5.1.5. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:
жалпы ережелерді;
дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;
жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;
апаттық жағдайдағы ережелерді;
жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1.Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей: ▪ компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуына тыйым салынады;
▪ мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
▪ дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жүмыс істеуге болмайды;
▪ дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
▪ пернетақта үстіне ешқандай заттар қоюға болмайды;
▪ компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
▪ оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
▪ дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының
қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек;
▪ жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтар енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
▪ ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
▪ сыныпқа кірушілермен орыннан тұрмай амандасуға рұқсат
етіледі;
▪ көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
▪ электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.
▪ көз жаттығуларын білу міндетті.