Қытай- қазақ тілдерінде Әйел концептісі


Қазақ- қытай тілдерінде “әйел" концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени мәні



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі31,96 Kb.
#158479
1   2   3
Байланысты:
жоба жұмысы (1)

2.4.2 Қазақ- қытай тілдерінде “әйел" концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени мәні.
Қазақ қыздары мен тұрмысқа шыққан әйелдерінің бас киімдері мен шаш үлгілері қатты ерекшеленген. Этнографиялық деректерге қарағанда, әйелдер шашын қос өрім етіп өреді де, ол екеуінің ұштарын біріктіру үшін шашбау тағады. Шашты олай өру - әйелдіктің белгісі, бұл - бүтіннің жартысы болғанды білдіреді. Ал қыздар шаштарын бір өрім етіп, ұшына шолпы тағады. Киім кию үлгісі мен қимыл арқылы қазақ әйелінің киім кию ерекшелігі ғана емес, кейде қажетсіз жерде жайбасарлық пен созылыңқылық танытатын қазақтың бейғамдық болмысын, ұлттық психологиялық ерекшелігін де астарлап бейнелеуге болатыны байқалады[7]. Мысал ретінде Әбіш Кекілбаевтің “Үркер” шығармасынан үзінді алайық; “Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді”[8].
Бойжеткен қыз бен тұрмысқа жаңа шыққан жас әйелді, дүниеге сәби әкелген ананы, өмірден көргені мен түйгені мол салиқалы бәйбішені ата- бабаларымыз,ең алдымен олардың бас киімінен ажыратқан. Қыздар бастарына үкілі тақия, кәмшат бөрік киген. Бүған мысал ретінде Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романынан үзіндіні қарастырайық: “Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа мінген Тоғжан екен… Басында жап-жаңа кәмшат бөрік” [9].
Қазақ әйелдерінің баскиімдері практикалық қызметінен өзге әйелдердің отбасылық жағдайының көрсеткіші болып табылған. Олар тұңғыш баласы, кейде екінші баласын туғанға дейін желек киген. - Ауылдағы енелер мен абысындарға қосылып Ділдә келініне кимешек-шаршы, қалың жібек желек кигізіп жіберіпті (М.Әуезов. Абай жолы). Қазақ әйелдері тұңғыш баласын туған соң оның басынан желегі алынып, кимешек кигізіледі. Оның шылауышына төбелдірік, маңдайына бергек, түйреуіштер қадайды. Бірнеше балаға ана болған орта жастағы әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ шалаң кестелі кимешек киіп, ақ жаулық (шылауыш) тартады: Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп (М.Әуезов.Абай жолы) [9].
Қоғам алға жылжып, заман өзгеріп, материалдық және рухани құндылықтар өзгерген сайын қазақ әйелдерінің киім үлгілері де ауысып, соған сәйкес киім киюге деген көзқарас та өзгеріп отырғаны даусыз. Қазіргі таңдағы әйелдердің киім кию үлгісінен оларға тән әлеуметтік, жасына байланысты ерекшеліктерді ажыратуға болмайды. Әйтсе де, оңтүстік өңірлерде, көбінесе ауылдық жерлердегі жиын-тойларда тұрмысқа шықпаған әйел затының орамалсыз, жалаңбас жүруі, ал келіндердің орамал тартуы, жасы келген әйелдердің жаулық тартып, кейде кимешек киюі қалыпты жағдай болып есептеледі. Осыған байланысты ұлттық- мәдени стереотиптерді де кездестіруге болады.
Дәстүрлі қытай киімі-бұл елдің материалдық және рухани мәдениетінің маңызды элементтерінің бірі, бай тарихы, қытай қоғамының жағдайы, рухы мен дүниетанымын көрсетеді. Сонымен бірге, ұлттық қытай костюмінің семиотикасында түстер схемасы маңызды рөл атқарады, өйткені киімге ерекше семантикалық ой беретін түстер болған. Ұлттық костюмнің түс схемасына байланысты оның мақсатын анықтауға болады: мерекеге, рәсімдерге немесе күнделікті киетін киім, бай не кедей отбасыдан шыккан, немесе жесір не жаңа түскен қалындық екенін киген киімінің түсіне қарап білген.
Цзынь әулетінен бастап қызыл түсті киімдерді тек билеушілер немесе бай адамдар киген. Сонымен қатар үйлену тойларында қалыңдық көйлегі де қызыл түсті болуы керек еді. Қалындық ұстаған гүлдерде қылыл түсті болуы қатаң қадаланған еді. Жаңа түскен қалындық тезіріек ұл тууы үшін әрдайым қызыл киім киген, себебі қызыл түс еркек әлемімен байланысты болды деп саналған. Мысал ретінде Тяньцзынь кітабінен алынған үзіндіге назар аударсақ: "Қалындық басынан аяғына дейін қызыл түсті киім киюі тиіс, атап айтқанда: орамал, іш киім, алжапқыш, шалбар, белбеу, өрілген аяқ киім барлығы дерлік қызыл болуы тиіс" [10,410б].
Чуньцю кезеңінде жасыл киімді жеңіл жүрісті қыздар мен қызметші әйелдер киген [11,153б]. Қарапайым адамдар қолданған көптеген заттар жасыл болды. Жасыл байлар мен кедейлерді бөліп жарып, ара-жібін алшақтатып тұратын. Киімнің бұл түсі адамның шығу тегінің төмендігін көрсетті. Юань дәуірінің басында жасыл түс қоғамдық үйлердегі ерлердің киімдерінің түсіне айналды, ал күйелерінің көзіне шөп салған әйелдер «绿帽子» – " жасыл қалпақ" немесе «绿头巾» - "жасыл бас орамалы" немесе бейнелі түрде "жасыл мүйіз" деп аталды. «戴上绿头巾了» “dàishàng lǜ tóujīn liǎo” фразеологизмі басына жасыл орамал/мүйіз киді деп аударылады. Оның мағынасы: әйелі күйеуіне опасыздық жасады дегенді білдірген [11, 159б]. 
Ежелден ел санасында қалыптасып қалған бұл стериотиптер қазіргі заманға да өз әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дүкендерде жасыл түстерден басқа, түрлі-түсті бас киімдерімен орамалдары сатылады [12]. Бірақ қара-жасыл түсі өзгеше мағынаға ие. Қазіргі қытай баспасөзіне сәйкес, қара-жасыл түс ҚХР - ның ресми пошта түсі болып табылады: осылайша «绿衣人» -Жасыл киімдегі адам аудармада "пошташы"дегенді білдіреді.
Ежелгі қытайда киімнің түсі бойынша адамның әлеуметтік жағдайын және оның иерархиядағы орнын білуге болатын. Ескі өлеңдерде немесе әдеби шығармаларда сіз: "жасыл киім", "қатты матадан жасалған киім" немесе " 绿衣 "(боялмаған ақ киім) сияқты сөз тіркестерін жиі кездестіруіңіз мүмкін – бұл "елеусіз тіршіліктің" символы болды. Чжан Шулинь айтуы бойынша, «绿衣借指地位卑微的官员» жасыл түсті киім, әйелдің кедей отбасыдан немесе өте төмен рангтан екенін көрсетіп тұрған [13,38б]. 
Ұлттық костюмнің түс символизімін қарастыра отырып, оның қазіргі қытай киіміндегі рөлін анықтай отырып, біз келесі тұжырымдама жасауға болады. Қытайда Юань әулетіне дейін киімнің түсі әлеуметтік деңгейін көрсетіп отырған. Бірақ, қазіргі уақытта қытайда киімнің түсі мен сол түстің семантикалық мазмұны арасындағы байланыс біртіндеп жоғала бастады. Қазіргі қоғамда, киім кию кезінде оның түсіне қатты назар аударуды қойды. Әйелдерді киген киімінің түсіне қарап оны әлеуметтік деңгейлерге бөлу принципі мен стериотиптері бұрыннан жоғала бастаған.
Түстердің символикасын тарихи тұрғыдан қарастыра отырып, Анна Суй, Го Пэй, Ума Ван, Кандер Чжоу және т. б. сияқты жетекші қытай елеулілері орнатқан сәнді ағымдарды талдай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
- Қызыл түс қазіргі кезде күнделікті, салтанатты және мерекелік киімдерде өзінің маңыздылығын сақтайды, бақыт пен өркендеудің символикасы болып қала береді [14]
- Ақ түс дәстүрлі "хаос және өлімнің" символы ретінде қала береді, жерлеу рәсімдерінде қолданылады, ол семиотикалық мәнін сақтай отырып, аза тұту жоқтау мағынасын білдіреді. Сонымен қатар, еуропалық сән үрдістерінің әсерінен Қазіргі Қытайда сән дизайнерлері бұл түсті жеңілдік пен тазалықтың символы ретінде жиі қолданады;
- Қара түс Қазіргі Қытайда семиотикалық мәнін толығымен жоғалтқан, даналықтың символы болып саналатын бұл түс, қазірде жәй ғана ластануға төзімді, күнделікті киімнің түсіне айналды [13,57б].
- Сары түс, Қазіргі Қытайда толығымен өзінің семантикалық мәнін жоғалтқан. Империялық ұлылық пен байлықтың символы болған бұл түс қазірде, теріс коннотацияға ие болды [14];
- Қазіргі Қытайда жасыл түс өзінің семантикалық мазмұнын ішінара сақтап қалған. Сатқындық, опасыздық пен көзге шөп салуды білдіретін бұл түс, әлі де жасыл қалпақ немесе басына жасыл орамал тағу секілді тұрақты сөз тіркестері ретінде қолданылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет