Саясаттағы мақсаттар-бұл саяси іс-әрекеттің жүзеге асырылуының бағыт-бағдары,оның алдынан күтілетін нәтижелер.Саясаттағы құралдар деп саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті аспаптар мен технологияларды яғни,саясатты,билікті жүзеге асыру үшін керекті барлық саяси әдістерді,рычагтарды,формаларды,ресурстарды және т.б.айтамыз.
Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету
Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың кажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста екендігімен анықталынады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттанудың саяси білімдер жүйесінде біріктіруші мәртебесіне ие екендігін жоғарыда айтып өттік. Ол саяси білімдердің әр түрлі салаларын жалғастыратын көпір іспетті және ол олардың бәріне ортақ негіз — саяси шынайылықты тұтастық ретінде зерттейді.Осыған орай, саясаттану пәні саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу нысанымен үйлесетіндіктен, оның қарастырып отырған заңдылықтары саяси білімдердің басқа салаларына қатынаста олардың жалпытеориялық негізі бола отырып, белгілі бір методологиялық рөл атқарады. Сонымен қатар, саясаттану қоғамның саяси сферасындағы институттарды, саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеумен айналысуға, осы іс-әрекеттің ұйымдасуының, әдістерінің, құралдарының формаларын сараптауға, оның нәтижелерін бағалауға міндетті.
Саясаттанудың алдында тұрған осы міндеттер жүйесі саясат методологиясы мен теориясы, саяси институттар мен саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеу тәрізді белгілі бір құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар да өз кезегінде саясаттану әдістерінің әрқилылығын анықтайды.
37.Саясат саласының қоғамның өзге салаларымен байланысын анықтап көрсетіңіздер.