Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет15/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Ашық қоғаммемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам.
“Ашық” және “жабық” қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған. “Жабық” қоғам — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, “ашық” қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда “жабық” жүйеден “ашық” жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. “Жабық” жүйелерге өзінің әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия, патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар, “Ашық” қоғам үлгісі ретінде көне дәуірдегі халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа замандағы мемлекеттер мысал бола алады. Демокр. мемлекеттердің түрлері көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ белгілері бар. Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемл. жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті.

11. Стратификация қоғамдағы құрылымданған теңсіздік ретінде


Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамдарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп. Теңсіздік екі жағдайда:
• теңсіздік әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтікнормаларға сүйеніп, институттандырылса;
• теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелігіне негізделсе (мысалы, үйдің үлкендері немесе «көк жағалы жүмысшылар» деп) - стратификацияга айналады.
Теңсіздікті талқылау барысьшда назар аударатын шектеулі ресурстар әдетте үшке бөлінеді: бедел, билік және байлық. Бедел де мәртебе сияқты, яғни ол бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру. Билік-басқалардыңқалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Егер бедел, билік немесе байлық теңсіздігі әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметгік нормаларға сүйенін, топтық мүшелікке негізделген болса - стратификация бар деген сөз.
Стратификация - әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы. Бедел - бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет білдіру, мәртебе деп те аталады. Билік - басқалардың қалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Касталық жүйелер шектеулі ресурстарды аскриптивті мәртебеге сәйкес үлестіреді. Таптық жүйелер шектеулі ресурстарды қол жеткізген мәртебеге сәйкес үлестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет