Құқықтану: Экономика саласындағы құқықтық реттеу



бет1/17
Дата04.07.2022
өлшемі197,5 Kb.
#147273
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
программы каз 3 курс и 2 курс сокращ


Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы


"Құқықтану: Экономика саласындағы құқықтық реттеу" БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
толық оқу мерзімі 3 курс, қысқартылған оқу түрі бойынша оқитын 2 курс және жоғары білімі бар 1 курс( ҚБТ қолдану арқылы) бакалавриат
студенттерінің өндірістік тәжірибе бағдарламаларының жинағы

ҚАРАҒАНДЫ 2 0 21
Бағдарлама ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы Шошаева Л.С. «Құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу» білім беру бағдарламасының талаптарына, ҚҚарУ-П-112-2021 бакалавриат студенттерінің кәсіби тәжірибесі туралы Ережесіне сәйкес әзірленген.
«Құқықтану: экономика саласын құқықтық реттеу» білім беру бағдарламасының акдемиялық комитетінің отырысында талқыланды
Хаттама № 5 «6 » желтоқсан 2021 ж.
«Құқықтану: экономика саласын
құқықтық реттеу» білім беру
бағдарламасының акдемиялық
комитетінің төрағасы
з.ғ,к., профессор Весельская Н.Р.

Мазмұны
1 Кәсіби тәжірибенің мақсаты мен міндеттері ….…....4


2 Тәжірибе өту обьектілері және мерзімдері ……..……4
3 Тәжірибені ұйымдастыру ……..….……..………………5
4 Тәжірибенің мазмұны ……………………….………..7
5 Есеп рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық ….11
6 Тәжірибе қортындысын шығару …...……………….…12

Қосымша:


№ 1Қосымша – тәжірибеден өткендігі туралы есептің басқы беті
№2 Қосымша – тәжірибенің жұмыс жоспары- кестесі
№ 3 Қосымша –тәжірибеден өткендігі туралы күнделік- есеп
№4 Қосымша – тәжірибе базасы туралы жалпы мағлұмат
№5 Қосымша – күнделік мазмұны
№6 Қосымша - кәсіби практика есебін бағалау
№7 Қосымша - жұмыс беруші үшін сауалнама


1 ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Кәсіптік тәжірибе студенттердің оқу орнында оқу үрдісінде алған білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдыларды игеруге және озық тәжірибені игеруге бағытталған.


Студенттердің кәсіптік тәжірибесі бірнеше кезеңнен тұрады: оқу тжірибесі, өндірістік тәжірибе және дипломалды тәжірибе.
Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыреттерді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдылары мен тәжірибесін алу болып табылады.
Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері:
1) мамандық бойынша кәсіптік қызмет түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін зерделеу;
2) теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби дағдыларды, Дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерін меңгеру;
4) ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибе алу;
5) командалық жұмыс дағдыларын, корпоративтік басқару қағидаттарының құзыреттерін меңгеру;
6) өз қызметін өз бетінше жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстар орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру дағдыларын меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет