Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі2,15 Mb.
#10279
1   2

құқығы

туралы

нормативтік –

құқықтық

құжаттар
Құрметті оқытушылар және білімгерлер!

Қазақстан Біілім және Ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2012 жылдың 15-25 ақпаны аралығында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық онкүндік өткізу жоспарланып отырғандығына байланысты Ғылыми кітапханада «БҰҰ –ның бала құқығы туралы Конвенциясы-балалардың әлемдік Конституциясы» деген тақырып бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде Бала құқықтары туралы Конвенцияның қысқаша мазмұны берілген және кітапхана қорында жинақталған әр жылдардағы басылым беттеріндегі мақалалар тізімі берілген.




БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады.
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ БИРЕСМИ ТҮРДЕГІ

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Kіріспеде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір пактілермен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік от басы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пакеттерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып, отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып, баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары Декларациясында қамтылғанын және оның жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакетте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда), экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарытуралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді» деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот

жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері») минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы Декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып,

дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың

маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
І БӨЛІМ

1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

2-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының

және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.

2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде

жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
3-бап

1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін

барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.

2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.

3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық

сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
БАЛА СИПАТТАМАСЫ
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
ДИСКРИМИНАЦИЯНЫ, ЯҒНИ ЗОРЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ

БОЛДЫРМАУ
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті

шараларды қолдануға міндетті.

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН АНАҒҰРЛЫМ ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Балаға қатысты жасалатын барлық іс-әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата-ана, немесе басқа тұлғалар балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4-бап

Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық

ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.

5-бап

Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен

міндеттерін құрметтейді.

6-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.

2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.

7-бап

1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.

2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

8-бап

1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.

2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді.
ҚҰҚЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУ
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
ОТ БАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛА ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Мемлекет баланың жан-жақты дамып келе жатқан жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата аналар мен кеңейген от басылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
ӨСУ МЕН ДАМУ
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуімен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
ЕСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚТЫ САҚТАУ
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым-қатынас жатады.
9-бап

1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын

қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.

3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда,қолдайды.

4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет

қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса,

беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.
10-бап

1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы

мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.

2. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2- тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне

сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады.
АТА АТА-АНАДАН АЖЫРАУ
Бала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен, немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

ОТБАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ
Бала мен ата-ана от басын біріктіру немесе өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.
11-бап

1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.

2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.

12-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.

2. Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.

13-бап

1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.

2. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:

а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе

ғ) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы мүмкін.

14-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.

2. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.
ЗАҢСЫЗ ОРЫН АЛМАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРАЛМАУ
Мемлекет ата-ананың немесе үшінші бір жақтың Баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
БАЛАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.
ПІКІР АЙТУ ЕРКІНДІГІ
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
ОЙ, АР, АР-НАМЫС ЖӘНЕ ДІН БОСТАНДЫҒЫ
Ата-ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар-ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
3. Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.

15-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.

2. Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп (ordre publiс) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани

ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір шектеулер қолданылмайды.

16-бап

1. Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.

2. Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.

17-бап

Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге

бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер:

а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және мәдени тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар мен материалдарды таратуын көтермелейді;

ғ) әр түрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді;

б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды көтермелейді;

в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына немесе жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік қажеттіліктеріне ерекше назар аударуын көтермелейді;

г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл- ауқатына залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді.
АССОЦИАЦИЯ БОСТАНДЫҒЫ
Бала басқа адамдармен кездесуге және aссоциацияларға кіруге, болмаса оны құруға құқылы.
ЖЕКЕ ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫН САҚТАУ
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және от басылық өміріне қол сұғушылардан, сондай-ақ өзара хат алмасуларына кедергі болушылардан, және арандатушылардан қорғау құқығына ие.
ТИІСТІ АҚПАРАТТАРДЫ АЛУ МҮМКІНДІГІ
Мемлекет балаларға ақпарат алуға және әр түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарының баланың әлеуметтік және мәдени дамуына

ықпал ететін ақпараттар таратуын қолдап қуаттауға, сондай-ақ балаларды зиянды ақпараттардан қорғауы тиіс.

18-бап

1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш- жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі

жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады.

2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін

орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді.

3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

19-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік,

әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.

2. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды.

20-бап

1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы.

2. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.

3. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын

қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс.
АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Ата-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады.

Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуаттауы керек.

Сонымен қатар мемлекет Баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.
АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ

ПЕН ЖАНЫ АШЫМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАУ
Мемлекет баланы ата-анасының немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-

зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет осындай асыра сілтеушілікті болдырмау және зардап шеккен балаларды емдеу жөніндегі тиісті элеуметтік бағдарламаларды жасауы керек.
ОТ БАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ
Мемлекет жан ұялық ортадан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» жан ұялық қамқорлық көрсету, болмаса белгілі бір пәтерді балаларды күтіп қағу мекемесіне айналдыру шарасын қарастыруы тиіс. Мұндай әрекеттер баланың мәдени және ұлттық ортасын ескеруі қажет.

21-бап

Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді және олар:

а) бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі

келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді;

ғ) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде

қабылдауға болады деп таниды;

б) өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді;

в) бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылады;

г) қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқа елге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.

22-бап

1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және

адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек

көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.

2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай Баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда

қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі.

АСЫРАП АЛУ
Баланы асырап алуға рұқсат етілген мемлекеттерде асырап алу әрекеттері тек баланың мүддесі үшін ғана жасалуы тиіс. Ал бұл үшін тиісті биліктің рұқсатымен қатар баланың өмірі мен құқығының толық сақталуына кепілдік беріліуі керек.


БОСҚЫН БАЛАЛАР
Босқын балалар, немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балалар ерекше қорғауға алынуы тиіс. Мемлекет балаларды осындай қорғаумен және көмекпен

қамтамасыз ететін арнайы ұжымдармен қарым-қатынас жасауға міндетті.

23-бап

1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.

2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа

адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді.

3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық,

медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.

4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық және функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы

саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.

24-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан

айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.

2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде:

а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;

ғ) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
МҮГЕДЕК БАЛАЛАР
Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы. Мемлекеттер, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық насихат және балалар өлімін азайту жұмыстарына баса назар аударуы керек. Олар бұл салада халықаралық ынтымақтастықты барынша қолдап-қуаттауы және ешқандай бала жоғары сапалы сауықтандыру қызметінен аластатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.

б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ас суымен қамтамасыз ету;

в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету;

г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналармен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және

келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту.

3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.

4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді.

25-бап

Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты

мойындайды.

26-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.

2. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.
ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТЕКСЕРУ
Арнайы күтім, қорғау немесе емдеу көрсету мақсатында мемлекет арқылы қамқорлыққа берілген бала, мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылы.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бала әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа да игіліктерін пайдалануға құқылы.

27-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.

2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.

3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет

болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі ағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.

4. Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық

жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.

28-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:

а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;

ғ) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;

б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;

в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;

г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін қолданады.

3. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.
ӨМІР ДЕҢГЕЙІ
Әрбір бала өзінің денелік, ойлық, рухани, және сондай-ақ адамгершілік пен әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы. Лайықты

өмір деңгейін қамтамасыз етудің негізгі жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі. Ал мемлекеттің міндеті осы жауапкершілікті жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттің міндеті ата-ана мен балаға материалды көмек

көрсетуді де қамтиды.


БІЛІМ АЛУ
Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтатамасыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мектеп бағдарламасы баланың құқығын және ар-намысын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.

29-бап

1. Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:

а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;

ғ) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;

б) ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;

в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық,

ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында дайындауға;

г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі.

2. Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан

белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.

30-бап

Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде

сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.

31-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.

2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең

дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.
БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҚСАТЫ
Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек. Сондай-ақ ол ата-ананы құрметтеуге, халқының мәдени ерекшелігін, тілін, құндылықтарын, және басқа ұлттардың мәдени салт-дәстүрі мен құндылығын құрметтеуге тәрбиелеуі керек.
АЗ ҰЛТТАР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРЫ
Аз ұлттың және жергілікті халықтың балалары өз мәдениетін, ана тілін және өз дінін қолдануға құқылы.
ДЕМАЛЫС, БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІР
Бала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.

32-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.

2. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың

тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара:

а) жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін;

ғ) жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды;

б) осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады.

33-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.

34-бап

Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:

а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге;

ғ) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;

б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
БАЛАЛАР ЕҢБЕГІ
Бала өзінің денсаулығына, білімі мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшері мен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.
ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУ
Балалар есірткі және «психотропты» заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғану құқығына ие.
СЕКСУАЛДЫ ҚАНАЛУ
Мемлекет баланы жезөкшеліктен, порнографиядан және сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс.

35-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.

36-бап

Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.

37-бап

Қатысушы мемлекеттер:

а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар

да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;

ғ) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді;

б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда,

ішінара оның еңқажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын

қамтамасыз етеді;

в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай- ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына

дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді.
САТУ, КОНТРАБАНДА, ЖӘНЕ ҰРЛАУ
Мемлекеттің негізгі міндеті барлық күш-жігерді балаларды ұрлаудан, сатудан, және оларды контрабандалаудан сақтауға жұмсау болып табылады.
ҚАНАУДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ
Балалар өздерінің салауатты өміріне зардабын тигізетін және 32, 33, 34 және 35-ші баптарда қамтылмаған қанаулардың барлық түрінен қорғануға құқылы.
АЗАПТАУ ЖӘНЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ
Ешқандай бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жазаға, заңсыз тұтқындалуға

және бас бостандығынан айырылу жағдайына ұшырамауы тиіс. 18 жасқа толмаған жеткіншекке үкім кесу барысында өлім жазасы мен еркіндікке шығу құқығынан толық айырған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға тыйым салынған. Бас бостандығынан айырылған кез келген бала ересектерден айыру оның мүддесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана олардан бөлек ұсталуы тиіс. Қамауға алынған бала құқықтық және басқалай көмек алуға және өзінің жан ұясымен байланыс жасап тұруға құқылы.

38-бап

1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.

3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер

олардын ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады.

4. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудін барлық қажетті шараларын қабылдайды.

39-бап

Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір- қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

40-бап

1. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілігі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды.

2. Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара:

а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды

бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді;
ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Қатысушы мемлекеттер 15 жасқа дейінгі кез келген баланың әскери әрекеттерге қатыспауы үшін мүмкін болған шаралардың барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа

толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек. Мемлекет, халықаралық құқықтың тиісті қағидаларына сәйкес, балаларды қамқорлыққа алуды және әскери қақтығыстардан зардап шеккен

балаларды қорғауға алуды қамтамасыз етуі тиіс.
АЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮТІМ
Мемлекет әскери қақтығыстардың, қинаудың, елемеудің, ұрып соғудың, немесе қанаудың құрбаны болған баланың денсаулығын қайта қалпына келтіру және оның әлеуметтік реинтеграциялануы үшін оны қажетті емдік шаралармен қамтамасыз етуі керек.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЗАҢБҰЗУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ҚОЛДАНУ
Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы. Ол, баланың жасын ескере отырып, оның әлеуметтік қайта қалыптасуына бағытталуы тиіс. Бала соттағы қорғау процесі барысында негізгі кепілдіктерге қол жеткізуге, құқықтық және басқалай көмек алуға құқылы. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн.

ғ) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді:

i) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы;

ІІ) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы;

ІІІ) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, егер бұл

баланың жағдайы мен жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім қабылдауы;

Іv) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен жеке өзі немесе басқа адамдардын көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар Берген жауаптарды зерделеуі;

v) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта қарауы;

vi) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы;

vii) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының өміріне құрметпен қарау.

3. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде:

а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас мөлшері белгіленуі;

ғ) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы.

4. Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз ету – әр түрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді.

41-бап

Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:

а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесе

ғ) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық

құқық нормаларының құрамында бола алады.
ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Егер бала құқығына қатысты нормалар, тиісті ұлттық және халықаралық заңдардағы Конвенция бекіткен нормалардан жоғары болса, онда бұл жағдайда ең жоғарғы нормалар қолданылады.
ІІ БӨЛІМ

42-бап

Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.

43-бап

1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды

орындайды.

2. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.

3. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.

4. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын

қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.

5. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат,

Комитет құрамына сайланған болып табылады.

6. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.
БҰЛЖЫТПАЙ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ
54-баптардың негізгі мазмұны мынадай:

(І) Мемлекет осы Конвенцияда қамтылған құқықтармен ересектерді де балаларды да кеңінен таныстыруға міндетті.

(ІІ) Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын талқылау мақсатында құрамында он эксперт бар бала құқығы жөніндегі Комитет құру. Мемлекеттер өз баяндамасын осы Комитетке Конвенцияны қабылдағаннан кейін, яғни ратификациялағаннан кейін екі жылдан соң, кейін, әр бес жыл сайын тапсырып тұруы керек. Ал жалпы Конвенция, оны жиырма мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді, демек Комитет өз кезегінде осы жиырма мемлекет Конвенцияны ратификациялағаннан кейін құрылады деген сөз.

(ІІІ) Қатысушы мемлекеттер өз баяндамаларымен қоғамды кеңінен таныстыруы керек.

(Іv) Комитет, бала құқығына қатысты нақты мәселелер бойынша арнайы зерттерлер жүргізуді ұсынуы және оның нәтижелерін оған қызығушылық білдірген әрбір қатысушы мемлекеттер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына жеткізуі мүмкін.

(v) Конвенцияның ойдағыдай жүзеге асырылуына септігін тигізу және халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында БҰҰ-ның мына сияқты арнайы мекемелері

- Халықаралық еңбек ұжымы

(МОТ), Халықаралық

денсаулық сақтау ұйымы

(ВОЗ), Білім, ғылым және

7. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты

тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немсе

әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің

міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған

қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған

жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны

тағайындайды.

8. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.

9. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге

сайлайды.

10. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының

Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа

ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл

сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады

және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы

мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта

қаралады.

11. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде

жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы

қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.

12. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері,

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген

ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының

қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.

44 44-бап

1. Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың

бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке:

а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы;

ғ) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді.

2. Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс.

3. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1“ғ” тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.

4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады.

Мәдениет мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Олар «құзырлы» деп танылған кез келген басқа ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ жанында өзінің ақыл-кеңестік мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы және өз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындалуына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін.

5. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.

6. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.

45-бап

Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы

Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты

көтермелеу мақсатында:

а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының

Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары

- өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан

жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;

ғ) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.

б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.

в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.

23

ІІІ БӨЛІМ

46-бап

Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.

47-бап

Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

48-бап

Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.

49-бап

1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға

қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

50-бап

1. Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы

мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.

2. Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.

24

3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.

51-бап

1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.

2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.

3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.

52-бап

Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы

Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.

53-бап

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның

депозитарийі болып тағайындалады.

54-бап

Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.

1 217 А (ІІІ) қарар

2 2200 А (ХХІ) қарарға қараңыз, қосымша

3 League of Hations Official Journal, Special Supplement №21, October 1924, 43 б.

4 1386 (Х) қарар, кіріспенің үшінші тармағы

5 41/85 қарар, қосымша

6 40/33 қарар, қосымша

7 3318 (ХХІХ) қарар

Құқық
Құқық деген не?

Құқық — заңда көрсетілген заңдардың жиынтығы және басқа нормативтік актілерде адам құқығы — нақты құқығы – бұл мемлекет қамтамасыз ететін, қорғайтын, не жасауға болатындығы көрсетіледі. Бұл құқықтарға адам туғаннан бастап ие болады.

Адам құқығын негізгі норма бойынша анықтауға болды, олсыз адамдар лайықты өмір сүре алмайды. Адам құқығы бостандықта, әділдік пен бейбітшілікте жатыр. Адам құқығының даму тарихы бостандық үшін күреспен және барлық әлемдегі теңдікпен байланысты.

Адам құқықтары тең барлық адамдардың нәсіліне, жынысына, діни сеніміне, саяси немесе басқа көзқарасына, ұлтына немесе шығу тегіне қарамастан. Біз барлығымыз еркін және тең дәрежеде өмір сүруге құқылымыз. Бірақ барлық уақытта олай болған емес: тек қана ұл балалар оқыды, ал қыздардың білім алуға құқығы болған жоқ, олар қоғам өміріне араласа алмады. Сонымен қатар, қоғам өміріне барлық адамдар араласа алмады, себебі олардың шыққан тегі қарады, жай қарапайым шаруаның сөзіне құлақ асқан, оның дауысы болған емес.

Адам құқығын сатып алуға, еңбек сіңіріп алуға немесе мұрагерлікке алуға болмайды, оған адам өмірге келген бастап ие болады. Әр адамды адам құқығынан бөліп қарай алмаймыз, ол оның бір бөлігі тәрізді.

Адам құқығын тартып алуға болмайды, ешкімде басқа адамның құқығын қандай себеп болса да айыра алмайды. Адамдарды елі оны құқығыннан айырса да, оның құқығын ешкім тартып ала алмайды. Адам құқығы оның бір бөлігі болып табылады.

Лайықты өмір сүру үшін барлық адамдар еркін өмір сүруге құқылы. Егер бір құқығынан айырсан, онда басқа құқығын да жоқ. Егер мемлекет адам өмір сүру құқығын сақтай алмаса, онда басқа құқықтардың маңызы болмайды.

Қандай тарихи жағдайлар, оқиғалар адамдардың бостандық пен теңдік үшін күресімен байланысты?

Адам құқығына байланысты, адам өмірін құрметтеу және оның адамгершілігін. Ол туралы көптеген әлемнің діндерін де және философиядан кездестіруге болды. Мысалға, христиандық 10 інжіл өсиет бар. Өсиет «өлтірме» адам өмірін құрметте дейді, «ұрлық жасама» басқаның жеке меншігін сыйла дейді.

Адам құқығы заңды түрде францияда 1978 жылы азамат және адам құқығы Декларациясында бекітілді, бірақта ХХ ғасырға дейін көптеген елдерде адамның құқығы оның шыққан тегі мен адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты болды.

Тек қана ХХ ғасырда, екі дүниежүзілік соғыстың шығындарынан кейін, геноцид, ызғарлы соғыс ағымынан соң, терроризм мен адамзатты құруға әкеп соққан соң адам құқығы құны бағаланды, адам құқығы институтынан басқа қорлық пен рақымсыздыққа қарсы тұру мүмкін еместігін көрсетті.

Қандай тарихи қиын жолдан адамзатқа өтуге тура келді, осы институтта балалар ерекше орын алатындығы дәлелдеу үшін, ерекше құқықтық қорғау нысаны болып, қолдау мен қорғауды қажет ететіндігін дәлелдеу үшін?

Ол қиын да, ұзақ жол болды. Орта ғасырдың аяғына дейін балалық шақ бөлек санаттағы немесе адамзат өмірінде әлеуметтік феноммен бола алмады. Балалар «Кішкентай ересектер» болып есептеліп, ештеме істей алмайтын және бос орын болып есептелді.

Тарихи даму кезеңде балалардың құлдық жағдайы барлық елдерге тән болды. 6-7 жастағы балалар халық санағында есептелмеді, себебі олардың тірі қалу мүмкіншілігі өте аз болды. Ал кімде кім тірі қалса, олар бірден ересек болып есептелді.

Тарих мынаған куә, IV жүз жылдыққа дейін жаңа туған сәбилерді діни рәсім бойынша құрбандыққа шалды. XIX ғасырға дейін жас сәбилердің қиын жағдайда күн көруі, дұрыс күтімнің болмауы нәрестелердің көп өліміне әкеп соқты. Көптеген тарихшылар оны ауыр өмір сүру жағдайымен байланыстырып, балаға салғырт қараумен байланыстырады.

XVI ғасырда ғана балаға деген алғашқы қызушылықтар пайда бола бастады. Егер шындыққа келсек, балалар ересектерден бөлек болып келеді, сондықтан оны білім беруде және тәрбиелеуде ескерген жөн. Оқыған азаматтар пайда бола бастады.

Сол уақытта екі қарама-қайшы келетін тәрбие жүйесі болды.

Моральшылар – балаларды «жаман» деп есептеді, білім арқылы оларды «жақсы адам» жасауды көздеді.

Романисттер – балаларды «туғаннан жақсы» деп есептеп және еркін тәрбиелеу идеясын насихаттады.

Еркін тәрбиелеу өкілдері баланы дара тұлға ретінде есептеуді ұсынды, табиғатқа сәйкес оның еркін білім алу мен тәрбиелеу құқығын насихаттады. Олар балалық шаққа қызушылық танытып, оны адамзат өміріндегі ерекше кезең екендігін насихаттады.

Осылай бала және «балалық шақ» бөлек әлеуметтік феномен болып есептелді. Ол үрдіс оқыған, көзі ашық жандардың ұлдарға деген, одан кейін қыздарға деген қөзқарасынан басталды.

ХХ ғасырдың басында бала құқығы идеясы Еуропа педагогтарының орныққан нық орын алды. Жиырмасыншы жүзжылдықтың басын швед әйелдер қозғалысының өкілі Эллен Кейдің «Бала ғасыры» атты кітабы ашты. Кітап жаңа педагогиканың манифесті және символы болды. Эллен бала құқықтарының негізгі бірнеше түрін: құқықтың жетіспеушілігі, ішкі дүние қол сұқпау құқығы, ата-ананы таңдау құқығы, баланың өмірге келу құқығы, денісау және махаббатқа бөленіп туу құқығы.

«Әр әйел өз баласына деген міндетті сезіну керек, - деп жазды ол, - бұл табиғат заңы, онымен қоғам санасу қажет. Ол үшін қоғам аналық пен балалықты қорғайтын заңманама шығару қажет, әйел еңбегін реттейтін туралы, отбасы қызметін ұйымдастыратьын және жаңадан әйелді, еркекті тәрбиелеу керек».

Алғашқы халықаралық құжаттар, балаға қатысты, бала құқығын қамтамасыз етуді мәселесін ғана қарастырмай, бала еңбегін қанау және құлдықты, баланы сату және балалардың жезөкшелігін алдын алу шараларына назар аударды.

1902 жылы халықаралық Гаагская конференция «баланың мүмкіншіліктері» кішілерді қорғау бойынша конвенция белгілерінің маңызды бөлігі болды.

1919 жылы Халықаралық Еңбекті Ұйымдастыру Конвенциясында, жұмысшының ең кіші жасы анықталды.

1919 жылы балалардың амандығы Ұлттық Одақ Комитеті құрылды. Комитет назарында балалардың қаңғыбастық, құлдық, бала еңбегі, баланы сату және жасөспірімдердің жезөкшелік проблемасы болды.

Сол уақытта бала құқығын әлеуметтәік қорғау стандартын жасауда басты рольді үкіметтік емес ұйымдар атқарды.

1923 жылы осы ұйым аясында декларация жасалды, онда негізгі шарттар көрсетілді, қоғамның балаға қамқор көрсету мен оны қорғау қамтамасыз ету жолдары көрсетілді.

1924 жылы Женева да Ұлттық Одақ ұсынылған Декларацияны қабылдады. Ол Женевалық бала құқығы декларациясы деген атты алды және баланың қызығушылығын және құқығын қорғау саласындағы халықаралық-құқықтық сипаттағы ең алғашқы құжат болды.

1934 жылы Ұлттық Одақ Бас Ассамблеясы 1924 жылғы балалардың құқықтары Декларация принциптерін құптады, ал қатысушы-мемлекеттер оның принциптерін мемлекеттік заңнамаға енгізуді міндетіне алды.

1945 жылы адамзатқа қарсы фашизм қылмысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қабылдаудың себебі болды. Жаңа Дүниежүзілік ұйымның басты мақсаты адам құқығын және барлық адамзатты ұлтына, жынысына, тіліне, дініне қарамастан негізгі бостандығы үшін құрметтеу болып табылды.

БҰҰ мақсаты:

    • Барлық әлемде бейбітшілікті сақтауға қолдау көрсету:

    • Барлық әлемдердің арасында достық қатынасты дамыту;

    • Адам өмірін жақсарту үшін бірлесе отырып шара қолдану, кедейшілікті, сауатсыздықты жою.

БҰҰ басты органы, бейбітшілікті қамтамасыз етуге жауапты, оның шешімі барлық мемлекеттер үшін міндетті – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері – Қауіпсіздік Кеңесі.

БҰҰ мүшелері 185 мемлекет болып табылады. Осы мемлекеттердің үкіметтері Бас Ассамблеясында кездеседі.

ХХ ғасырда адам құқығының жалпы және қатты бұзылуы БҰҰ Жарғысына жаңа және маңызды элементтердің енуіне себеп болды, оның ішінде адам құқығына қатысты.

Балалар, олардың тұрмыс жағдайы мен олардың құқықтары БҰҰ құрылуынан бастап назарында болды. БҰҰ алғашқы қадамдарының бірі 1946 жылы 11 желтоқсанда Біріккен Ұлттық Ұйымының Бас Ассамблеясының балалар қорын (ЮНИСЕФ) құру болды, ол қазіргі таңда да ең басты балаларға халықаралық құқықтық көмек көрсетудің тірегі болып тұр.

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттық Ұйымының Бас Ассамблеясы жалпы адам құқықтары декларациясын қабылдады, онда баланың мүддесін мен құқықтарына қатысты мәселелерде көтерілді: балалардың тепе-теңдік принципі, ана мен нәрістелерді қорғау нормалары, балаларды қанаудан қорғау туралы, балалардың білім алу құқығы. Онда «балаға өмірге келер алдында және туғаннан кейін де құқықтық көмек керек, арнайы қамқорлық пен қорғауды қажет етеді» көрсетілді.

Бірінші сандарт, БҰҰ жасаған құралы және тікелей бала құқықтарына қатысты, балалардың құқықтары туралы Декларация 1958 жылы болды. Ол мынаны құптады «адамдар балаларға тек қана ең жақсысын ғана беруге міндеті», Декларация балалардың құқықтары моральдық құрлымын мықты негізін қалады, он принциптен тұратын. Декларацияның тарихи маңызды мәні, баланы құқықтық нысан ретінде қарау, баланы қорғаудан баланы құқықтық қорғауға көшу және әлеуметтік көмекке ұласудан тұрады.

70-ші жылдардың аяғында кейбір мемлекеттер бала құқықтары туралы келісімді қабылдау қажеттілігі туралы айта бастады, міндетті түрде халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетін. Бұл көптеген елдердегі баланың тұрмыс жағдайының ауырлығы туралы хабарлардың шығуы, балалар өлімінің көбейіп кетуі, бала денсаулығы тиісті қорғалмай, олардың қарапайым білім алу мүмкіншілігінің жоқтығы болды. Сонын ішінде балаларды қауіпті еңбекке жегу пен жезөкшелік және еңбекпен қанауда пайдалану, түрмеде қамаудағы отырған немесе басқада қиын жағдайға душар болған балалар туралы, әскери жанжалдарда құрбан болған немесе қашқындар санатындағы балалар туралы ақпарат үрей тудырды.

1979 жылы балалардың құқықтары Декларациясының қабылданғанына 20 жыл толды – БҰҰ Бас Ассамблеясы ол жылды Халықаралық балалар күні деп жариялады. Сол жылы жаңа құжаттың жобасы талқылана бастады, Польша үкіметінің өкілдері ұсынған Бала құқықтары туралы Конвенция.

Конвенцияны жасау жұмыс тобы жұмыс істей бастады, адам құқықтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы бастаған. Топ үкімет өкілдерінен болды, ал талқылауға БҰҰ арнай мекемелері мен органдардың өкілдері қатысты, оған босқындар ісі бойынша БҰҰ Жоғарғы басқарма комиссары (БЖБК), халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), сонымен қатар бірқатар үкіметтік емес ұйымдар кірді.

Конвенциямен жұмыс істеу ондаған жылдарға созылып кетті.

1989 жылы 20 қарашада, он жыл өткен соң Бүкіләлемдік Балалар жылынан кейін және 30 жыл балалар құқықтары Декларацияға қол қойылған соң, Бала құқықтары туралы Конвенция екі минут ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы бір дауыстан қабылдады. Оның қажеттілігін мынадан байқауға болады:

Конвенцияға қол қою күні ашылғанда (1990 жылы 26 қаңтарда) оған 61 мемлекет қол қойды. 1990 жылы қыркүйекте Конвенцияны 20 мемлекет заңдық тұрғыдан мақұлданды, ол оның күшіне енуін көрсетті.

Сонымен қатар, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бастамасымен және алты мемлекет (Египет, Канада, Мали, Мексика, Пәкістан и Швейцария) Нью-Йоркте балалардың мүддесін қарастырудың жоғарғы деңгейі бойынша дүниежүзілік кездесу болды. Кездесуге қатысушылар барлық мемлекеттерді Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауға шақырды.

1990 жылдың аяғында 57 мемлекет ратификациялады.

1995 жылы 31 желтоқсанда 185 ел, ол дегеніміз адам құқықтары саласындағы нормативтік құжаттардың ішінде теңдесі жоқ болып шықты. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады.

Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979 жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 17 жыл толып отыр, қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетіміздің алған бағыттарына көтермелеуші ықпал жасауға, адамдардың өмір сүрудегі іс-әрекеттерінің барлық саласына қатысты жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті екендігін көрсетті.

Экономика еркіндігі тұлғааралық қатынастардың да өз деңгейінде жауапты және еркін дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Жеке адамдардың құқығы мен еркіндігі қажеттілікке айналды. Өзіне жауапкершілік жүктеген мемлекетіміз де, адамдар да қазіргі кезде ең алдымен әлеуметтік қауқарсыз адамдардың, әсіресе балалардың қадір-қасиетіне қамқорлық жасауға, олардың құқықтарын жүйелі және тиімді түрде қорғауға дайын.

Балалардың ең басты мүдделерін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы мақсаты бала құқықтарын қорғау болып табылатын маңызды конвенцияларға қосылды:

  • Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы;

  • Шет елден алимент өндіріп алу туралы Конвенция 1999 жылы;

  • Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы Конвенция 2000 жылы;

  • Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы;

  • Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы 2001 жылы;

  • ХЕҰ-ның балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясы 2002 жылы бекітілді;

  • 2004 жылдың қараша айында Қазақстан БҰҰ-ның адамдарды саудалауға және жезөкшелікті үшінші адамның пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясы мен оның қорытынды хаттамасына қол қойды.

Нормалары Қазақстан аумағында қолдануға келетін Балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құжаттардың ішіндегі едәуір маңыздысы Бала құқықтары туралы Конвенция болып табылады. Оның бекітілуі мемлекеттің бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қоғам алдында кепілді екендігін білдіреді.

Қазақстан тарапынан аталған Конвенцияның орындалуы жөніндегі алғашқы баяндама 2003 жылғы маусымда Женева қаласында өткен БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің 33 сессиясында тыңдалды, оның нәтижесі бойынша Комитет баяндамаға қатысты біраз ескертулер мен ұсыныстар пакетін дайындады. Сессия кезінде БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің сарапшылары бала құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолға алған шараларына оң баға берді. Осындай оңды жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнамалық базаның жетілуі мен дамуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықаралық ұйымдар және БҰҰ-ның түрлі ұйымдарымен балалық шақ мәселелері бойынша әріптестігі аталды.

Қазақстанға берілген ұсыныстардың ішінен негізгі деп айтуға тұратын мәселелердің бірі ретінде елдегі балалар жағдайын жақсартуға арналған іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын әзірлеу және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті арнайы орган құру қажет екендігін айтуға болады.

БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетін құрды. Еліміздің бірінші ханымы С.Назарбаеваның бастамасы және қолдауымен 1998 жылдан бері Республиканың барлық өңірлерінде осы кезеңге дейін әлеуметтік мекемелерден және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсетумен айналысқан Қоғамдық балалар қорлары өз жұмысын жүргізіп келді.

Бірақ, уақыт ағымы өзгерістерді талап етеді. С.Назарбаеваның ұсыныс енгізуімен өңірлердегі балалар қорларын жауып, оның қызметін кең көлемде жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар қамқорлығына беру ұйғарылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы №744 Қаулысымен барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің аймақтық бөлімшелері – Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері құрылды.

Нормативтік құжаттар тізімі

(Мерзімді басылымдар беттерінен)


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығы.

Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды , сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдердің стандарттарын бекіту.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі, 2008 жылғы 19 ақпан,

№ 83 // Заң газеті.- 2008.- №50.- Б.3.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.

Қазақстан Республикасының балаларына арналған аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 23 шілде, №532 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №366-367.-10 қыркүйек.- Б.9.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережесін бекіту туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 30 шілде, №577 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №382-385.-22 қыркүйек.- Б.10.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

"Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына және ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын... [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 28 шілде, №550 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №262-263.-7 қыркүйек.- Б.9.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесімен бекіту туралы// Заң газеті.- 2009.- №6.-15 қаңтар.- Б.7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

"Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скрингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2009 жылғы 24 шілде, N379 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №131.-28 тамыз.- Б.8.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2008 жылғы 30 желтоқсан, №702 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №49.-3сәуір.- Б.13.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

"Мектеп- балабақша" кешені қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Отбасылық балабақшалардың қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Отбасылық балабақшалардың, "мектеп- балабақша" кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 23 қаңтар, №27 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2008 жылғы мамырдың 4-i, №411, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2008.- №184-185.-21маусым.- Б.8.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2008 жылғы ақпанның 27-i, №201, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2008.- №176-177.-14маусым.-Б.6-7; №180.-181.-18маусым.-Б.7-8.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2008 жылғы 31 желтоқсан №1354, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2009.- №72-73.-24 ақпан.- Б.7-8.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2007 жылғы 22 қазан №984, Астана, Үкімет Үйі // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2007.- №40.- Б.55-72.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері"мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің "Өркен"білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 14 наурыз, №317, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2009.- №160.-6 мамыр.- Б.7.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N71 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2007 жылғы 31 қазан №1018, Астана, Үкімет Үйі // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.- 2007.- №41.- Б.85.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 30 желтоқсан №2307, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №12-13.-16 қаңтар.- Б.6.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі №840 қаулысының күші жойылды деп тану туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 30 желтоқсан №2268, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №12-13.- Б.6.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2010 жылғы 10 маусым №140, Астана, Үкімет үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №265-267.-1 шілде.- Б.9.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

ҚР-сы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы [Мәтін]: ҚР-сы Үкіметі, 2010 жылғы 21 маусым №631, Астана, Үкімет үйі // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.- 2010.- №39.- Б.84-85.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы [Мәтін]: ҚР-сы Үкіметі, 2010 жылғы 22 желтоқсан №1395, Астана, Үкімет үйі // Егемен Қазақстан.- 2011.- №12-13.-18 қаңтар.- Б.7.
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау// Егемен Қазақстан.- 2009.- №78-80.-27 ақпан.- Б.7.
Қазақстан Республикасының Бұйрығы.

Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының қызметі туралы:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N742 бұйрығы // Заң газеті.- 2008.- №32.-29ақпан.- Б.6.



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.

Балаларға гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже [Мәтін]: ҚР-ның Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 12 тамыз, №631 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №439-442.-26 қазан.- Б.13.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті, 2010 жылғы 12 наурыз №253-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2010.- №98-99.-17 наурыз.- Б.3.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы ратификациялау туралы:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2008 жылғы маусымның 4-i, N37-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2008.- №168-169.-7 маусым.- Б.2.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2009 жылғы 8 желтоқсан №223-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.- 2009.- №24.- Б.30-37.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Кеден одағына кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті, 2010 жылғы 30 маусым №303-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2010.- №281-282.-8 шілде.- Б.7.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2008 жылғы 21 қараша, N92-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2008.- №357-360.-26 қараша.- Б.1.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті, 2009 жылғы 11 шілде №185-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.- 2009.- № 17.- Б. 36-74.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.N176-IV ҚРЗ // Егемен Қазақстан.- 2009.- №248-249.-28 шілде.- Б.3.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2009 жылғы 10 шілде №176-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.- 2009.- № 5-16.- Б. 13-19.


Қазақстан Республикасының Заңы.

ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы [Мәтін]:

ҚР-ның Президенті, 2010 жылғы 23 қараша №354-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2010.- №504.-27 қараша.- Б.6.


Закон РК.

О правах ребенка в РК// Каз. правда.- 2002.- 13 авг.- С.3.

Закон РК.

О правах ребенка в РК /Астана 8 августа 2002г N345// Учитель Казахстана.- 2003.- 5 мая.


Законы Республики Казахстан.

О правах ребенка в Республике Казахстан// Ведомости Парламента РК.- 2002.- №17.- С.49.


Мерзімді басылым беттеріне шыққан материалдар тізімі
Алдамжарова, Г.

Балалардың туу тегін белгілеу: Заң кенесі / Г. Алдамжарова // Заң.- 2001.- №11.- Б.61.
Алимкулова, С.

Отбасы құқығындағы ана мен бала құқығының қайнар көздері/ С. Алимкулова // Тура Би.- 2008.- №6.- С.29.
Ахметжан, Т.

"Азаматтық неке" жөнінен Астана көш басында тұр [Мәтін] / Т. Ахметжан // Заң газеті.- 2010.- №46.-2сәуір.- Б.6.
Әбілдаева, Ш.

Ерлі-зайыпты ажырасса, бала бөліске түсе ме?/ Ш. Әбілдаева // Ақ босаға.- 2007.- №9.-қыркүйек.- Б.3.
Әбілов, С.

Балалар қамқорлықсыз қалмайды/ С. Әбілов // Ақ жол.- 2009.- №12-14.-24қаңтар.- Б.8.
Әзходжаев, Д.

Балалар құқығы қорғаусыз қалмайды/ Д. Әзходжаев // Заң газеті.- 2008.- №167.-4қараша.- Б.2.
Әкімбекқызы, К.

Барлық бала тең құқықты деп заңда жазылған/ К. Әкімбекқызы // Заң газеті.- 2006.- №204.-23қараша.
Әубәкіров, О.

Балалар қылмысы алаңдатады/ О. Әубәкіров // Жамбыл-Тараз.- 2005.- 21 қыркүйек- Б.4.
Байзақ, А.

Балалар мәселесі - қоғамның мәселесі/ А. Байзақ // Жамбыл-Тараз.- 2008.- №91.-14қараша.- Б.2.
Баймырзаева, Л.

Балалар құқығын қорғау-басты назарда/ Л. Баймырзаева // Заң газеті.- 2008.- №195.-26желтоқсан.- Б.1.

Бала-бауыр ет// Парасат.- 2005.- №2.- Б.16.
Балаларға қамқорлық керек [Мәтін]: Прокурорлық тексерулер // Құқықтық Қазақстан.- 2010.- №25.-8қыркүйек.- Б.2.
Балтабек, Т.

Бала құқығы мен қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын/ Т. Балтабек // Заң газеті.- 2009.- №160.-21қазан.
Бегежанов, Қ.

Түнгі қаладағы балалар [Мәтін] / Қ. Бегежанов // АрСтан.- 2010.- №15.-23сәуір.- Б.5.
Бейсенбайұлы, А.

Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек [Мәтін] / А. Бейсенбайұлы // Алаш айнасы: Республикалық газет.- Алматы, 2011.- №185.-19-қазан.- Б.1.
Білісов, Е.

Адамдар саудасы және оның алдын алу [Мәтін] / Е. Білісов // Құқықтық Қазақстан.- 2010.- №33.-27қараша.- Б.2.
Джумагалиева, К.

Бала (қыз) асырап алу мәселелерінің құқықтық реттелуі [Мәтін] / К. Джумагалиева // Әділ сот.- 2011.- №2.- Б.18-22.
Досжанова, С.

Отбасылық заңнаманы жетілдіруде ТМД тәжірибесін ескерген құқықтық база жоқ/ С. Досжанова // Заң газеті.- 2009.- №56.-16сәуір.- Б.3.
Есентемірова, Б.

Балалар құқықтық қорғалуға зәру/ Б. Есентемірова // Заң газеті.- 2003.- 5 наурыз.- Б.4.
Ешенқұлов, Т.

Бала еңбегі үнемі назарда/ Т. Ешенқұлов // Арыстан.- 2009.- №21.-19маусым.- Б.4.
Жас босанған ана, өз құқыңызды білесіз бе?// Дала мен Қала.- 2009.- №8.-2наурыз.- Б.7.

Жолдыбаева, А.

Қаналатын да, жан алатын да балалар [Мәтін] / А. Жолдыбаева // Заң газеті.- 2010.- №9.-21қаңтар.- Б.5.
Жолдыбекова, А.

Жасөспірімдер қылмысы қашан азаяды?/ А. Жолдыбекова // Заң газеті.- 2008.- №150.-2қазан.- Б.1.
Жоямергенқызы, Н.

Жетіміңді жылатпа.../ Н. Жоямергенқызы // Түркістан.- 2007.- №7.- Б.2.
Жұлдыз, Т.

Бала кетті қыр асып.../ Төлеу Жұлдыз // Түркістан.- 2001.- 24 қараша.- Б.6.
Жүсіп, Қ.

Бала құқығы қалай қорғалуда?/ Қ. Жүсіп // Заң газеті.- 2008.- №48.- Б.1.
Жүсіпбек, Қ.

Қазақстанда жетімдерді сату да бизнеске айналды/ Қорғасбек Жүсіпбек // Қазақ әдебиеті.- 2002.- 8 ақпан.- Б.1.
Иембердиев, Қ.

Бала тағдырымен ойнауға болмайды/ Қ Иембердиев // Ақ жол.- 2003.- 10 шілде.
Исатаева, М.Қ.

ҚР-дағы балалар құқықтарын қорғау шарасын халықарлық заңнамаға сәйкестендіру [Мәтін]: Заң ғылымдары / М.Қ. Исатаева // М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Хабаршысы Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері=Вестник таргу им.М.Х.Дулати Природопользование и проблемы антпропосферы: Әр тоқсанда шығарылатын ғылыми журнал.- 2010.- №2.2.- Б.164-171.- (Заң ғылымдары).
Исәділ, А.

Ұзын арқан, кең тұсау...Баланың құқын кім қорғар?/ А. Исәділ // Қазақ әдебиеті.- 2002.- 30 тамыз.- Б.14.
Исмағұлов, Т.

Бала құқын қорғау-баршаның міндеті/ Т. Исмағұлов // Құқықтық Қазақстан.- 2008.- №18.-27маусым.- Б.1.
Кәпқызы, Е.

Демография өсіп келеді: Бұл әлеуметтік күнкөрістің өсімімен байдланысты / Е. Кәпқызы // Түркістан.- 2005.- №9.- Б.2.
Кәренова, С.

Бала құқы басып-жаншығанды көтермейді/ С. Кәренова // Құқықтық Қазақстан.- 2009.- №17.-17маусым.- Б.3.
Кембағал бала, көзжұмбай көзқарас немесе алқа мәжілісінде анықталған айғақтар// Закон и время.Заң және заман.- 2009.- №3.- Б.26-28.
Кереева, Қ.

Жезөкше жерден шыққан жоқ/ Қ. Кереева // Егемен Қазақстан.- 2005.- №53.-18 наурыз.
Көкенов, С.

"Неке және отбасы туралы" заң жобасынан азаматтық неке туралы бап алынып тасталуы керек пе? [Мәтін] / С. Көкенов // Алаш айнасы: республикалық қоғамдық- саяси газет.- Алматы, 2011.- №179.-11 қазан.- Б.1-3.
Қайырбайқызы, А.

"Ювеналды әділет" жасөспірімдер құқығын қорғайды/ А. Қайырбайқызы // Жазаларды орындау.- 2007.- №10.- б.4.
Қаспақбаев, А.

Қазақстандық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтары... [Мәтін]: Әлеуметтік-гуманитарлық және заң ғылымдары / А. Қаспақбаев, Е.А. Сарымбетов // Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономика ғылымдары саласы=По естественным, техническим, социально-гуманитарным и экономическим наукам, посвященной 20-летию Независимости: Студенттердің XIII ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.- 09.02.2011ж.-16.02.2011ж.- Тараз: Тараз университеті, 2011.- Б.39-40.- (Әлеуметтік-гуманитарлық және заң ғылымдары).
Қуаналиев, Ә.

Балалар құқығын қорғау-басты міндет/ Ә. Қуаналиев // Заң.- 2009.- №1.- Б.13-14.
Құрманғали, А.

Балалар құқығы үлкендер талқысында [Мәтін]: Сенат / А. Құрманғали // Заң газеті.- 2010.- №154.-19 қазан.- Б.5.
Мәметқазықызы, Б.

Дауға басы түскен бала/ Б Мәметқазықызы // Ақ босаға.- 2003.- Маусым.
Мерғалиев, А.

Жасөспірім құқығы [Мәтін] / А. Мерғалиев // Заңгер.- 2011.- №11.- Б.63-64.
Молдабек, Ш.

Баланы басынған бассыздық [Мәтін]: Шымбайға батса да шындық / Ш. Молдабек // Заң және заман=Закон и время: Қоғамдық -саяси, ғылыми-құқықтық журнал.- 2009.- №10, қазан.- Б.64, 65.
Мусина, Г.

Мақсат-баланы жазалау емес, қайта түзелуіне ықпал ету/ Г. Мусина // Заңгер.- 2007.- №10.- Б.8-10.
Мұратов, Е.

Балалар құқығын қорғау ісі ойдағыдай емес/ Е. Мұратов // Заң газеті.- 2008.- №44.- Б.2.
Мұсылман отбасының негіздері [Мәтін]: Шаңырақ : тағылым // Отбасчы және денсаулық: Республикалық ғылыми-көпшілік журнал.- Алматы, 2011.- №4-5.- Б.10-11.
Мұхамедсадықова, Ә.

Бала еңбегін бағалайық [Мәтін] / Ә. Мұхамедсадықова // Заң газеті.- 2010.- №94.-30маусым.- Б.6.
Мүмкіндігі шектеулі балалар құқығы қалай қорғалуда? [Мәтін]: Прокурорлық қадағалау // Құқықтық Қазақстан.- 2010.- №8.-18наурыз.- Б.4.
Мыңбаев, М.

Баланы еңбекке мәжбүрлеуден қорғау мәселелері/ М. Мыңбаев // Заң.- 2003.- №4.- Б.60.
Неке отбасы құқығы: заң консультациялары // Заң консультациялары=Юридические консультации.- 2009.- №1.- Б.44-52.
Нұғманов, Б.

Балалар құқығы заңмен қорғалады [Мәтін] / Б. Нұғманов // Тураби.- 2000.- №5.- С.32.
Омаров, Ж.

Білім ошақтарындағы былық [Мәтін]: Әлеуметтік мәселе / Ж. Омаров // Заң және заман: Қоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журнал.- 2009.- №12.- Б.35, 36.
Омаров, Н.

Балалар құқығы басты назарда [Мәтін] / Н. Омаров // Заң газеті.- 2009.- №187.-8 желтоқсан.- Б.2.
Өтебалиев, Н.

Жауапсыздық - қылмыстылық бастауы [Мәтін]: Бала - болашағымыз / Н. Өтебалиев // Құқықтық Қазақстан.- 2010.- №16.-8маусым.- Б.2.
Кәмелетке толмағандар

Сағдат, С.

Балалар құқығын қорғау басты мақсат/ С. Сағдат // Заң газеті.- 2008.- №124.-15тамыз.- Б.1.
Садықова, Г.

Балалар құқығы-басты назарда/ Г. Садықова // Заң газеті.- 2008.- №173.-13қараша.- Б.2.
Садықова, Г.

Балалар құқығы-басты назарда/ Г. Садықова // Заң.- 2008.- №11.- Б.43.
Сатылғанов, С.

Мәселе [Мәтін]: Талқы / С. Сатылғанов // Жамбыл Тараз.- 2011.- №16.-20 сәуір.- Б.1-2.
Сейітқұлов, Е.

Жас өркенді тәрбиелеу ләзім [Мәтін] / Е. Сейітқұлов // Заң газеті.- 2009.- №185.-3 желтоқсан.- Б.3.
Сүйеуова, Б.

Құқығың тапталмасын, құлыным! [Мәтін]: 2009 жылғы 20 қарашада Бала құқықтары туралы Конвенцияға - 20 жыл / Б. Сүйеуова // Алтын Орда.- 2009.- №47.-19-25 қараша.- Б.19.
Сүлейменов, Ж.

Бесіктен белі шықпай жатып, өмірден неге түңіледі? [Мәтін] / Ж. Сүлейменов // Егемен Қазақстан.- 2011.- №62.-26 ақпан.- Б.4.
Тазабекова, Г.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар/ Г. Тазабекова // Заң газеті.- 2008.- №107.-17шілде.- Б.3.
Таспихов, А.

Бала еңбегінің күнгейі мен көлеңкесі көп [Мәтін] / А. Таспихов // Заң газеті.- 2010.- №7.-19қаңтар.- Б.2.
Тоқпатаев, У.

Мүгедек балалардың мүддесі қалай қорғалады?/ У. Тоқпатаев // Закон и время//Заң және заман.- 2009.- №1.- Б.26-27.
Төлегенов, И.

Мүгедек балалар мүддесі жіті назарға алынды/ И. Төлегенов // Закон и время.Заң және заман.- 2009.- №5.-Б.20.-22.
Төлемісова, Т.

Мемлекет болашағы балалардың қолында [Мәтін] / Т. Төлемісова // Заң газеті.- 2010.- №44.-31наурыз.- Б.2.
Төлендіұлы, Д.

"Бала құқығын қорғау басты мақсатымыз" [Мәтін] / Д. Төлендіұлы // Ар-Ай.- 2010.- №21.-27мамыр.- Б.5.
Утеев, Ж.М.

Кемтар балалар құқығы сақталмауда [Мәтін] / Ж.М. Утеев // Заң газеті.- 2007.- №55.-4.
Шайманова, Ж.

Балалар құқын қорғайтын департамент/ Ж. Шайманова // Айқын.- 2009.- №7.-21қаңтар.- Б.6.
Шаханова, Р.

Әлеуметтік педагог мамандарын даярлау сапасын арттыруға бағытталған психология - педагогика факультетінің даму стратегиясы [Мәтін]: Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал / Р. Шаханова // Әлеуметтік педагог.- Алматы, 2011.- №3.- 3б.
Шахмұратов, М.

Балалар құқығы басты назарда/ М. Шахмұратов // Заң газеті.- 2009.- №137.-10қыркүйек.

Шөженов, Ж.

Төрелігін шығарғанда балама жаза керек-ақ [Мәтін]: Сот реформасының қадамдарын судьялар съезінде қаралуы / Ж. Шөженов // Заң: Республикалық құқықтық, ғылыми-практикалық журнал.- 2009.- №9.- Б.4, 6.

Орыс тіліндегі материалдар
Заболотских, Е.

Врачи за выживание/ Е. Заболотских // Известия.- 2007.- №203.-7ноября.- С.7.
Заболотских, Е.

Не обрекай сироту на казенный кошт/ Е. Заболотских // Известия.- 2007.- №202.-2ноября.- С.18.
Килячков, В.

Конвенция ООН "О правах ребенка"/ В. Килячков // Юридическая газета.- 2007.- №42.-20марта.- С.4.
Назарбаев, Н.

Закон РК.О правах ребенка о РК" /Астана.8августа 2002г N345/ Н Назарбаев // Учитель Казахстана.- 2003.- 5 мая.
Путеводитель по Конвенции "О правах ребенка": В вопросах и ответах // УК.- 2000.- 19мая; 25марта; 31марта; 29апр.22апр.
Садыбеков, Б.

О ювенальной юстиции: [О правах ребенка и подростковой преступности] / Б. Садыбеков // Юридическая газета.- 2007.- №93.-21июня.- С.1, 4.
Самакова, А.

Время больших перемен [Текст]: Юбилей Независимости наша республика отмечает под девизом "20 лет мира и созидания" / А. Самакова // Казахстанская правда: Респуб.газета.- Алматы, 2011.- № 318, 4 октября.- С.1.
Шахаман, Б.

Отцы и дети: [О правах ребенка] / Б. Шахаман // Юридическая газета.- 2006.- 12 апр.- С.4.
Яскевич, Е.

Мнение по поводу прав ребенка/ Е. Яскевич // Юридическая газета.- 2007.- №180.-23ноября.- С.1.

Дайындаған: Искакова Д.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет