СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Физика және технологиялар кафедрасы
Қант өнідірісі
Білім алушылар: күндізгі оқу түрінің 1 курсы
Орындаған: 5-топ
Тексерген: Қалибек Жадыра Серікқызы
Дайындаған: Еркінбекқызы Лунара,Бауржанова Аңсар,Советканова Ажар,
Толық Нәзерке,Кадирова Гұлназ,Ғайтбек Тілек.
Қанттың шығу тарихы
Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қант қамысы болса, 37,5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр.
Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан.
Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте қаншама түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды.
Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен бітпейді.
Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз білетіндей, мүйізі бар адам б.з.д. 325 жылы Үнді еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.
Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.
Қант қызылшасы ең бірінші рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлианға, содан Луизиана штатына алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналады.
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Енді осы бір мән-маңызы зор мәселені ғылыми тұрғыдан таразы талқысына салсақ, талай жайларға қаныға түсеміз.
Қарабұлақ Қант зауыты - Ескелді ауданының орталығындағы кәсіпорын. Оның тарихы 1941 ж. Ресейдің Бузулук қаласындағы өндірісі тоқырап калған зауытты Қарабұлақ кентіне көшіруден басталды. Зауыт жабдықтары жергілікті тұрғындардың күшімен тазаланып, қондырынды. 1947 ж. Қарабұлақ Қант зауыты 8 тәулік бойы жұмыс істеп, 4003 т қызылша өндеді. Бірақ, алғашқы өнім легі — 395 т. қант мемлекеттік стандарт талаптарына сай келмегендіктен, қайта өндеуге жіберілді. 1969-78 ж. зауыттың технологиялық, техникалық жабдықтары жетілдіріліп, өндірістік қуаты арттырылды. "РДА-57" диффузиялық аппараты, "КМЗ-57" қызылша жуғыш қондырғы орнатылды. 1962-65 ж. өкті-газ шаруашылығы қайта құрылып, газ пеші, дискілі сүзгіштер және буландыру қондырғысы орнатылды. Бұдан 391 кейінгі жылдарда да ЖЭО құрылымы жаңартынып, кейбір технологиялық процестер автоматтандырылды, қосымша өндірістік ғимараттар салынды. Соның нәтижесінде 1993-94 ж. кәсіпорын тәулігіне 2000 т. қызылша өндеу мүмкіндігіне ие болды. 1991 ж. мұнда "Визит" крекер печеньесінің алғашқы легі шығарылды. Зауыт ұжымы Ресейдегі, Белорусьтегі, Украинадағы өріптес кәсіпорындармен жүйелі түрде тәжірибе алмасып, озық технологияларды сынау және өндіріске енгізу кестесін жасаған. Қазір кәсіпорын "Алматы қанты" ЖАҚ-ның қарамағында.
Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант түрінде шығарылады. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі – көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады.
Қазақстанда алғаш 1933 жылы Меркеде, 1934 жылы Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды. 1936 жылы қызылша өңдейтін Тараз қант зауыты салынды. 1942 жылы Алматы қант зауыты пайдалануға берілді. 1947 жылы Қарабұлақ қант зауыты, 1963 жылы Шу қант зауыты салынып, өнім шығара бастады. Қазақстанда Ақсу, Шу қант зауыты және Жамбыл, Қарабұлақ, Мерке қант комбинаттарының өнімдері жоғары сапалы болып есептеледі. Біздің елімізде қант құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |