Құжаттарды мұрағатқа тапсыру ісі: құжаттардың құндылығын сарапқа салуды; істерді рәсімдеуді; істердің тізімдемесін жасауды; құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілер жасауды қамтиды. А. Іс жүргізілген жыл аяқталғаннан кейін құжаттаманы басқару қызметінің қызметкерлері сарапшы комиссиямен бірлесе отырып, ведомстволық мұрағаттың әдістемелік басшылығымен ведомстволық мұрағатқа өткізу үшін тұрақты және ұзақ сақталатын құжаттарды(10 жылдан астам) іріктеп алады және сақталу мерзімі өткеністерді жою үшін бөліп алады.В. Құжаттардың құндылығын сарапқа салу тұрақты сақталатын істерді әр парағы бойынша қарап және «СК» (сарапшы комиссиясы) , «ОСК»(орталық сарапшыкомиссиясы) дегенбелгі соғылып, істер мен тізбелердің номенклатурасы негізінде жүргізіледі.Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін сарапшы комиссиясы немесе орталықсарапшы комиссиясы (СК, ОСК) басшы қызметкерлерінің бірінің төрағалық етуімен негізі құрылым бӛлімшелерінің СК, ОСК құрамына мұрағаттың меңгерушісі немесе мұрағат үшін жауапты және мұрағаттар мен құжаттаманы мемлекеттік басқарудың тиісті органымен келісу бойынша мемлекеттік мұрағаттың өкілі енгізілуі тиіс. Істің нөмірі Істің тақырыбы(томның, бөлімнің атауы Істің сақталу мерзімі және тізбесі б/ша бап нөмірі Ескерту15ІҚН-ӘК-001/15Шығыс құжаттары және шығыс құжаттарын тіркеу журналы3 жыл16ІҚН-ӘК-001/16 Кіріс құжаттары және кіріс құжаттарынтіркеу журналы 3 жыл.
Сарапшы комиссиялар кеңесші органдар болып табылады. Олардың шешімдерін ұйымдардың басшылары бекітеді.Сақталу мерзімі біткен құжаттар осы құжаттар мен істердің жою үшін бөліп алынғаны туралы актілерге қосылады, мәжілістерінде қаралады да ұйымның басшысы тарапынан бекітіледі, содан соң жоюға арнап бөлінген істер 2-қайталама шикізат дайындау жөніндегі ұйымдарға тапсырылады.
Тұрақты сақталатын және адамдар құрамы жөніндегі істер толық рәсімделуітиіс. Ол: істердің тігілуін немесе түптелуін, істегі парақтардың нӛмірленуін, істің куәландырылған парағын толтыруды, қажет жағдайда құжаттардың ішкі тізімдемесін жасауды, істер мұқабасының деректемелерін рәсімдеуді көздейді. Тұрақты және ұзақ сақталатыністердің мұқабасы белгіленген нысанда рәсімделеді. Мұқабадағы істер тақырыптарының тігілген құжаттарыныңмазмұнына сәйкестігі тексеріледі. Қажетті жағдайда істердің тақырыбына қосымша мәліметтер енгізіледі: бұйрықтардың, хаттамалардың түрлері мен нысандары т.б. көрсетіледі.
Мұқабадағы көрсетілген мерзім істің басталған және аяқталған жылына сәйкес келуі тиіс. Істер қалыптасқан жылдан анағұрлым бұрынғы жылдардың құжаттары бар істе көрсетілген мерзім астына «жылдардағы құжаттар бар» деп жазылады. Бірнеше томнан тұратын істердің мұқабаларында әр томдағы құжаттардың ең бастапқы және еңсоңғы мерзімі көрсетіледі.Дәл күнтізбелік мерзімі белгіленген күні, айы-жылы қойылады. Күні мен айы араб цифрларымен көрсетіледі, айдың аты сөзбен жазылады.
Мерзімді цифрлармен қысқартып жазуға рұқсат етіледі. Мұқабада тізімдеме бойынша істің нөмірі қойылады және ведомстволық мұрағатпен келісу бойынша тізімдеме мен қордың нөмірі көрсетіледі ІV.Бекіту.
Өткізу–қабылдау актісі
Біз төмендегі қол қоюшылар: директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Есенқұлова, бас бухгалтер И.Байкенжеева, кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ж. Якупова, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ә.Керімқұл,шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Н.Замальдинов әдістемелік кабинеттегі кіріс журналы(1дана), шығыс журналы(1 дана) мұрағатқа өткізгендігін растап қол қоямыз.
Өткізген: М. Абдуллаева Қабылдаған: Р. Тастанова
Достарыңызбен бөлісу: |