Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Стратификация құрылымының түрлері



бет16/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Стратификация құрылымының түрлері Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп. Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгіленген және қол жеткен мәртебелеріне негізделу деңгейінен туындайды. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу - белгіленген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам болу немесе дәрігер болу - қол жеткізген мәртебе. Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасындағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификацияның қүрылымы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген статусқа негізделген қүрылым таптық жүйелер деп аталады.

  • Касталық жүйелер

Касталық жүйелерде адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты (Smaje, 2000). Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін меңгеру талап етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел адам болсаңыз, анаңыздың жолымен үй шаруасымен айналысу керек, әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме - бұл маңызды емес. Сонымен қатар касталық жүйеде әлеуметтік жағдайы өзіңіздің жағ- дайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіздің және жүбайыңыздың мәртебесі беріледі. Үндістан - касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. Барлық үнділер (көпшілік діні) бедел, билік және байлықпен ерекшеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға бөлінеді. Касталық жүйелер қазір Үндістаннын, кейбір мұсылман және христиан қауымдарында да кездеседі. Кастадағы мүшелік тұрақты, яғни атадан балаға беріліп, өзгермей, өмір бойы сақталады. Үндістан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, 1950 жылы, касталық жүйені ресми түрде заңсыз деп жариялады. Содан бері елдегі 200 миллион далиттердің, яғни «сот жоқ кастаның» мәртебесі арта түсті. Алайда олар әлі күнге дейін кемсітуден, аса кедейліктен тіпті кейде оларға қарсы жасалатын этностық зорлық-зомбылықтан зардап шегуде (Sengupta, 2008).

  • Таптық жүйелер

Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын - қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі - кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына байланысты. Касталық және таптық жүйелердің арасындағы негізгі айырмашылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігінде. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі - әлеуметтік ұтқырлық, яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында болады. Мұндай ұтқырлық ұрпақтар арасында кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың білімі болмаса, сіз бәрібір әлеуметтік ұтқырлықпен жоғарылай аласыз. Адамның әлеуметтік таптағы орны ауыспалы болуы ықтимал. Мысалы, орташа жастағы инженер жұмысынан «қысқартылып», «Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса - әлеуметтік ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны. І Үндістандағы көптеген далиттер («сот жоқ каста») кедейлікпен, кемсітушілікпен күресуде. Әлеуметтік шұғылдық - адамның әлеуметтік таптағы орнының жоғары немесе төмен ауысуы.
Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы, ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкіндіктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына эсер етеді. Дегенмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда таптық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз. Қазіргі заманда таптық жүйелер басым, сондықтан бүл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.
12. Әлеуметтік мобильділік теориясы және мобильділік формалары мен түрлері
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет