Оқушылардың жұмыс орнын (ОЖО) орналастырудың негізгі нұсқаларын қарап, бағалап көрейік, ол мына тәсілдермен іске асуы мүмкін:
а) қатармен – бұл жағдайда үстелдер дәстүрлі түрде орналастырылады (5.1-сурет, а).
б) ортада орналастыру – ДЭЕМ қойылған екі қатарлы үстелдер кабинеттің ортасына қойылады, экрандар қарама-қарсы орналастырылады (5.1-сурет,б).
в) периметр бойы орналастыру –бұл жағдайда ДЭЕМ қойылған үстелдер кабинет қабырғаларының бойымен орналастырылады (5.1-сурет,в). Орналастырудың бұл нұсқасы санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына неғұрлым сәйкес келеді.
а) Қатармен б) Ортада қарама-қары в) Периметр бойы орналастыру топтап орналастыру орналастыру 5.1-сурет. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру нұсқалары Еңбек қауіпсіздігі тарапынан және жұмыс кезінде жарық түсірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, оңтайлы нұсқасы ЭЕМ тұрған жұмыс үстелдерін периметр бойы орналастыру болып табылады, бұрышта орналасқан екі көршілес үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.
Информатика кабинетінде қатармен орналастыру ұсынылмайды, себебі іс жүзінде ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасына 2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.
ДК және ЕМ пайдаланушылардың бір жұмыс орнына электронды-сәулелі түтік негізінде (бұдан әрі – ЭСТ), соған қоса бой жазу объектілеріне арналған аудан, қатармен орналастырғанда 6 м2 кем емес, ортада және периметр бойымен орналастырғанда – 4 м2, кез келген орналасу кезінде тегіс дискретті экрандар (сұйық кристалды, плазмалы) негізінде ЕТ пайдалану кезінде – 4м2 құрайды
[17]. ОЖО-ны орналастыруда мына санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады:
периметр бойымен орналастыру кезінде мына аралықты сақтаған жөн: терезе ойығы бар қабырға мен ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасы – 0,8 метрден кем болмауы тиіс; терезе ойығына қарама-қарсы қабырғалар жанындағы үстелдер 0,1 метр қашықтықта орнатылуы керек;
оқушылардың кабинеттегі жұмыс орны мұғалімнің және оқушылардың сабақ үстінде жұмыс орнына еркін жетуді қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі қажет.
Оқушылардың ДЭЕМ немесе БДТ тұрған жұмыс үстеліне дұрыс отырғызу – мүшелер мен ағза жүйесінің қалыпты қызмет етуіне, қабырға мен көз қызметінің бұзылуын алдын алуға, денсаулықты және жұмыс қабілеттелігін сақтауға әсер етеді. Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек. Арқа жауырынның төменгі бұрыштары тұсына тіреліп, білек иықтан төмен тік бұрыш жасап, пернетақта орналасқан үстел бетіне тірелуі тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі. Орындықтың ұшы оқушыға қарама-қарсы тұрған үстелдің ұшына 5-7 см-ге кіруі керек. Жіліншік пен жамбас арасында түзілге бұрыш 90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек. Бейнемонитор экраны мен көздің арақашықтығы 60-70 см құрауы қажет.