АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоба жұмысы
Пән: Теорлингвистиканың заманауи әдіснамалық-мазмұндық бағытының когнитивті- концептуалды негізі
Тақырыбы: Қытай-қазақ тілдерінде ӘЙЕЛ концептісі. Қазақ- қытай тілдерінде “әйел" концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени мәні.
Орындаған: Шығыстану факультеті
Шетел филологиясы
204-топ қытай тілі
Абишева Аида
Тексерген: ф.ғ.к. профессор Бүркітбай Г.Ж.
Алматы, 2022
2.4 Қытай- қазақ тілдерінде ӘЙЕЛ концептісі
«Әйел» концептісі барша халыққа ортақ концепт болғанымен, әр халықтың менталитетіне, дүниетанымына орай оның концептосферасы айқындалып отырады. Әйтсе де әйел концептісі екі ел арасында да бірдей бейнеге ие. Әйел десе бірден ойға ана, әже, сұлулық, сымбаттылық, нәзіктік, мейірімділік, ләззат, тұрмыс келеді
Әйел затына байланысты қытай тілінде де, қазақ тілінде де көптеген мақал-мәтелдер кездеседі. Әйел атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, әлеуметтік орны, туыстық байланысына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі. Мысалы, қазақ тілінде «әйел» концептісінің туыстық қатынастар аясына қыз, келін, ана, жеңге, абысын, ене лексемалары енсе, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай бәйбіше, тоқал, жесір лексемалары қолданылады. Ал жас ерекшелігіне орай қыз (бойжеткен, қалындық, келін, келіншек), әйел (жұбай, жары, қосағы), бәйбіше (тоқал, жесір), кемпір (әже, кейуана) ұғымдарын жатқызамыз[1]
Қытай дәстүрінде әйел әлсіз тіршілік иесі болып саналады, ол еркекке толықтай бағынушы, ләззат беруші немесе ұрпақты жалғастыру құралы ретінде ғана саналады[2]. Мысал ретінде келесі мақал-мәтелдерді қарастырайық:
Мақал-мәтелдер
|
Транскрипт
|
Аударма
|
Аударма авторы
|
人凭田地虎凭山, 女人凭里男子汉.
|
rén píngtián dì hǔ píng shān, nǚrén píng lǐ nánzihàn.
|
Адамдар өрістерге сүйенеді, жолбарыстар тауға сүйенеді, ал әйелдер ерлерге сүйенеді.
|
Абишева Аида
|
九个姑娘不如一个跛腿男人
|
jiǔ gè gūniáng bùrú yī gè bǒtuǐ nánrén
|
Тоғыз қыз Ақсақ адам сияқты жақсы емес
|
Абишева Аида
|
好男不和女斗,好鸡不跟狗斗
|
hǎo nán bù hé nǚdòu,hǎo jī bù gēn gǒu dòu
|
Жақсы ер адамдар әйелдермен соғыспайды, жақсы тауықтар иттермен соғыспайды
|
Абишева Аида
|
Қазақ дәстүрінде, керісінше, әйел еркекке тең, сонымен қатар, еңбекке қабілетті деп саналады. Сондықтан әлемнің қазақ паремиологиялық бейнесі, белсенді әйелдің бейнесімен сипатталады. Оған мысал ретінде мына бірнеше мақал- мәтелдерге назар аударсақ, көптеген мақал-мәтелдерде әйелдің әлеуметтік рөлі көрсетілген: «Әйел – үйдің сəні» , «Әйелсіз үй оңбас» , «Әйелі жоқ үй жетім», «Үйдің басын қатын қосар» т.с.с.[1]
"Кішіпейілділік, ұялшақтық және тағы бір рет кішіпейілділік – бұл әйелдің басты қасиеті”- деп есептейді қытайлықтар. Қыз кезінде ол барлық жағынан әкесіне бағынады, тұрмыс құрғаннан кейін ол күйеуі мен ата-анасының қызметшісі болады. Ежелгі қытай дана сөзіне назар аударсақ "Егер мен құсқа үйленсем, мен оның артынан ұшуым керек; егер мен итке үйленсем, ол жүгіретін жерде оның соңынан еруім керек; егер мен жерде жатқан тасқа үйленсем, мен оның жанында отырып оны қорғауым керек" делінген екен. Осы сөздердің өзінен-ақ қытайлықтар үшін әйел затының деңгейі өте төмен, еркек үшін құл ретінде жүретін бір бұйым сияқты екенін білуге болады[3].
Қытай мәдениетінде әйелдердің ең маңызды және жақсы қасиеттерінің бірі болып – ұялшақтық, ұстамдылық, күйеуінің мінезіне бейімделу қабілеті болып табылады. Үйге келген қонақ әрқашан қожайыннан оның денсаулығы, әкесінің, атасының, ұлының денсаулығы туралы сұрайды, бірақ ешқашан – әйелінің немесе қыздарының денсаулығы туралы сұраған емес[3].
"Қыз, уақыты келгенде қалыңдық болып өз үйінен бөтен үйге кетеді, сол себепті ол ата-анасы қартайғанда борышын өтеп, ата-анасына қамқор бола алмайды. Тұрмысқа шыққан қыз отбасы үшін мүлдем пайдасыз адам деп есептелген. Сол себепті дәстүрлі қытай отбасында қызы анасының тегін алады, тек ұлы ғана әкесінің тегін алу мәретебесіне ие болған. Қытай мәдениетінде қыз тез арада құтылғысы келетін ауыртпалық болды[4].
Оған дәлел ретінде келесі мақал-мәтелдерді қарастырсақ:
Мақал-мәтел
|
Транскрипт
|
Аудармасы
|
Аударма авторы
|
«女孩都是赔钱货»
|
nǚhái dū shì péiqián huò
|
"Барлық қыздар-бұл шығынды тауар"
|
Абишева Аида
|
«沙子打不了墙, 女儿养不了»
|
shāzi dǎbùliǎo qiáng, nǚér yǎngbùliǎo
|
"Қабырғаға құм түсе алмайды, қызым оны көтере алмайды".
|
Абишева Аида
|
«女孩早晚是别人家的»
|
nǚhái zǎowǎn shì biérénjiā de
|
“Қыз ерте ме, кеш пе басқа біреуге тиесілі болады”
|
Абишева Аида
|
Қазақ дәстүрінде қыздарға деген қарым – қатынас мүлдем басқаша, қыздарды тұрмысқа шыққанға дейін мәпелеп, еркелетіп, сыйлап өсірген. Оған дәлел ретінде мынадай мақал-мәтелдерді қарастырсақ: "Қыз жоқ жерде қызық жоқ", Астың дəмін тұз келтірер, ауылдың сəнін қыз келтірер», «Ырыс алды қыз» т.с.с.[5].
Дала әйелдерінің басқа Шығыс халықтарының әйелдерінен әлдеқайда үлкен тәуелсіздік пен еркіндікке ие болғаны белгілі. Әйелдер қыздар түрлі сайыстарда өнер көрсете алды (айтыстарда, қыз қууда), еркін жүріп-тұрып, еркін тілдесе алатын.
Барлық жеке ұлттық ерекшеліктердің барына қарамастан, қытай және қазақ халықтарының арасында ұқсас мағынадағы мақал-мәтелдер көп. Мұны әмбебап құндылықтармен түсіндіруге болады: барлық халықтарға ортақ ұғымдар, принциптер, нанымдар бар. Сондықтан халық даналығының көптеген жауһарлары интернационалды болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріне көбінесе бірдей мағынасы бар қытай мақал-мәтелдерін табуға болады[6]. Олардың кейбіреулері бір-біріне толығымен эквивалент болып келеді:
Мақал-мәтел
|
Қытай тіліндегі эквиваленті
|
транскрипт
|
«Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа»
|
«女人头发长,见识短»
|
nǚrén tóufā cháng,jiànshí duǎn»
|
«Байтал шауып бəйге алмас»
|
雌不上战场.
|
cí bù shàng zhànchǎng.
|
«Бұлт шығып, жаңбыр жаумай жерді алдайды, əйелдің айлакері ерді алдайды»,
|
有智妇人,胜过男人
|
yǒu zhìfùrén,shèngguò nánrén
|
«Жақсы əйел жаман еркекті би етеді»
|
好女人是男人的外表,不好的藏来
|
hǎo nǚrén shì nánrén de wàibiǎo,bùhǎo de zànglái
|
[6]
Достарыңызбен бөлісу: |