Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк


Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу



бет9/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ

6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу.

Бұл қадам өз кезегінде сабақ барысында мұғалімнің оқушының оқуы туралы бақылау нәтижесі мен оқушының нақты үрдіс туралы не ойлайтынының ара жігін ажырату үшін маңызды. Нұсқаулықта: «Сабақты зерттеу топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады», деп айтылған. Екінші жағынан, Джин Роддок ұсынған «Оқушы үні» жобасы бойынша Ұлыбритания зерттеушілері жүргізген зерттеулер нәтижесінде оқушылардың:



  • өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын сезінгенін;

  • мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізгенін;

  • өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтай алатындарын;

  • мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптасқанын айтқан (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2(негізгі) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қ. 2013ж.).

Сондықтан, Сабақты зерттеу үрдісінде бақылаудағы оқушылардың әдіс-тәсілді қолдану кезіндегі болжамды жауабы мен оқушының сабақ барысындағы берген нақты жауабын салыстыру арқылы қорытынды жасау кезінде оқушының пікірінің, яғни, «Оқушы үнінің» маңызы зор. Себебі, оқушының пікірін тыңдау арқылы қолданылған әдістің нәтижелілігіне көзімізді жеткізе аламыз.
Оқушылармен сұхбат алдын-ала дайындалған сұрақтар негізінде сабақ аяқтала салысымен өткізіледі, сұхбаттың ұзақтығы 5 минуттан артпағаны дұрыс. Жоғарыда ескертілгендей, оқушылар өздерінің бақылау нысанына алынғандарын білмеулері маңызды болғандықтан, олардан сұхбат алғанда бірнеше оқушыларды бірге сұхбатқа тартып, солардың ішінен бақылаудағы оқушылардың жауаптарын тіркеп отырғаны жөн. Сұхбат алу үшін оқушыларға жайлы орта орнату маңызды, себебі, оқушы еркін болған жағдайда ғана, өз ойын ашық айта алады. Егер, сұхбат оқушыдан жеке алынса, оқушыда қолайсыздық сезім пайда болуы мүмкін, бұл жағдайда ол шынайылық таныта қоймайды. Жоғарыда келтірілген 2 сынып мұғалімдерінен құрылған Сабақты зерттеу тобында оқушыдан танымайтын басқа сынып мұғалімінің сұхбат алуы да оқушыға жайлы бола қоймайды. Осы жағдайды мұғалімдерге түсіндіру үшін қала мұғалімдеріне арналған оқыту семинарының тәжірибелік бөлімінде жоспарлы түрде бақылаудағы бір оқушыдан жеке сұхбат алынды, ал келесі оқушыдан сұхбат алу үшін өзі жұмыс жасаған топ оқушыларының барлығына бірдей сұрақтар қойып, бақылаудағы оқушының жауабы есепке алынды. Соңында оқушылардан сұхбат алу кезеңін бақылаған мұғалімдердің пікірінен топтағы оқушылардың өздерін жайлы сезінгендерін, ал жеке оқушының қысылып жауап бергенін байқағандары анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет