Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет13/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.Әлеуметтік конфликт түрлері, интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық, саяси, идеологиялық факторлерге тәуелді, бұқара халықтың қоғамның даму заңдарын түсінуі мен бостандығынын даму дәрежесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік конфликт ұғымы кең және тар мағнада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастар арасындағы дау әлеуметтік конфликтің басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияларға тән әлеуметтік конфликтің ерекше түрі таптық күрес болып саналады. Ал тар мағна тұрғысынан қарасақ, онда таптық күрес түбегейлі ұғым болса әлеуметтік конфликт сол ұғымға енеді және соған тәуелді болады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік конфликтің қоздырушы күші соларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады
7.Әлеуметтанудағы әлеуметтік мәртебелер және әлеуметтік рольдер теориясы.
Адаммның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әртүрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі моделдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі - адамның бейнесіне әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап- тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары "әлеуметтік рөл", "әлеуметтік статус" ұғымдарын туғызады. Әлеуметтік рөл - қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелеріне сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдарды мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік , өзінтәртіп стандарттарын игеріп, меңгереді өзін- өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады
8.Әлеуметтанудағы символикалық интеракционизм теориясы
Әлеуметтік теңсіздік бұл түрлі индивидтер әлеуметтік топтар жіктер таптар әлеуметтік иерархияның түрліше сатысында оранласып өмір сүруге өажеттіліктерін қанағаттандыруға деген әртүрлі мүмкіндіктерге ие болатын әлеуметтікжіктелудің формасы

Әлеуметтанудағы белгілі теориялық бағыттардың бірі символдық интеракцияның өкілдері: Ч.Х.Кули (1864-1929), Дж.Г.Мид (1863-1931), Герберт Блумер (1900-1987), Ирвинг Гоффман (1922-1982). Символдық интеракция әлеуметтік өзараықпалдастық ілімінің негізі ретінде адамдардың өз іс-әрекеттерін басқалардың іс-әрекеттерімен сәйкестендіру процесін алады. Адам өз әрекеттерін өзгелермен салыстыра отырып, әрекеттерге белгілі бір мән-мағына береді немесе әрекеттің мән-мағынасын өзгертіп отырады. Бұл қағидадан шығатын тұжырым — «қоғам -біржақты анықталған, сұрыпталған, орындалуы міндетті әлеуметтік ережелердің нақты жиынтығы емес, тұрақты іс-әрекет жүйесі де емес, ағымдағы, бірақ құрылымдалған интеракция процесі».Символдық интеракция ілімінің негізін қалаушылардың бірі -психологиялық бағыттың өкілі болып табылатын Чарльз Хортон Кули инстинктивизм мен натурализм идеяларына қарсы шықты. Оның белгілі жұмыстарының қатарында «Адам табиғаты және әлеуметтік тәртіп» (1902), «Әлеуметтік ұйым» (1909), «Әлеуметтік процесс» (1918), «Әлеуметтанулық теория және әлеуметтік зерттеу пәні» (1930) бар.Ч.Кули тұжырымдарының негізгі өзегі — тұлға мен қоғамның өзара қарым қатынасы. Ол тұлға мен қоғам біртұтас деп есептеді. «Тұлға» мен «қоғам» адамның өзараықпалдасуының екі қыры ғана. Осы өзараықпалдастықты тұлғалық тұрғыдан (тұлғаның өзіндік санасы, әлеуметтік «мені» тұрғысынан) немесе қоғамдық институттар тұрғысынан зерттеуге болады.Ч.Кули — «бастапқы топтар» және «айнадағы «мен» ілімінің» негізін салушы. Оның ілімдері Герберт Спенсердің органикалық және эволюциялық ілімінің ықпалында дамыды. Кули өз іліміне Г.Спенсердің табиғи және әлеуметтік эволюцияның біртұтастығы мен өзара байланысы идеясын арқау етті.Адам табиғатын Ч.Кули екі жақты сипаттайды. Біріншісі — табиғи биологиялық, яғни адам тұқым қуалайтын «қалыпты емес импульстар мен қабілеттердің жиынтығы» деуге болады. Ч.Кулидің пікірінше, осы қасиеттер адамның алғашқы даму сатысына тән болды. Екіншіден, адам табиғаты тек әлеуметтік табиғат ретінде ғана түсіндірілуі керек. Әлеуметтік табиғат адамның басқа адамдармен өте тығыз және жақын ықпалдастығының нәтижесі. Адамның ең жақын ықпалдасуы, әлбетте, отбасында және көршілермен екені мәлім. Басқаша айтсақ, отбасы мүшелері мен көршілер адамның үнемі айналасында болады. Бұл топты Кули «бастапқы топ» деп атайды. Адамның әлеуметтік табиғатын бүкіл адамзатқа тән әлеуметтік сезімдерді, ұстанымдарды, адамгершілік ережелерді құрайды және адамның әмбебап рухани ортасын айқындайды.«Айнадағы мен» идеясы арқылы Ч.Кули өзінің ілімін тереңдете түсті. Қоғамдық өмірдің бастапқы деректері — адамдардың бір-бірі туралы ойлары. Осыдан Кули «тұлға — айналадағылардың пікіріне адамның психологиялық реакциясының жиынтығы» деген қағиданы ұсынады. Олай болса, біздің әрқайсысымыздың өзіміз туралы пікірімізге басқалардың бізді бағалауы да ықпал етеді екен. Мысалы, Кулидің пікіріне сәйкес, адамның өзі туралы ойы үш негізгі элементтен тұрады:

  • Басқалар мені қалай бағалайтыны туралы пікір;

  • Менің өзім туралы пікіріме басқалар қалай қарайды;

  • Базбір «мен» деген мақтаныш немесе толымсыздық, мүсәпірлік, бейшаралық сезімі.

Адам басқалардың өзі туралы не ойлайтынын, айнаға қарағандай, мұқият зерделеп, өзіне-өзі баға береді. Ч.Кулидің әлеуметтік болмыс туралы ойы әлеуметтік психологиядағы жаңа бағыттардың, оның ішінде «әлеуметтену ілімінің», «тұлғаның рөлдік ілімінің», «шағын топтар социологиясының» дамуына мүмкіндік берді.
9. Қоғамдағы теңсіздік түрлерін анықтап, оларды нақты мысалдармен келтіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет