Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет34/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін пайда болған. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясаттың басты мәселесі билік, ал мазмұны – билік үшін күрес. Саясаттың элементтері: саяси сана; саяси-құқықтық нормалар; билік институттары; билік қатынастары.
Саясаттың функциялары:қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіп пен ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен игіліктерді бөлу; топтық жанжалдарды болдыртпау және оларды реттеу; әлеуметтік субъектілерді байланыстыру т.б.
Ішкі саясат – мемлекеттің өмір сүріп тұрған әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе оны реформалау-ға бағытталған эконо-микалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми-техникалық және т.б. әрекеттерінің жиынтығы. Сыртқы саясат – бір мемлекеттің халықаралық аренада өз мүдделерін көздей отырып жүргізген іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. оғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.

35.Саясаттың құрылымы мен атқаратын қызметтерін атап және нақты мысалдар көмегімен сипаттап беріңіздер.


Саясат-бұл билік қатынастарын иемдену,оны ұстап тұру,жүзеге асыру,пайдалану және оған ықал ету мақсатындағы қоғамның билік қатынастарын реттеуге арналған іс-әрекеттер жүйесі.Саясаттың қызметтеріне келеті болсақ:
-Қоғамның тұтастығын және орнықтылығын қамтамасыз ету қызметі;
-Жалпы іс-әрекетті тиімділендіру және жұмылдыру қызметі;
-Саяси әлеуметтендіру қызметі;
-Тұлғаны әлеуметтендіру,тәрбиелеу;Яғни белгілі бір ережелерге ,нормаларға сүйене отырып бұл қызметті жүзеге асырады.
-Билікті қадағалау,бақылау,бөлу.
-Қоғамдық процестерді басқару,реттеу;
-Жаңарту; 50жылда ел жаңа дегендей ,саясат үнемі жаңарып өзгеріп отырмаса қоғамда дамымайды.
Саясат осы аталған қызметттерін іске асыру үшін мемлеуеттің,әртүрлә әлеуметтік топтардың,жекелеген адамдардың саяи мүдделерін қорғай білу керек,қоғамды оның барлық мүшелеріне ортақ мүдделер төңірегінде біріктіре білу керек.
Ал саясаттың құрылымына келетін болсақ:
-Саяси мүдделер;
-Билік
-Саясат субьектілері
-Саяси қызмет;
-Саяси мәдениет
-Саяси сана жатады.
36.Саясаттың мақсаттары мен қолданылатын әдістерін атаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет