алады, ал К. Клакхон құндылықты мотивацияның аспектісі ретінде қарастырады, ал құндылыққа бағдарлануды – белгілі концепция ретінде анықтайды. М. Рокич белгілі ранжирлеу әдісінің көмегімен диагносталған сенімділікті айтады, ал отандық әдебиеттерде осы мәліметтер құндылыққа бағдарлану түсінігінде интерпретацияланады.
Құндылыққа бағдарлануды зерттеуге бағытталған аса бай және әдістемелік негізде М.Рокичтің АҚШ-ғы 60-70 жылдардың аяғында жүргізілген, сондай-ақ басқа мемлекеттерде құндылықтарды ранжирлеу әдісі негізіндегі зерттеулерін қосуға болады. Рокич құндылықты «мінез-құлық тәсілдері немесе дербес және әлеуметтік көзқараспен қарама-қарсы немесе кері амалдарға қарағанда тұрақты сенім» ретінде анықтайды.
Адами құндылықтар келесі негізгі белгілермен сипатталады: 1) адамның жетістіктерімен салыстырғандағы құндылықтардың жалпы саны; 2) барлық адамдар түрлі деңгейде болса да, құндылықтардың бәрін меңгерген; 3) құндылықтар жүйеде ұйымдастырылған; 4) адами құндылықтар мәдениетте, қоғамда және оның институттарында, сонымен қатар тұлғада бақыланады; 5) құндылықтардың бақылауға еңбегі сіңген барлық әлеуметтік феномендерге тәжірбиелі түрде әсер етеді.
М. Рокич құндылықтарды екі топқа бөледі: терминалды және құрал-жабдықты. Терминалды құндылықтар қандайда бір соңғы мақсаттың дербес немесе қоғамдық көзқараспен талпынуға деген сенімділікті анықтайды; құрал-жабдықтық құндылықтар – әрекеттің белгілі бір үлгісі (мысалы, адалдық, рационализм ) дербес немесе қоғамдық көзқарастармен кез-келген жағдайда сенімді алғышарттары болып табылады. Ең маңыздысы терминалды құндылық болып табылады – бұл адамның ұзақ уақыттағы өмірлік перспективаларын бейнелейтін негізгі мақсаты. Терминалды құндылықтар адамның өмірлік мәнін оның ерекше маңызды, мәнді, бағалы көрсеткіштерін анықтайды.
Осы терминалды құндылықтар А.Н. Леонтьевтің атауы бойынша мағыналық бейнелі түрткіге қатысты. А.Н. Леонтьевтің көзқарасымен мағыналық бейнелі түрткілер шешуші болып табылады, ол тек субъектіге ғана қажет емес, бірақ жоғарыда аталып өткендер адамға не үшін қажет екендігі маңызды. Мағыналық бейне тұлғаны өзінің түрткілері арқылы қалыптастырады, анығырақ айтқанда адамның барлық иерархиялық құрылымдарының бағыттылығы түрлі сыртқы және ішкі құбылыстарға қатысты. Тұлғаның санасының қалыптасу ерекшеліктерін бақылауда құндылықтық келістердің көзқарасымен, барлық құбылыстар (адамдардың қадамдарын қоса алғанда) шынымен қызығушылық пен қажеттіліктерді қанағаттандыруда қажет болатын позициялармен бірге, индивидтің субъективті бағасын бейнелейтін құндылықтар жиынтығы ретінде көрсетуге болады. Индивидуальді иерархиялық құндылықтарды диагностау үшін, Рокич терминалды және құрал-жабдықтық құндылықтар деп екі топқа бөліп, бәріне белгілі құндылықтарды ранжирлеу әдістемесін өңдеп шығарды. Жалпы ұлттық американдық зерттеу тобына бұл әдістеменің көмегімен жүргізілген масштабты зерттеулер, сондай-ақ жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, кірісі, білімі, жылжымайтын мүлік, саяси сенім сияқты түрлі құндылықтардың мәнін (рангтік) сараптауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін басқа да авторлар кейбір тұлғалық ерекшеліктермен, сонымен қатар олардың кроссмәдени спецификасымен байланысты құндылықтарды көрсетті.
Өз зерттеулерімізде біз құндылықтың келесі анықтамасын алшақтатамыз.
Құндылыққа бағдар – адамның санасындағы құндылықтардың субъективті бейнесі, тұлғаның іс-әрекетін басқарудың иерархиялық құрылымында жоғары орын алатын ортақ дүниетаным бағдарлары мен стратегиялық өмірлік мақсат сапасында расталады.